Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан

 тұрғын үйді жалдауға төлеу бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй азаматтарға жергілікті атқарушы органмен белгіленген төлемақымен тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беріледі.

Павлодар қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 1065/12 қаулысына сәйкес тұрғын үй алаңының 1 ш.м. төлеу мөлшері 17,2 теңгені құрайды.

Аталған Заңның 107-бабына сәйкес жалдаушыны, оның отбасы мүшелерін немесе басқа да бірге тұратын адамдарды егер, олар дәлелдi себептерсiз тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса басқа тұрғын үй бермей шығаруға жол беріледі.

"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысы

 

РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтанқараңыз.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

 

2020.docx

Жалпы ережелер

 

1. Осы жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес белгіленеді.

2. Тәртіпте келесі жалпы түсініктер пайдаланылады:

1) Банк – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы және оның филиалдары;

2) Өтініш беруші – «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» Бағдарламасының бағыты бойынша тұрғын үйді кейіннен сатып алумен жалға алуға өтінім берген Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман мәртебесі бар тұлға;

3) Комиссия - жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылған жас отбасыларға тұрғын үйді беру мәселелерін қарастыру үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары төрағалығымен, тұрғын үйді жүзеге асыру бойынша уәкілетті органның басқарушысы, қоғамдық бірлестіктің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілеттері кіретін комиссия;

4) ЖАО – жергілікті атқарушы орган;

5) Жас отбасы - ерлі-зайыптының екеуінің де жасы жиырма тоғыз жасқа жетпеген отбасы не балаларды (баланы) жиырма тоғыз жасқа жетпеген ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы, оның ішінде ажырасқан, жесір;

6) төлем қабілеттілігін бағалау - тұрғын үйді сатып алуына ұйғарылатын қарызға қарыз алушының уақтылы және толық қызмет көрсету және оны өтеу мүмкіндігін бағалау үшін, сонымен бірге кейінгі қарызды алу үшін жалдау мерзімінде жалға алушы жинақтарды жинастыру мүмкіншілігі үшін Банкпен жүргізетін іс-шаралар кешені;

7) Хабарлама - өтініш берушімен тұрғын үйді алуға қарызды толық және уақытында қайтару мүмкіндікті немесе жалдау мерзімінде кейінгі қарызды алу үшін жинақтарды жинастыру мүмкіндікті растайтын төлем қабілеттілігін бағалау нәтижесінде Банкпен уәкілетті органға жіберілетін хат.

8) Тұрғын үйді іске асыру жөніндегі уәкілетті орган – «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9) Тұрғын үйдің құрылысы бойынша уәкілетті орган – «Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

1.doc

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, тұрғын үйдi қалдық құны бойынша тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бір тұрғын үйді ғана жекешелендіруге құқылы.

Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалдаушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, оның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бiрлескен меншiгiне өтедi.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары құқылы. Тұрғын үй берілген Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мїшелеріне өтеді;
2) 1 және 2-топтағы мүгедектер;

3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе јскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;

4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;

5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығу салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жаралану, контузия алу, мертiгу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;

6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;

7) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер құқылы.

Құжаттарды қабылдау Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, № 508 кабинетте (қабылдау күндері: сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі сағат 14.30-дан 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй азаматтарға жергілікті атқарушы органмен белгіленген төлемақымен тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беріледі.

Павлодар қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 1065/12 қаулысына сәйкес тұрғын үй алаңының 1 ш.м. төлеу мөлшері 17,2 теңгені құрайды.

Аталған Заңның 107-бабына сәйкес жалдаушыны, оның отбасы мүшелерін немесе басқа да бірге тұратын адамдарды егер, олар дәлелдi себептерсiз тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса басқа тұрғын үй бермей шығаруға жол беріледі.