Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдары тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты модернизациялау бағдарламасын бекіту туралы» № 473 қаулысын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  23.06.2011 жылғы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражаттар бөлу туралы» № 693 қаулысына сәйкес, 2011 жылы Бағдарламаны іске асыру екі тетік бойынша жүзеге асырылды:

1 тетік бойынша НК «СПК Павлодар» АҚ  2011-2012 жылдары 15 тұрғын үйлерге жөндеу жүргізілді;

2 тетік бойынша  «Горкомхоз» КМК  2011-2012 жылы 45 тұрғын үйлерге жөндеу жүргізілді, 2013 жылы қайтарылған қаражаттар есебінен 1 тұрғын үйге қосымша жөндеу жүргізілді.

            2 тетік бойынша  "Ертіс Бейнесі" КМК  2012-2013 жылы 26 тұрғын үйлерге жөндеу жүргізілді.

             2014 жылы «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС құрылды және арнайы уәкілетті ұйым болып анықталды.

Кәсіпорын 2011-2020 жылдары ҚР ТҮКШ модернизациялау бағдарламасы бойынша Павлодар қаласының үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастырды.

2015 жылғы 1 қаңтардан  ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы «Аймақтарды 2020 жылдарға дейін дамыту бағдарламасын бекіту туралы» № 728 қаулысы күшіне енді және  ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі «2011-2020 жылдары ҚР ТҮКШ модернизациялау бағдарламасын бекіту туралы» № 473 қаулысының күші жойылды. 2014 жылдан 2015 жыл кезеңі бойынша кәсіпорын 13 үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы «Арнайы уәкілетті ұйымды анықтау туралы» № 1467/21 қаулысына және 2015 жылғы                                 25 желтоқсандағы «Көп пәтерлі тұрғын үйлерді  күрделі жөндеу бойынша  жекелеген түрлерін жүргізуге қатысу туралы шарттардың құқықтары мен міндеттерін тапсыру туралы» № 1657/25 қаулысына сәйкес, «Горкомхоз Модернизация жилья» ЖШС Аймақтарды 2020 жылдарға дейін дамыту бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді.

Өткен кезең үшін 5 тұрғын үйлерге жөндеу жүргізілді, 3 тұрғын үйлер жұмысты аяқтау сатысында.

Қайтарылған қаражаттарға 7 үйлерді жөндеу жоспарланып отыр,  оларды күрделі жөндеуге жобалау сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтті.

 

 

 

Үйлер мекенжайы

Сомасы

Жөндеу жұмыстарының түрлері

1

Гагарин, 89

24 970 789

Шатыр, инженерлік желілер

2

Гагарин, 26

9 557 878

Инженерлік желілер

3

Крупская, 82

10 836 788

Инженерлік желілер

4

Красноярская, 50

12 494 817

Инженерлік  желілер, электрлік  техникалық жұмыстар

5

Катаев, 133

17 549 168

Инженерлік желілер

6

Джамбульская, 3

5 129 988

Инженерлік желілер

7

Муткенов, 53

1 623 963

Кіреберістер

            Тағы 2 үй 2017 жылға арналған қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес республикалық  бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен жөнделетін болады.

 

 

Үйлер мекенжайы

Сомасы

Жөндеу жұмыстарының түрлері

1

Естай, 38

26 666 597

Шатыр, қасбет, қалқандар, терезе және  кіреберіс есіктер мен кіреберістер, электрлік жабдықтар және электрлік  құрылғылар

2

Гагарин, 52

18 864 050

Шатыр, қасбет, инженерлік  желілер, электрлік техникалық  жабдықтар

 

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың

2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 Қаулысы

 

«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

2. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Реслубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қарашадағы № 1146 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Респуликасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 30 сәуірдегі

№ 473 қаулысымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын

жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған

бағдарламасы

 

1. Бағдарламаның паспорты

 

Атауы

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы

 

Әзірлеу үшін

негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялык даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтары

 

Бағдарламаны

әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

 

Мақсаты

Халықтың тұруына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту

 

Міндеттері

1. Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

 

Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

2011 - 2020 жылдар

1-кезең: 2011 - 2015 жылдар

2-кезең: 2016 - 2020 жылдар

 

Нысаналы

индикаторлары

1. 2015 жылға қарай күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінін үлесі 32 %-дан 22 %-ға төмендейді;

2. 2015 жылға қарай жаңғыртылған жүйелердің ұзындығы 31 мыңнан астам км құрайтын болады (осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 24,4 мың км және «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша) 6,7 мың км);

3. 2015 жылығы қарай тұтынушылардың кемінде 50 %-ы және 2020 жылға қарай елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 70 %-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады

 

Қаржыландыру

көздері және көлемі

2011 - 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 1 099 373 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

республикалық бюджет - 533 302 млн. теңге, жергілікті бюджет- 18 109 млн. теңге, кәсіпорындардың қаражаты - 452 406 млн. теңге, азаматтардың қаражаты -95 556 млн. теңге.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңін (2011 - 2015 жылдар) қаржыландыру көлемі 451 034 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: республикалық бюджет - 237 263 млн. теңге; жергілікті бюджет - 6 500 млн. теңге; кәсіпорындардың қаражаты - 184 899 млн. теңге; азаматтардың қаражаты - 22 372 млн. теңге.

Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңін (2016 - 2020 жылдар) қаржыландыру көлемі бірінші кезеңде іске асырудың нәтижелері бойынша белгіленетін болады.

 

 

2. Кіріспе

 

Казақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтарына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама коммуналдық инфрақұрылымға жаңғырту жүргізу үшін шаралар әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз етеді, тұрғын үй қатынасынын оңтайлы моделін құрады, халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ қаржыландырудың әлеуметтік тетіктерін құру арқылы терможаңғыртуды қоса алганда, кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді.

 

 

3. Ағымдағы ахуалды талдау

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі - ТКШ) саласы өзара байланысты екі негізгі элементтен тұрады:

коммуналдық кызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үйлерді (бұдан әрі - КПТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторы;

жылумен, газбен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін желілер мен құрылыстарды (жүйелерді) қамтитын коммуналдық сектор.

 

 

1. Тұрғын үй қоры және тұрғын үй қатынастары

 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - ҚР СА) деректері бойынша республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 270,9 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 263,9 млн. шаршы метр немесе 97,4 % тұрғын үй жеке меншікке тиесілі.

Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) деректері бойынша КПТҮ-ге жататын тұрғын үй қорының 50,1 млн. шаршы метрі немесе 32 % күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3,8 млн. шаршы метр (2 %) бұзылуға жататын, одан әрі пайдалануға жарамсыз авариялык тұрғын үйлер.

ҚР СА-ның деректері бойынша Қазақстандағы тұрғын үй секторы босатылған жылу энергиясының шамамен 40 %-ын тұтынады. Бұл ретте, сараптамалық бағалау бойынша тұрғын ғимараттардағы босқа кеткен жылу ысырабы 30 %-ға жетеді.

2010 жылы жүргізілген зерттеулердің деректері бойынша Қазакстанда ғимараттардағы жылу энергиясының шығыны жылына бір шаршы метр үшін шамамен 240 кВт болады, бұл жылына 1 шаршы метрге 100-120 кВт деген ортаеуропалық көрсеткіштен айтарлықтай төмен.

Бүгінгі күні көп пәтерлі тұрғын үй қорын басқару және күтіп ұстау саласы негізінен пәтер меншік иелерінің кооперативтері (бұдан әрі - ПИК) қызметімен қамтамасыз етіледі, олар бір мезгілде жөндеу жұмыстары мен қызметтерінің тапсырыс беруші және мердігер бола алады, нарықта «монополиялық» жағдайға ие және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу бойынша сапалы қызмет көрсетуге тырыспайды.

Әділет органдарында жылжымайтын мүлік ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кондоминиум объектілерінің пайызы төмен екені байлады. Айталық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінін деректері бойынша тіркелген кондоминиум объектілерінің саны 14687 бірлікті құрайды, бұл кондоминиум объектілерінің жалпы санының 8,5 %-ы болады (172164 бірлік).

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің негізгі проблемалары:

тұрғын үй иелерінің кондоминиум объектісін басқаруда белсенділігінің төмен болуы;

кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметіне пәтер иелерінің қанағаттанбауы;

басқару органдарының қызметінде кондоминиум объектісін басқару және күтіп ұстау функцияларын шоғырландыру;

үйге ортақ мүлікті күрделі жөндеуге ақшалай қаражат жинақтау практикасы әлсіз;

кондоминиум объектілерін басқару органдарына ортақ мүлікті күрделі жөндеуге қол жетімді кредит беру тетіктерінің болмауы;

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару және күтіп үстау жөніндегі қызметтерге төлемдерді жинау деңгейінің төмен болуы;

тұрғын үй көмегін көрсету тетігін пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі;

энергия ресурстарын тұтыну деңгейінің жоғары болуы.

 

 

2. Коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі

 

Жылумен жабдықтау

ҚР СА-ның деректері бойынша екі құбырлық деп есептегенде жылу желілерінің жалпы ұзындығы 11,7 мың км немесе оның 32,6 %-ы немесе 3,8 мың км коммуналдық меншікте, 67,4 %-ы немесе 7,9 мың км жеке меншікте. Бұл ретте желілердің жалпы ұзындығының 63 %-ы ауыстыруды және жөндеуді талап етеді.

Жылу желілері қатты тозғандықтан жылу энергиясы ысырабының артуына алып келеді, ол 2009 жылы ҚР СА-ның деректері бойынша 11,6 млн. Гкал немесе босатылған жылу энергиясының жалпы санының 17,5 %-ын құрады.

Жылумен жабдықтау жүйесі есептеу құралдарымен қамтамасыз етудің өте төменгі деңгейімен сипатталады. Сарапшылардың бағалауы бойынша оларға жалпы қажеттілік 45,8 мың бірлікті кұрайды, 23,3 мың бірлік есептеу құралы орнатылған. Тиісті деңгейде есепке алу болмағандықтан, жылу энергиясының нақты шығындары мен тұтыну деңгейін анықтау мүмкін емес.

Шамамен жылу энергиясының 30 %-ын қуаты 100 Г кал/сағ. кем шағын қазандықтар өндіреді. Осы жылу көздері шамамен 60 % пайдалы әсер ету коэффициентімен және отынның жоғарғы үлестік шығыстарымен сипатталады, бұл жылына шартты отынның 645 300 тоннасын немесе 1,75 млрд. теңгені артығымен жұмсауға, сондай-ақ қоршаған ортаға қосымша зиянды заттар шығаруға алып келеді.

Электрмен жабдықтау

Электрмен жабдықтау саласында барлық коммуналдық сектордың ішінен жөндеуді талап ететін желілердің үлесі өте жоғары. Айталық, 10/0,4 кВ электр желілерінің жалпы ұзындығы республика бойынша 199,5 мың км кұрайды, 73 % немесе 145,6 мың км жөндеуді талап етеді. Бұдан басқа, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялар, электр беру желілері, үйдің ішіндегі таратушы қондырғылар мен желілер жөндеуді талап етеді.

Электрмен жабдықтау саласында есептеу құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі коммуналдық шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда мейлінше жоғары (88,5 %), олардың көпшілігі дәл есептеу сыныбы төмен ескі үлгіде.

Жұмыс істеп тұрғаң электр жабдықтарының (трансформаторлық қосалқы станциялардың, үйдің ішіндегі тарату құрылғыларының, желілердің) технологиялық артта қалуы, сондай-ақ олардың энергетикалық тиімділігінің төмен болуы электр энергиясының техникалық және коммерциялық ысырабыңа себеп болып табылады, бұл жаңа технологияларды (энергетикалық тиімді жабдықтарды, аспалы оқшауланған сымды, ресурстар мен энергияны есепке алатын автоматтандырылган жүйелерді) жеткілікті қолданбаудың салдары болып табылады.

Газбен жабдықтау

Газ желілерінің жалпы ұзындығы тұтастай республика бойынша 27,3 мың км болады, соның 33,7 %-ы (9,2 мың км) коммуналдық меншікте, 66,3 %-ы (18,1 км) жеке меншікте. Бұл ретте желілердің жалпы ұзындығының 54 %-ы аустыруды және жөндеуді талап етеді.

ҚР СА-ның деректері бойынша 2009 жылы республика бойынша 594 елді мекен табиғи газбен газдандырылды, бұл елді мекендердің жалпы санының 8,3 %-ы (7152), 16 елді мекен сұйытылған газбен газдандырылды, бұл елді мекендердің жалпы саныңың 0,2 %-ы болады.

Газбен жабдықтау жүйесінде тұтынылған қызметтерді есепке алу толық көлемде жүргізілмей отырғанын атап өткен жөн. 90-шы жылдарда орнатылған есептеу құралдары негізіңен сертификатталмаған және дәл есептеу талаптарына сәйкес келмейді.

Газ бөлу жүйелеріңің қызметін инспекциялау жүйесі жолға қойылмаған және газ бөлу қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілмейді.

Көп қабатты (2 қабаттан артық) үйлерде баллондағы газды пайдалану практикасын пайдалануды тездетіп шешу талап етіледі, бұған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің талаптары бойынша үзілді-кесілді жол берілмейді.

Коммуналдық инфрақұрылымдағы негізгі проблемалар:

инженерлік желілер мен құрылғылардың қатты тозуы;

ресурстарды тұтынуды есептеу құралдарымен қамтамасыз етудің төмен деңгейде болуы;

саланың технологиялық жағынан артта қалуы, оның ішінде инновациялық энергия мен ресурс үнемдеу технологиялары мен іс-шараларын қолдану практикасының әлсіз болуы;

желілер мен құрылғыларды қайта жаңарту жөніндегі жобаларды бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру көлемінің жеткіліксіз болуы.

 

 

3. Саланы мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

 

ТКШ-тің нормативтік-техникалық базасында шамамен 169 нормативтік-техникалық құжат (бұдан әрі - НТҚ) бар. Бүгінгі күні осы құжаттар секторды қазіргі заманғы технологиялық дамытудың талаптарына толық сәйкес келмейді және энергетикалық тиімділікті арттыруға, үлестік пайдалану шығындарын темендетуге, инновациялық технологияларды енгізуге ынталандырмайды.

ТКШ саласындағы мемлекеттік реттеуді талдау тұрғын және қоғамдық ғимараттардың пайдалану сипаттамаларының бұрынғы Кеңес Одағы кезеңінде әзірленген қолданыстағы нормалары осы заманғы энергия үнемдеу стандарттарына сай келмейтінін куәландырады.

 

 

4. ТКШ-дегі ағымдағы жағдайдың күшті және әлсіз жақтарын талдау

 

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Қауіптер (тәуекелдер)

Мүмкіндіктер

республика халқының тұрғын үймен қамтамасыз етілудің жоғары деңгейі

КПТҮ-ді тиісті күтіп ұстау мен пайдалануға бақылау әлсіз

КПТҮ қатты тозған

КПТҮ-ді жөндеу жөнінде іс- шаралар жүргізу

коммуналдық желілер мен объектілер жүйесін дамыту

инженерлік желілер мен объектілердің қатты тозуы

коммуналдық желілер мен объектілердегі апатты жағдайдың және ысыраптың одан әрі өсуі

инженерлік желілер мен объектілерге жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу

ТКШ саласын шикізат базасымен қамтамасыз етуді дамыту

қолда бар ресурстарды ұтымсыз пайдалану және ысыраптың жоғары деңгейі

халық үшін тарифтердің артуы

энергия және ресурс үнемдейтін іс- шаралар жүргізу

мемлекет тарапынан ТКШ саласын қолдау

тиімді және дәл жоспарлаудың болмауы

ТКШ саласындағы бағдарламалар бойынша республикалық бюджетті севкестрлеу

ТКШ саласын қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу

электрмен жабдықтауда сараланған тарифтерді колдану практикасының болуы

5 және одан көп жылдарға ұзақ мерзімді тарифтердің болмауы

реттелмеген тарифтер нәтижесінде ТКШ саласының бәсекеге қабілетінің

ТКШ-тің басқа салаларында ұзақ мерзімді және сараланған тарифтерді қолдану

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Қауіптер (тәуекелдер)

Мүмкіндіктер

 

 

төмендеуі

мүмкіндігі

ТКШ саласы үшін тауарлар өндіретін отандық кәсіпорындардың болуы

ТКШ саласының бәсекеге қабілетінің төменгі деңгейі, әлсіз материалдық- техникалық база, қажетті технологиялар трансфертінің болмауы

технологияларды практикада қолдану мүмкін еместігінің ықтималдығы

ғылыми зерттеулер жүргізу және конструкторлық әзірлемелер, ТКШ саласында инновациялық технологиялар трансферті, отандық өндірісті ынталандыру жөніндегі шетелдік тәжірибені пайдалану

аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тетігінің болуы

кондоминиум объектілерін күрделі жөндеуге тұрғын үй көмегін көрсету тетігінің болмауы

қаржыландырмау

кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге тұрғын үй көмегін бөлу

 

5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қазақстандық қамтуды талдау

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2009 жылғы деректері және сыртқы сауда көрсеткіштері бойынша отандық тауарлар өндірісінің жай-күйін талдау ішкі нарықта тауарлардың бәсекеге қабілетінің жоғары емес екенін көрсетеді.

 

Көрсеткіш

Мәні, млн. теңге

Үлесі, %

ТКШ саласында қолданылатын өнімдердің тауар айналымы, оның ішінде:

280 548,8

 

экспорт

62 456

22,3 %

импорт, оның ішінде

218 092,8

77,7 %

Ресейден

76 878,5

35,2 %

Қытайдан

31 861

14,6 %

 

Сондай-ақ коммуналдық сектор саласы үшін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің өндірісінде қазақстандық қамтудың үлесін арттыру бойынша әлеуеттің бар екенін атап өткен жөн.

 

 

6. Шетелдік оң тәжірибеге шолу

 

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді мемлекеттік және жеке секторлардың аясында ұйымдастырудың бай тәжірибесі жинақталған.

Шығыс Еуропа елдерінің көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару жөніндегі тәжірибесі тұрғын үй иелері тұрғын үй иелерінің серіктестіктеріне (бұдан әрі -ТИС) бірігетінін (ТИС - қазақстандық ПИК ұқсасы) және конкурстық негізде кәсіптік сервистік компанияны тартатынын, олар тұрғын үйді күтіп ұстаумен және пайдаланумен байланысты жұмыстардың барлық түрлерін орындайтынын көрсетеді. ТИС тек орындалған жұмыстарға мониторинг және бақылау жүргізеді. Көрсетілген қызметтердің сапасы қанағаттанғысыз болған жағдайда басқа сервистік компанияны жұмысқа шақыру туралы шешім қабылдайды.

Әлемдік практикада мемлекеттік жеке-меншік әріптестік (бұдан әрі -МЖӘ) бойынша айрықша табысты тәжірибе, кеңінен қолдану және ТКШ саласында МЖК нысандарын дамытудың жоғарғы деңгейі, әдеттегідей, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің жоғары дамыған елдерінде байқалады. Ал перспективалы экономикалық көшбасшыларға (Қытай, Үндістан, Ресей, Бразилия және т. б.), сондай-ақ бұрынғы кеңестік кеңістіктегі көптеген елдеріне қатысты айтатын болсақ, олар әлі де болса МЖӘ нысандарын дамыту тәжірибесі бойынша, қолданылу аясы бойынша да едәуір артта қалған.

Шетелдік тәжірибе тұрғын үй-коммуналдық саладағы МЖӘ дамытудың келесі бағытын көрсетеді:

тұрғын үй қорын ұйымдастыру және пайдалану (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Швеция, Австрия);

тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету: жөндеу қызметтері, аулалық аймақтарды абаттандыру, жинау, тұрмыстық қалдықтарды жою және қайта өңдеу (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Канада, Швеция, Австрия);

жинау жұмыстары, көгалдандыру (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Австрия, Германия, Бельгия, Канада);

көліктік қызмет көрсету (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Швеция, Австрия);

жолдарды жөндеу және күтіп ұстау (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Латын Америкасы елдері, Австрия).

Назарға алатын бір жайт, дамыған елдерде коммуналдық инфрақұрылымдарды мемлекеттік реттеу жойылмаған, сонымен бірге ТКШ-ның қандай да бір саласына арнайы қажеттілік әсерімен терең эволюцияны бастан өткізген.

Батыс және Шығыс Еуропа елдерінде тұрғын үй секторында мамандандырылған қаржы институттарын құру арқылы кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жендеу жүргізу (жаңғырту) бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелерін мемлекеттік қолдау жөнінде бірқатар шараларды іске асырылды, олар көп пәтерлі тұрғын үйлерді жаңғыртуға және жалға берілетін муниципалдық тұрғын үй қорын арттыруға кредиттер мен субсидиялар береді.

Осы елдерде қабылданған мемлекеттік бағдарламалар жергілікті билік органдарын, тұрғын үй иелері мен оларды жалдаушыларды тарту арқылы тұрғын үй қорының энергетикалық тиімділігін арттыруға арналған.

 

 

7. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

 

Қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететін коммуналдық саладағы объектілерге жылыту объектілері: қазандықтар, жылу орталықтары, тазарту құрылыстары, сырқынды суды жасанды-биологиялық тазарту құрылғылары жатады, жаңа объектілерді жобалаған немесе қолданыстағы объектілерді қайта жаңартқан кезде «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бар жұмыс жобалары пайдаланылады, олар әзірленуіне қарай және жоспарлар іске асырылатын жерде мемлекеттік экологиялық сараптамадан міндетті турде өтеді.

Энергиямен үнемдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу электр және жылу энергияларының қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған отынның шығыстарын едэуір қысқартады. Жылу және электр энергиясының көздерін, жылу және электр желілерін жаңғырту және қайта жаңарту жаңа энергия үнемдейтін технологияларды пайдалану арқылы жүргізіледі, бұл өнімнің бірлігіне шаққанда парниктік газдарды атмосфераға шығаруды төмендетеді.

 

 

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

 

жылдар

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Мақсат. «Халықтың тұруына инфрақұрылымның жағдайын қолайлы жағдайды қамтамасыз ету жақсарту» және коммуналдық

1-міндет. «Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру»

Нысаналы индикатор - жауапты орындаушылар ҚТКШІА және ЖАО

нәтижелер көрсеткіштері

2015 жылға қарай күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 32 %-дан 22 %-ға төмендейді, %

32

28

25

22

20

18

16

14

13

12

тұрғын үй қорын нормативтік пайдалануды дербес

68

72

75

78

80

82

84

86

87

88

жылдар

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

қамтамасыз ететін кондоминиум объектілерінің үлесі, %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тұрғын үй қорын жаңғыртуға бағытталған бюджеттен тыс көздер қаражатының үлесі, %

19,3

21,4

 

31,6

40,4

42,3

45,0

47,2

48,5

50,0

2-міндет. «Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту»

Нысаналы индикатор - жауапты орындаушылар ҚТКІША, ЖАО, «КЕГОК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ (келісім бойынша)

нәтижелер көрсеткіштері

 

2015 жылға қарай жаңғыртылған жүйелердің ұзындығы 31 мыңнан астам км құрайтын болады (осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 24,4 мың км және «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша) 6,7 мың км), мың км

2,3

4,8

8,2

9,1

9,7

12,3

14,7

17,1

18,4

20,7

Нысаналы индикатор - жауапты орындаушылар ҚТКШІА және ЖАО

нәтижелер көрсеткіштері

 

Жөндеуді талап ететін желілердің үлесі: (%)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жылумен жабдықтау

63

61

58

55

52

50

47

45

43

40

электрмен жабдықтау

73

71

70

68

66

63

61

58

55

53

газбен жабдыцтау

54

53

52

51

50

48

45

43

41

38

2015 жылға қарай елдің әр өңіріндегі

40

45

47

50

52

56

60

65

70

75

жылдар

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

тұтынушылардың кемінде 50 %-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына

қанағаттанады, %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

 

Бағдарламаны іске асыру белгіленген міндеттер бөлінісінде екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:

1-кезең: 2011 -2015 жылдар

2-кезең: 2016 - 2020 жылдар Бағдарламада мынадай іс-шаралар іске асырылады:

1) тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру

2) коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

 

 

1. Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру

 

2011 жылы сервистік компанияларды тарта отырып, кондоминиум объектілерін басқару, күтіп ұстау және күрделі жөндеу жөніндегі «пилоттық» жобаларды іске асыру;

2011 жылы кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуді қайтарымды қаржыландырудың жаңа тетіктерді әзірлеу және енгізу;

2012 - 2015 жылдары азаматтардың жинак жүйесін және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді пайдалану жолымен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуді қаржыландыру тетіктерін іске асыру.

Тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделі дегеніміз тұрғын үй қатынастары саласында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару мен күтіп ұстау функцияларын кондоминиум объектілерін басқару органдары мен сервистік компаниялардың арасында бөлуге жағдай жасау, сондай-ақ кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге қолжетімді кредит беру тетігін жасау деп түсіндіріледі.

Осы міндеттерді іске асыру үшін мынадай шаралар қабылдау қажет:

1) азаматтардың міндетті қаражат жинақтау жүйесін және тұрғын үй көмегін көрсету тетігін пайдалануды қоса алғанда, арнайы қаржы құралдарын пайдаланып, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу.

2) тұрғын үй қатынастарының жаңа моделін енгізу жөніндегі «пилоттық» жобаларды іске асыру.

3) мамандандырылған қаржы ұйымын кұру.

Әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде кондоминиум объектісін басқару функциясын кондоминиум объектілерін басқару органдарына, ал күтіп ұстау функциясын сервистік компанияларға заңнаманың түрде бекітіп беру көзделген.

Кондоминиум объектісін күтіп ұстауды кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану, ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу үшін кондоминиум объектісін басқару органымен шарттың негізінде сервистік компаниялар іске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың жиынтығы деп түсіну қажет.

Қазақстанның жекелеген қалаларында жаңа схеманы сынақтан өткізу мақсатында шарттық негізде сервистік компандарды тарта отырып, көп пәтерлі тұрғын үй қорын күтіп ұстау жөніндегі «пилоттық» жоба іске асырылатын болады.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеу үйдің едендерін, қабырғаларын, шатырларын жылылау есебінен ғимараттың қоршау конструкцияларының жылу-техникалық сипаттамасын жақсарту жөніндегі құрылыс жұмыстары түріндегі терможаңғырту элементтерін қамтуға тиіс. Ғимаратты терможаңғырту жөніндегі кешенді жұмыстар кезінде қосымша тұтынылатын жылуды есепке алудың және реттеудің автоматтандырылған жүйесі қосымша орнатылады.

Терможаңғырту элементтерімен ағымдағы жөндеу жүргізу нәтижесінде 10 пайызға дейін, ал күрделі жөндеу жүргізу нэтижесінде - 30 пайызға дейін тұтынылатын жылуды үнемдеуге қол жеткізіледі.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуге тиіс.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеруді ұйымдастырады және кондоминиум объектісіне жүргізілетің күрделі жөндеудің тізбесі мен кезегін айқындайды.

Үй-жай (пәтер) иесі жалпы жиналыста берілген тізбе мен кезекке сәйкес жөндеудің түрін анықтайды не коңдоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеу мынадай екі тетік бойынша жүргізілетін болады.

1-тетік.

Республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер бөлінеді, олар мамандандырылған өңірлік ұйымдарды -әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі - ӘКК) капиталдандыруға жұмсалатын болады.

Кондоминиум объектісін басқару органы, мердігер, ӘКК мен үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативтері арасында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге шарт жасалады.

Кондоминиум объектісінің үй-жай (пәтер) иелері жалпы жиналыста сервистік компанияларды таңдайды.

Кондоминиум объектісін басқару органы жөндеудің жалпы құнының 15 пайызы мөлшерінде үй-жай (пәтер) иелері бастапқы жарна жинақтауы үшін кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банктерден жинақ шотын ашады.

Шартта белгіленген мерзімі ішінде үй-жай (пәтер) иелері екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шотына ай сайынғы жарналарды енгізеді.

Осы қаражатты кондоминиум объектісін басқару органы мердігерлер орындаған жөндеу жұмыстарына ақы төлеуге пайдаланады.

ӘКК сервистік компанияға жұмыстың жалпы құнының 85 пайызын төлейді.

Бірлесіп қаржыландыру есебінен мердігер үйді жөндеу жөніндегі жұмыстың барлық көлемін орындайды.

Жинақталған қаражат екінші деңгейдегі банктің шотынан қаражат орындалған жұмыстардың төлемі ретінде ӘКК-ке аударылады, қаражатты одан әрі ӘКК басқа үйлерді жөндеуге жұмсайды.

Перспективада ӘКК-нің рөлін екінші деңгейдегі банктер, халықаралық қаржы институттары атқаратын болады.

2-тетік.

Республикалық бюджеттен ЖАО-ға жылына 0,1 % ставкамен 7 жылға кредит бөлінетін болады.

Облыстың ЖАО облыстық маңызы бар қаланың (ауданның) ЖАО-ға кредит береді.

Облыстық маңызы бар қаланың (ауданның) ЖАО-сы мемлекеттің қатысумен мамандандырылған уәкілетті ұйым құрады немесе осындай жұмыс істеп жатқан ұйымдарды тартады.

2011 - 2012 жылдары облыстық маңызы бар қаланың (ауданның) ЖАО-сы мамандандырылған уәкілетті ұйымды капиталдандырады. Содан кейінгі жылдарға ЖАО оған кредит береді.

Тапсырысшы болып табылатын кондоминиум объектісін басқару органы мен бас мердігер болып табылатын мамандандырылған уәкілетті ұйым арасында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге шарт жасалады.

Үй-жай (пәтер) иелерінің жалпы жиналысының келісімі бойынша мамандандырылған уәкілетті ұйым жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосалқы мердігерлерді таңдайды.

Мамандандырылған уәкілетті ұйым өз күшімен және (немесе) қосалқы мердігерлерді тарта отырып, ортақ мүлікті жөндеудің әр түрін жүргізеді.

Кондоминиум объектісін басқару органы жөндеудің жалпы құнының 15 пайызы мелшерінде үй-жай (пәтер) иелері бастапқы жарна жинақтауы үшін кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банктерден жинақ шотын ашады.

Осы қаражатты кондоминиум объектісін басқару органы мамандандырылған уәкілетті ұйым орындаған жөндеу жұмыстарына ақы төлеуге пайдаланады.

Шартта белгіленген мерзім ішінде үй-жай (пәтер) иелері екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шотына ай сайынғы жарналарды енгізеді.

Жинақталған қаражат екінші деңгейдегі банктің шотынан мамандандырылған уәкілетті ұйымға орындаған жұмыстарға бөліп-бөліп ақы төлеуге аударылады.

Тұрғындарға қайтарған соманы мамандандырылған уәкілетті ұйым басқа кондоминиум объектілерін жөндеуге пайданалады.

Перспективада мамандандырылған уәкілетті ұйымның рөлін кәсіпкерлік құрылымдар алады.

Көрсетілген тетіктер бойынша кондоминиум объектісін басқару органы үшін кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу, кондоминиум объектісін басқару органының екінші деңгейдегі банктерде жинақ шотының болуы және осы шотта жоба құнының 15 %-нан кем емес сомада жинақтың болуы шарттың міндетті талабы болып табылады.

Осы мақсаттарда заңнамалық түрде үй-жай (пәтер) иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін болашақта алда тұрған күрделі жөндеуге кондоминиум объектілерін басқару органдарының екінші деңгейдегі банктердегі шоттарына міндетті түрде ақшалай қаражат жинақтауы енгізілетін болады.

2011 жылы кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асырған кезде екінші деңгейдегі банктердің шотында жоба құнының 15 %-нан кем емес сомада жинақтың болуы туралы талап қажет емес.

Бұл ретте, үй-жай (пәтер) иелерінің жалпы жиналысы мынадай шешімдерді бекітуге тиіс:

екінші денгейдегі банктердің шотында ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы;

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығыстардың сметасын бекіту туралы;

әрбір үй-жайға (пәтерге) жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жұмсалатын шығыстардың сметасын бекіту туралы, ол жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын (немесе) тұрғын емес пайдалы алаңның осы кондоминиум объектісіндегі барлық тұрғын пайдалы алаңның және барлық тұрғын емес алаңның сомасына қатынасы бойынша анықталады;

мамандандырылған өңірлік ұйым төлеген немесе мамандандырылған уәкілетті ұйым орындаған жөндеу жұмыстарына төлемақының кестесі мен әрбір үй-жай (пәтер) бойынша ай сайынғы жарналарды бекіту туралы.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (ненесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

Аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) дегенді Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар деп түсіну қажет.

Осы бағытта үй-жай (пәтер) иелерінің қаражатын жинақтау және ортақ мүлікті күрделі жөндеуге салу қажеттілігі туралы кең ауқымда түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылатын болады.

Ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізу шарттарының бірі олардың жылу-техникалық сипаттамаларын жақсарту болып табылады. Ол үшін міндетті түрде энергетикалық паспорттар бере және энергиямен жабдықтау жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, кондоминиум объектілеріне жаппай энергетикалық тексеру жүргізу жоспарланып отыр, кейін көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу бойынша өңірлік жоспарлар жасалады.

Тұрғын үй секторындағы энергия үнемдеу мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Тұрғын үй секторының энергетикалық тиімділігін арттыру үшін мынадай міндеттерді заңнамалық тұрғыдан шешу қажет:

1) энергия үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті артыру жөніндегі талаптарды әзірлеу және оларды ғимараттарды қайта жаңарту, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға енгізуді қамтамасыз ету;

2) ғимараттарды салған, қайта жаңартқан және іске қосқан кезде энергия үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті артыру жөніндегі талаптарға сәулет-құрылыс бақылауын күшейту;

3) үйге ортақ есептеу құралдарын және жылуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін жаппай орнатуды қамтамасыз ету;

4) кондоминиум объектілерінде жаппай энергетикалық аудит және терможаңғырту жүргізу;

5) энергия үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті артыру жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың меншік иелерін мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту.

Осы міндеттерді үлгілік көп пәтерлі тұрғын үйлерді үлгілік терможаңғыртудың жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, субсидиялау тетігін жасау, мемлекеттің көп пәтерлі тұрғын үйлерді терможаңғырту жөніндегі жобаларға кредит беру, үйге ортақ есептеу құралдары мен жылуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін сатып алу және орнату әзірлеу арқылы шешуге болады.

Ресурс үнемдеу проблемасын шешу мақсатында және пәтер (үй-жай) меншік иелерінің тұрғын үй қорын терможаңғырту үдерісіне тарту үшін халықтың арасында энергия үнемдеуді насихаттау жөнінде іс-шаралар жүргізу қажет.

Халықтың арасында энергия үнемдеуді насихаттау Бағдарламаны табысты іске асырудың негізі болып табылады және мынадай негізгі іс-шараларды қамтиды: ағартушылық және арнайы әдебиетті тираждау және тарату, өңірлік семинарлар, көрмелер және конференциялар ұйымдастыру, бұқаралық акдарат құралдары арқылы қоғамдық акциялар мен жарнамалық науқандар өткізу.

Осының нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйге өзінің жеке меншік тұрғын үй ретінде иелік ету қатынасы және энергияны үнемдеу қатынасы қалыптасуға тиіс.

 

 

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

 

2011 жылы халықаралық қаржы институттарын және екінші деңгейдегі банктерді тарта отырып, коммуналдық сектордағы жобаларды бірлесіп қаржыландырудың арнайы құралдарын әзірлеу;

2011 жылы ақпараттық-талдау жүйесін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу;

2011 жылы жылумен жабдықтау саласындағы 18 базалық субъектінің инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс істеуге көшуі;

2011 жылы ТКШ саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және білімді тарату жүйесін қүру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2011 жылы ТКШ өзгешелігі бойынша: «Инженерлік желілер мен жүйелер» деген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім мамандықтарының жіктеуішін енгізу;

2011 - 2015 жылдары ТКШ-тегі нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

2012 жылы жаңа құрылыс салған кезде қоқысты жинау жөніндегі жерасты контейнерлерді енгізуге бағытталған қоқысты бөлек әкету жүйесін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2014 жылы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларға өткен табиғи монополия субъектілерінің желілеріндегі нормативтен артық ысыраптарды жойылады;

2012 - 2014 жылдары ТКШ саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу.

Қолданыстағы инженерлік желілер мен объектілерге жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу үшін мынадай іс-шаралар кешенін іске асыру қажет:

1) инженерлік желілер мен объектілердің техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу;

2) бағалау нәтижелерінің негізінде инвестициялық негіздемелер әзірлеу;

3) коммуналдық қалдықтарды басқаруды жетілдіру;

4) коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қаржыландырудың арнайы құралдарын жасау;

5) ғылыми-техникалық дамыту;

6) нормативтік-техникалық құжаттаманы дамыту;

7) кадрлық қамтамасыз ету.

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін инженерлік желілер мен объектілердің техникалық жай-күйіне тұрақты бағалау жүргізу қажет, оның нәтижесінде объектілерді пайдалану немесе күрделі жөндеу мүмкіндігі туралы қорытынды (техникалық есеп) және тұжырымдар, олардың сенімділігін арттыру бойынша ұсынымдар жасалады.

Инженерлік желілер мен объектілердің техникалық жай-күйіне жүргізілген бағалаудың негізінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестициялық негіздеме әзірлеу жүргізіледі.

Республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдар өтінім берген коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жобаларды іріктеу инвестициялық негіздемелердің деректеріне сәйкес жүргізілетін болады.

Бағдарламада коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын қаржыландырудың мынадай қағидаттары белгіленген:

қайта жаңарту мынадай жолмен жүргізілуге тиіс:

1) табиғи монополия субъектілерін орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларға өткізе отырып тарифтік реттеу;

2) мемлекеттік меншіктегі объектілер үшін бюджеттік қаражат бөлу, сонымен бірге табиғи монополия субъектілерін (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар) тарифтік реттеуді жүргізу;

халықтың коммуналдық қызметтерге қол жеткізуін арттыру үшін жаңа инженерлік желілер салу бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртудың тиімді және негізгі аспектілерінің бірі жүргізіліп жатқан тарифтік саясаттың озық кдаалдарын қолдану болып табылады.

Оған инвестициялық (орта және ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополия субъектілерінің санын іс жүзінде арттыра отырып, инвестициялық тарифтерді қолдану жатады.

Инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополия субъектілерінің санын арттыру мүмкіндігін іске асыру үшін мыналар қамтамасыз етіледі:

1) тарифтік кірістер есебінен және заемдық қаражатты мейілінше аз тарта отырып, жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін ннвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қажетті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында негізгі қаражатқа кезең-кезеңмен (үш-төрт жылда бір рет) қайта бағалау жүргізу;

2) жабдықтарды ауыстыра, жаңа техникалар мен технологияларды енгізе отырып, инженерлік желілер мен құрылғыларды жаңғыртуға және қайта жаңартуға арналаған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту;

3) реттелетін қызметтерге инвестициялық тарифтер (орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге) бекіту;

4) реттелетін қызметтерге бір мезгілде тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін республиканың барлық өңірлерінде табиғи монополия субъектілерінің, ең алдымен - базалық субъектілердің (2015 жылға қарай міндетті көшуіне орай) инвестициялық тарифтерге көшуі бойынша кесте әзірленетін болады.

Электр энергиясын беру және тарату секторында 2011 жылы 24 базалық ӘЭК инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс істейді, бұл тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдығын камтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы 2011 - 2020 жылдар ішінде тарифтік кірістер есебінен электр энергиясын беру және тарату секторында шамамен 271 млрд. теңгені инвестициялау жоспарланып отыр.

Жабдықтарды ауыстыру, трансформаторлық қосалқы станциялардың қуатын, электр беру желілерінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі іс-шаралардан басқа басым және экономикалық тиімді іс-шаралардың бірі ретінде электрлік желілік компаниялардың тұрмыстық деңгейде электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) енгізуін көздейді.

ЭКЕАЖ енгізу ақпаратты жинау, беру және өңдеу женіндегі еңбек шығындарын біршама төмендетеді, электр энергиясын тұтынуға жедел бақылауды және диспетчерлік кестенің жүктемесін орындауды қамтамасыз етеді, техникалық ысырапты қысқартады.

Жылу энергиясы секторында 2011 жылдың соңына дейін 18 базалық субъект инвестициялық тарифтер бойынша жұмыстар жасайды деп болжанып отыр, 2010 жылы 8 базалық субъект инвестициялық тарифтермен жұмыс жүргізген. Бұл ретте, 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңдердегі инвестицияның көлемі тарифтер есебінен 140 млрд. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.

Жылу-энергетика саласындағы табиғи монополия субъектілері іске асыратын, қызмет көрсету сапасын, қызмет мерзімін арттыратын және энергияның ысырап деңгейін төмендететін басым іс-шаралар шеңберінде қызмет мерзімі аяқталған құбырларды алдын ала оқшауланған құбырларға ауыстыру көзделіп отыр.

Газбен жабдықтау секторында 2011 - 2020 жылдардың ішінде тарифтердің есебінен шамамен 41 млрд. теңгені инвестициялау жоспарланып отыр.

Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық тарифтермен жұмыс істеуге көшуі тұтынушылар үшін тарифтердің түрақтылығы мен болжамдығы, активтерді жаңғыртуға инвестициялар салу есебінен қызметтердің сапасын көтеру, желілердегі нормативтерден артық ысыраптарды жою, техникалық ысыраптарды төмендету қамтамасыз етіледі.

Өз кезегінде, нормативтерден артық ысыраптарды нормативтік-техникалық оңтайландыру және жою қаржылық қаражатты босатып алуға және коммуналдық секторды дамыту үшін қаржыландыру көздерін құруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні нормативтік ысыраптардың деңгейі жыл сайын 1 - 2 % төмендеп отыр. Заңнамада 2014 жылдың соңына дейін нормативтерден артық ысыраптарды толық жою кезделген.

Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды іске асыруына мониторинг жүргізу жалғасатын болады. Жүргізілген мониторинг шеңберінде есептерді қарау, сондай-ақ бақылау іс-шараларын өткізу қызметтерді тұтынушылардан, инвестициялық бағдарламаларды іске асырудан алынған қаражатты мақсатты пайдалануына кепілдікті қамтамасыз етеді.

Табиғи монополия субъектілері инвестициялық бағдарламаларды орындамаған жағдайда оларға табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада көзделген мынадай ықпал ету шаралар қолданылады: реттелетін қызметтерге арналған тарифтерді уақытша төмендету және әкімшілік айыппұл.

Тарифтер өсуінің инфляция деңгейіне әсерін төмендету, сондай-ақ электр экономикасын үнемдеуді ынталандыру үшін тұтынушылардың топтары бойынша және тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифтерді қолдану практикасы жалғасатын болады.

Тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтерді енгізу коммуналдық сектор кәсіпорындарының табыстылығын арттыруға және тиісінше жаңғыртуға қаражат жуллсауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, топтар бойынша сараланған тарифтерді енгізгенге дейін міндетті түрде аралас салаларда шығарылатын өнімдердің өзіндік құнына олардағы өзгерістердің әсеріне талдау жүргізіледі.

Өңірлердің арасында республикалық бюджеттің қаражатын бөлу кәсіпорындар-қызмет көрсетушілер жоспарлаған инвестицияларға тепе-тең мөлшерде жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен қаражат бөлудің міндетті шарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасына сәйкес әрбір жобаның құнына байланысты жергілікті бюджетті қоса қаржыландыру болады.

Іс-шаралардың жекелеген кешені ретінде қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі - ҚТҚ) басқару және өңдеу саласын дамытуды қарастыру қажет. ҚТҚ басқарудың перспективалы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі кейінңен қалдықтарды толық қайта өңдей отырып, ҚТҚ түзілген жерлерде оларды бөлек жинауды ұйымдастыру болып табылады.

Қолданыстағы табысты шетелдік тәжірибені қолдана отырып, елдің 2 - 3 ірі қаласында қоқысты бөлек жинайтын технологияны енгізу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Қоқысты бөлек жинауды дамытудың ойдағыдай болуы, әлбетте ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасымен айқындалады. ЖАО қоқысты бөлек жинауды түсіндіру және насихаттау жөнінде халықпен жұмыс жүргізгені жөн.

Қоқысты болек жинайтын жүйені енгізу үшін ЖАО коммуналдық қылдықтарды басқару саласындағы кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру үшін оларды қаржылық қолдау мүмкіндігін қарастыруы қажет.

Коммуналдық кәсіпорындардың «ұзақ мерзімді» және «арзан» қарыздарға қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған қаржы ұйымын құру мүмкіндігі қарастырылатын болады, олардың негізгі мақсаты қаржы қаражатын шоғырландыру және коммуналдық сектордағы жобаларды қайтарымды негізде қаржыландыру (қоса қаржыландыру) болып табылады.

Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету үшін тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызмет инфрақұрылымы жай-күйінің тұрақты жаңартылатын көрсеткіштері бар ақпараттық-талдамалық жүйе құру қажет, ол объектілердің жай-күйіне мониторинг жүргізуді және жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық-талдау жүйесін құру саланы одан әрі дамыту нұсқалары мен әлеуетін модельдеуге, қажетті ресурстар көлеміне бағалау жүргізуге және іске асырылатын іс-шаралардың тиімділігіне болжамдар жасауға мүмкіндік береді.

Қолға алынған елді индустриялық-инновациялық дамыту бағытын ескере отырып, коммуналдық секторды дамыту ТКШ-те жүйелі түрде жаңа технологиялар әзірлеу және енгізуді талап етеді. Осыған орай ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу қажет.

Секторды технологиялық дамыту үшін 5-10 жылда кемінде бір рет барлық нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарау қажет, бұл жыл сайын 20 нормативтік-техникалық құжатты қайта қарауды және бекітуді көздейді. Нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу мен жетілдірудің негізгі мақсатының бірі ТКШ-ге ресурс және энергия үнемдейтін үдерістерді енгізу болып табылады.

Саланы кадрлық қамтамасыз ету шеңберінде практикалық оқыту үлесін ұлғайту, ТКШ саласы үшін ғылыми кадрлар даярлау, ТКШ саласы мамандарының біліктілігі мен құзыретін арттыру жүйесін дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуішіне ТКШ өзгешелігі бойынша «Инженерлік жүйелер мен желілер» жаңа мамандық енгізу жолымен жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру қажет.

 

 

6. Қажетті ресурстар

 

2011 - 2020 жылдары Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға байланысты қаржы шығындары:

 

Жылдар

Қажетті қаражаттың жалпы көлемі

(млн. тенге)

Оның ішінде

республикалық бюджет

жерплікті бюджет

кәсіпорындардың қаражаты

азаматтардың қаражаты

Барлығы

1 099 373

533 302

18 109

452 406

95 556

2011

58 343

28 883

536

28 583

341

2012

81410

45 823

1033

31623

2 931

2013

93 320

49 603

1455

38 258

4 004

2014

106 561

56 616

1688

41576

6 681

2015

111 400

56 338

1788

44 859

8 415

2016

116617

56 627

1 911

47 700

10 379

2017

122 461

57 994

2 233

49 819

12415

2018

128 688

58 244

2 355

53 638

14 451

2019

136 792

61 187

2 455

56 704

16 446

2020

143 781

61987

2 655

59 646

19 493

 

Осы Бағдарламаны жыл сайын қаржыландыру келемі тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастырған және/немесе нақтылған кезде республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін ескере отырып, анықталатын болады.

 

 

7. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

1-кезең

 

№ р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарла

маның (егер болса) №

2011

2012

2013

2014

2015

Барлығы

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін кұру

1.

Қарағанды және Шымкент қалаларында сервистік компаниялар құру

Пилоттық жобалар

Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

 

 

2.

Кондоминиум объектілерінін ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін міндетті қаражат жинақтау жүйесін енгізу және пайдалану

ҚТКШІА-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы калаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2015 жылдары желтоқсан

341

2 931

4 004

6 681

8 415

22 372

Азамат-тардың қара-жаты

-

3.

Көп пәтерлі түрғын үйлерге паспорттау (энергетикалык аудит) өткізу

Тұрғын үйлердің энергетикалық аудитінің паспорты

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2015 жылдары желтоқсан

210

210

210

210

210

1050

РБ

007

4.

Жинақ жүйесін және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді пайдалана отырып, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуді кайтарымды қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу

Қазақстая Республика сының Үкіметіне ұсыныс

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

-

5.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге кредит беру үшін мамандандырылған қаржы ұйымын капиталдандыру

Қайтарымды негізде жобаларды іске асыру

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ткш ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2015 жылдары 3-тоқсан

1 932

10 000

10 000

13 000

12 000

46 932

РБ

?

6.

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге тұрғын үй көмегін беру

Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ҚТКШІА, Еңбеқмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ткш ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2015 жылдары желтоқсан

2 341

9 563

9 543

11 456

11 278

44 181

РБ

?

7.

Жергілікті атқарушы органдарға кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге кредит беру

Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2015 жылдары желтоқсан

16 000

16 000

16 000

16 000

16 000

80 000

РБ

?

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

8.

Инженерлік желілердің (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерінің) техникалық жай- күйіне бағалау жүргізу

Инженерлік желілердің техникалық жай-күйі туралы есеп

«ткш ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы калаларының әкімдіктері

2011- 2015 жылдары желтоқсан

250

250

250

250

250

1250

РБ

019

9.

Жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және қайта жаңарту жөніндегі жобаларды іске асыру

Инженерлік желілерді жаңғырту

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «КЕГОК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2015 жылдары желтоқсан

7 800

9 300

 

13 100

15 200

16 100

61500

РБ

012

536

1 033

 

1 455

1 688

1 788

6 500

ЖБ

012

28 583

31 623

38 258

41 576

44 859

184 899

Кәсіпорың-дардың қаражаты

 

10.

ТКШ-ге мониторинг жүргізудің және бақылаудың ақпараттық-талдау жүйесінің техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеу

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

14

 

 

 

 

 

Меншікті қаражат

 

11.

Энергия үнемдеу саясатын насихатгау

Халықтың арасында кеңінен акпараттық- түсіндіру жұмысын жүргізу

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2015 жылдары желтоқсан

200

150

150

150

150

800

РБ

007

12.

ТКШ-де қолданбалы ҒЗТКЖ жүргізу

ткш саласына инновациялық технологиялар мен әзірлемелерді енгізу

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), «Қазақ Суарнажоба» АҚ (келісім бойынша

2012- 2015 жылдары желтоқсан

-

250

250

250

250

1 000

РБ

002

13.

ТКШ-тегі нормативтік- техникалық құжаттаманы әзірлеу

Нормативтік- техникалық базаны жетілдіру

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), «Қазақ Суарнажоба» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2015 жылдары желтоқсан

150

100

100

100

100

550

РБ

003

14.

Халықаралық қаржы институттарын және екінші деңгейдегі банктерді тарта отырып, коммуналдық сектордағы жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін арнайы құралдар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ҚТКШІА, ЭДСМ, Қаржымині, «ткш ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

 

 

15.

«Инженерлік жүйелер мен желілер» мамандығын әзірлеу және жоғары кәсіптік білім беру жіктеуішіне енгізу

Жоғары кәсіптік білім беру жіктеуішіне өзгеріс

БҒМ, ҚТКШІА, «ткш ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

 

 

16.

ТКШ саласы мамандарының білітілігі мен кұзыретін арттыру жүйесін дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу

БҒМ-ға ақпарат

ҚазҰТУ, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2015 жылдары 4-тоқсан

Талап етілмейді

 

 

2-кезең

1. Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру

17.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу үшін міндетті қаражат жинақтау жүйесін пайдалану

ҚТКШІА-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ткш ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2016- 2020 жылдары желтоқсан

3 269

3 407

3 486

3 501

4 300

17 963

Азамат-тардың қаражаты

 

18.

Көп қабатты тұрғын үйлерге паспорттау (энергетикалық аудит) өткізу

Тұрғын үйлердің энергетикалық аудитінің паспорты

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2016- 2020 жылдары желтоқсан

210

210

210

210

210

1050

РБ

007

19.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге кредит беру үшін мамандандырылған қаржы ұйымын капиталдандыру

Қайтарымды негізде жобаларды іске асыру

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ткш ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2016- 2020 жылдары 3-тоқсан

11 000

9 000

8 000

7 000

8 000

43 000

РБ

?

20.

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге тұрғын үй көмегін беру

Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ҚТКШІА, ЕХӘҚМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2016- 2020 жылдары желтоқсан

11 617

12 084

12 234

15 277

13 277

64 489

РБ

?

21.

Жергілікті атқарушы органдарға кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге кредит беру

Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2016- 2020 жылдары желтоқсан

16 000

16 000

16 000

16 000

16 000

80 000

РБ

9

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жанғырту

22.

Инженерлік желілердін (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерінің) техникалық жай- күйіне бағалау жүргізу

Инженерлік желілердің техникалық жай-күйі туралы есеп

«ткш ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2016- 2020 жылдары желтоқсан

250

250

250

250

250

1 250

РБ

019

23.

Жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және қайта жаңарту жөніндегі жобаларды іске асыру

Инженерлік желілерді жаңғырту

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «КЕГОК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ (келісім бойынша)

23.

17 200

 

20 100

21 200

22 100

23 900

104 500

РБ

012

1 911

2 233

2 355

2 455

2 655

11 609

 

ЖБ

012

47 700

49 819

53 638

56 704

59 646

267 507

Кәсіпорың-

дардың қаражаты

 

24.

ТКШ-да ҒЗТКЖ жүргізу

ткш саласына инновациялық технологиялар мен әзірлемелерді енгізу

«ткш ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), «Қазақ Суарнажоба» АҚ (келісім Бойынша

2016- 2020 жылдары желтоқсан

250

250

250

250

250

1 250

РБ

002

25.

ТКШ-тегі нормативтік- техникалық кркаттаманы әзірлеу

Нормативтік- техникалык базаны жетілдіру

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), «Қазақ Суарнажоба» АҚ (келісім бойынша)

2016- 2020 жылдары желтоқсан

100

100

100

100

100

500

РБ

003

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе:

аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚТҚШІА

- Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

ЭДСМ

- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Қаржымині

- Қазақсган Республикасы Қаржы министрлігі

БҒМ

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Еңбекмині

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«КЕГОК» АҚ

«КЕГОК» акционерлік қоғамы

«ҚазТрансГаз» АҚ

«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ

- «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы

ҚазҰТУ

- Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті