ведутся работы Павлодар қалалық мәслихатының регламенті
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Павлодар қалалық мәслихатының

2007 жылғы 18 шілдедегі

«Павлодар қалалық мәслихатының

регламенті» № 83/35 шешімімен бекітілді

 

 

Павлодар қалалық мәслихатының

РЕГЛАМЕНТІ

 

Қалалық мәслихаттың регламенті мәслихат сессиясын, оның органдар отырысын өткізу, оларға сұрақтар енгізу және қарау, мәслихат органдарын қалыптастыру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың талаптарын қарау, өкілдік, мәслихатта депутат бірлестігінің қызметін ұйымдастыру, сонымен қатар дауыс беру, аппарат жұмысын және басқа да процедуралық және ұйымдастырушылық мәселелерді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

        

1. Жалпы ережелер

 

1. Павлодар қалалық мәслихаты – Павлодар қаласының тұрғындарымен сайланатын, тұрғындардың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның іске асырылуына қажет шараларды анықтайтын, оның жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілдік орган.

 2. Мәслихат қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.

3. Мәслихаттың және оның органдарының үйымдық, құқықтық, материалды-техникалық және басқадай қамтамасыз етілуін, сонымен қатар депутаттарға олардың өкілдігін іске асыруда көмек көрсетілуін мәслихат аппараты жүзеге асырады.

4. Мәслихаттың іс қағаздарын жүргізу және мәслихатқа түсетін хаттарды әзірлеу аппаратқа жүктеледі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Мәслихаттың хатшысы осы Регламентті сақтауды қамтамасыз етеді.

 

2. Жұмыстың жоспарлануы

 

6. Қалалық мәслихат өз жұмысмын болашақ (жылдық) жоспар негізінде құрады. Жоспар жобасы мынадай тәртіпте қалыптасады:

депутаттар, тұрақты комиссиялар, қала әкімі сессияда, тұрақты комиссияларда қаралатын мәселелер бойынша, негізгі іс-шаралар және жылдың бірінші желтоқсанына, алдыңғы жоспарлауға дейін депутаттарды оқыту бойынша өз ұсыныстарын қалалық мәслихаттың хатшысына ұсынады;

болашақтағы жоспардың жобасы жаңа жылдың басына дейін қалыптасады және барлық депутаттарға оқу және ұсыныстар үшін беріледі.

7. Қалалық мәслихаттың бір жылға арналған жұмыс жоспары депутаттардың көпшілік дауыстарымен сессияда бекітіледі. Жоспар кезекті сессияларда түзетілуі мүмкін.

Бекітілген жұмыс жоспары қалалық мәслихаттың депутаттарына, сонымен қатар қажет кезде атқарушы органдардың басшыларына, қала әкіміне және басқа лауазымды тұлғаларға беріледі.

 

3. Сайлау тәртібі, мәслихат сессияларын даярлау

 

8. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда заң бойынша оның қарауына берілген мәселелер шешіледі, 

Сессия мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

9. Жаңа сайланған мәслихаттың бірінші сессиясы қалалық мәслихат үшін анықталған депутаттардың кемінде төрттен үші қатысып отырғанда, мәслихат депутаттарын тіркеу күнінен бастап отыз күн мерзімінен кешіктірілмей тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасымен сайланады.

Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті комиссия төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасын сайлағанға дейін ол жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнінің орындалуымен сессия ашылады.

10. Мәслихаттың кезекті сессиясы жылына кем дегенде төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.

11. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын қалалық мәслихатқа сайланған депутаттардың кемінде үштен бірінің және қала әкімінің ұсыныстары бойынша, сонымен қатар Павлодар облысының әкімі Павлодар қаласының әкімін тағайындау үшін өз кандидатурасын ұсынғанда депутаттармен келісу үшін мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді.

12. Кезектен тыс сессия оның өткізілуі туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімінен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оның шақырылуына негіз болған мәселелер ғана қаралады.

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының дайындығын қалалық мәслихаттың хатшысы басшылық етеді.

13. Шақырылу уақыты және мәслихат сессиясын өткізу орны туралы, сонымен қатар сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы мәслихат хатшысы сессияға он күн қалғанға дейін депутаттарға, тұрғындарға және әкімге, ал кезектен тыс сессияны шақырған жағдайда үш күн қалғанға дейін хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттар мен әкімге сессияға бес күн қалғанға дейін, ал кезектен тыс сессияны шақырған жағдайда үш күн қалғанға дейін береді.

 

 

4. Сессия қарауына мәселелер енгізу тәртібі.

 

14. Кезекті сессияда қаралатын мәселелерді дайындау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

Мәселені қарайтын бастаушы – тұрақты комиссия, депутаттар, әкім сессияның басталуына кемінде жиырма күн қалғанға дейін сессия төрағасына, мәслихат хатшысына сессияның күн тәртібіне мәселелер енгізу туралы жазбаша ұсыныс жасайды.

Сессияның күн тәртібіне мәселелер енгізу туралы ұсыныс жасалғаннан кейін екі күн ішінде, егер мәселенің бастаушысы атқарушы орган болған жағдайда, осы актінің қабылдауын дәлелдейтін (анықтама, түсініктеме жазбахат, талдау материал, әкімдіктің заңды қызметімен қол қойылған анықтама-дәйектеме) қосымшасымен шешім жобасы  қалалық мәслихаттың аппаратына ұсынылады.

Сессия төрағасы мәслихат хатшысы арқылы үш күн ішінде осы ұсыныстарды материалдармен күн бұрын қарауға мәслихаттың профильді тұрақты комиссиясына ұсынады.

Тұрақты комиссия бастаушы мәселе бойынша қажет ақпаратты мүдделес жақтардан сұрайды. Мәселені алдын ала талқылау бойынша комиссия отырысын өткізеді.

Тұрақты комиссия талқылау нәтижелері бойынша баяндамашыларды, қосымша баяндамашыларды және хабарламашыларды анықтайды.

Комиссия енгізілген мәселелер бойынша шешім жобасы бойынша қаулы қабылдайды және сессияға дейін кемінде он күн бұрын барлық қажетті материалдар (тұрақты комиссияның қорытындысы, шешім жобасы, анықтамалар, түсініктеме жазбахаттар, талдау материалдары, (мәселе қала әкімімен енгізілген жағдайда) әкімдіктің заңды қызметімен қол қойылған анықтама-дәйектеме), мәслихат заңгерінің қорытындысы мәслихат хатшысы арқылы барлық тұрақты комиссияларға жіберіледі.

Сессияның күн тәртібіне профильді комиссияның құзыретіне кіретін, немесе мәслихат жұмысының жоспарында қаралған мәселені енгізу қажет болғанда тиісті жылда осы комиссия сессия төрағасына, мәслихат хатшысына сессияның күн тәртібіне мәселелер енгізу туралы жазбаша ұсыныс жасайды. Сонымен қатар оны тиісті шешім жобасы дайындалатын комиссияда талқылайды.

15. Профильді комиссия мәселені қарағаннан кейін, кемінде жеті күн бұрын материалдар және шешім жобалары бұрын мәселені талқылағанда қатыспаған депутаттарға қарау үшін жіберіледі. Шешім жобасымен келіспеушілік туындаған кезде өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын профильді тұрақты комиссия қарау үшін  мәслихат хатшысы арқылы ұсынады. Пікірлерінде айырмашылық болғанда мәселе талқылау үшін мәслихат сессиясына енгізіледі.

16. Кезекті сессияның қарауына енгізілетін мәселелер сессияның басталуына екі-үш күн қалғанға дейін алдын ала тұрақты комиссияның біріккен отырысында қаралады.

17. Кезектен тыс сессияның қарауына енгізілетін мәселелерді (мәселені)  дайындау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

Бастамашылар кезекті сессияның төрағасына, мәслихаттың хатшысына кезектен тыс сессияның күн тәртібі бойынша жазбаша ұсыныс жасайды.

Сессияның күн тәртібіне мәселелер енгізу туралы ұсыныс жасалғаннан кейін бір күн ішінде, егер мәселенің бастаушысы атқарушы орган болған жағдайда, осы актінің қабылдауын дәлелдейтін (анықтама, түсініктеме жазбахат, талдау материал, әкімдіктің заңды қызметімен қол қойылған анықтама-дәйектеме) қосымшасымен шешім жобасы  қалалық мәслихаттың аппаратына ұсынылады.

         Кезектi сессияныңтґраєасыкезектентыссессиянышақырутуралышешiмқабылдайдыжәнеалдыналақарауїшiнқажеттi материалдардымәслихаттыңпрофильдi тұрақтыкомиссиясынажiбередi.

Тұрақты комиссия қажет болған жағдайда шұғыл түрде мүдделі тараптан мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрайды және екі күн ішінде алдын ала оны талқылау бойынша комиссия отырысын өткізеді.

Тұрақты комиссия талқылау нәтижелері бойынша баяндамашыларды, қосымша баяндамашыларды және хабарламашыларды анықтайды.

Комиссияда шешім жобалары дайындалады және  кезектен тыс сессияға кемінде үш күн бұрын барлық қажетті материалдар (шешім жобасы, анықтамалар, түсініктеме жазбахаттар, талдау материалдары, (мәселе қала әкімімен енгізілген жағдайда) әкімдіктің заңды қызметімен қол қойылған анықтама-дәйектеме), мәслихат заңгерінің қорытындысы мәслихат хатшысы арқылы депутаттарға және әкімге жіберіледі. Кезекті сессияның қарауына енгізілетін мәселелер сессияның басталуына екі-үш күн қалғанға дейін алдын ала тұрақты комиссияның біріккен отырысында қаралады.

18. Қала әкімінің лауазымына тағайындауға келісім алу үшін мәслихатқа Павлодар облысы әкімінің ұсынысы келген кезде, лауазымға кандидатурасын облыс әкімі немесе ол өілдік еткен лауазымды тұлға ұсынады.

Мәслихат сесиясында кандидатқа және кандидатты ұсынатын тұлғаға сұрақтар қойылуы, сондай-ақ ұсынылған кандидатураларға депутаттардың «қолдауы» немесе «қарсы» пікірлері айтылуы мүмкін. Егер депутаттар қолдамаса, кандидатураны ұсыну бойынша пікірталас болмауы да мүмкін.

Лауазымға тағайындау келісімін беру туралы мәслихат шешімі егер мәслихат басқа дауыс беру тәртібін анықтамаса, ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауыстарымен қабылданады.

Ұсынған кандидатураны   қабылдамаған жағдайда мәслихат шешімі ашық дәлелденген ауытқулар болуы керек.

Облыс әкімі сол тұлғаға немесе жаңа кандидатураға ұсынысын мәслихатқа қайта енгізген кезде қарау сол тәртіпте жүзеге асырылады.

19. Кемінде жарты жылда бір рет, қала әкімі өз құзыреті шегінде  кезекті сессия қарауына оған жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалғаны туралы қалалық мәслихатқа есеп береді.

20. Құжаттар жобасын әзірлеушілер мүдделі органдармен келіп, бірінші басшылармен немесе олардың орынбасарларымен қол қойғызып, мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

Жобалар міндетті түрде оның құзыретіндегі мүдделі органдармен немесе тұлғалармен, қаралатын мәселелердің тақырыбына сүйене отырып атқарушы органдармен келісіледі.

21. Жобаларды уақытында, сапалы әзірлеуге және бекітілген уақытта мәслихатқа беруге, сонымен қатар жобалар мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдерінде тұп нұсқасына әзірлеуді жүзеге асыратын, органның бірінші орынбасары жауапты.

 

5. Мәслихат сессиясын өткізу тәртібі

 

22. Мәслихат сессиясы пленарлы отырыс нысанында өткізіледі.  

23. Мәслихат сессиясы онда депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды.

24. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша мәслихатты жүргізуге жататын мәселелер бойынша ақпаратты беру үшін мәслихат сессиясына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан ұйымның басшылары және басқа да лауазымды тұлғалары қатысуы тиіс.

Әрбір сессияға шақырылғандардың тізімін мәслихат төрағасы және хатшысы анықтайды. Шақырылғандар мәслихат сессиясының жұмысына араласуға құқы жоқ, мәселелерді талқылау және шешім қабылдау бойынша депутаттардың әрекеттерімен келіспеуден немесе қолдаудан қалысқалуы керек.

Мәслихат сессиясын өткізу барысында тәртіп бұсса, шақырылған адам сессия төрағасының өкімі немесе сессияға қатысқан депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша ескертуден кейін залдан шығарылады.

25. Мәслихат сессиясы ашық сипатта болады. Жабық сессияны өткізу мәслихат сессиясы төрағасының ұсынысы немесе мәслихат сессиясына қатысқан депутаттар санының үштен бірінің көпшілік дауысы бойынша мәслихат шешімі бойынша рұқсат етіледі.

26. Сессияның күн тәртібі мәслихат жұмысының болашақ жоспары, сессия төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссиялар, депутат топтары, депутаттар мен қала әкімі енгізетін мәселелер негізінде қалыптасады. Күн тәртіпті қалыптастыру бойынша ұсыныс мәслихат сессиясының төрағасына берілуі мүмкін.

27. Сессия төрағасы баяндамашылармен келісіп баяндамалардың және қосымша баяндамалардың уақытын белгілейді және жиырма минуттан асыра алмайды; Жарыссөзге қатысушыларға және қорытынды сөзге жеті минутқа дейін; сұраулар енгізуге – бес минутқа дейін; кандидатураларды талқылауға, отырысты жүргізу тәртібі, дауыс беру, мәселелер, ұсыныстар, хабарламалар, анықтамалар жайы бойынша сөз сөйлеуге бес минутқа дейін;сұрауларға жауап беру үшін – бес минутқа дейін; сұрақтарға жауап беру үшін – үш минутқа дейін беріледі.

Керек кездерде сессия төрағасы депутаттармен келісіп уақытты өзгерте алады.

 28. Сессия жұмысының ұзақтығын, отырыстың басталу және аяқталу уақытын сессия төрағасы депутаттармен келісе отырып белгілейді.

Сессия төрағасы өз ықыласымен немесе қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің ұсыныстарымен сессияның үзілісін жариялайды.

Сессия жұмысына мәслихат шешімі бойынша күнтізбелік он бес күн мерзіміне үзіліс жасай алады.

29. Мәслихаттың пленарлы отырысын өткізген кезде залда ұялы телефондар, радиотелефондар, пейджерлер және басқа байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.

30. Мәслихат депутаттары сессия төрағасымен келісіп мінбеден немесе жұмыс орнында тұрып сөз сөйлей алады.

 Сөз сөйлеу үшін қол көтеріп немесе сессия төрағасына жазбаша түрде өтініш білдіруге болады. Жарыссөздерде мәселелерді талқылаған кезде шақырылған адамдарға қарағанда мәслихат депутаттары сөздерінің мағынасы басымдырақ.

Депутат сессияда сессия төрағасы оған сөз бергеннен кейін сөз сөйлейді.

Төрағалық етуші жарыссөзге қатысу үшін сөзді өтініштердің түсу ретіне қарай береді. Төрағалық етуші қажет болған жағдайда өзгеру себебін хабарлай отырып сөз сөйлеу кезегін өзгерте алады.

Тұрақты комиссияның тапсырмасы бойынша сессияда сөйлейтін қалалық мәслихаттың хатшысына, қала әкіміне, депутатқа сөз сессияда кезектен тыс беріледі.

Баяндамашыға сұрақтарды жазбаша түрде немесе орнынан тұрып қоюға болады.

31. Сессияда сөз сөйлеуші депутат этикасының ережесін бұзуға, өз сөзінде мәслихат депутаттарының және басқа адамдардың ары мен абыройына зиян тигізетін дөрекі, өрескел, жәбірлейтін сөздерді қолдануға және біреуге негізсіз кінә тағуға, қасақана жалған хабарды пайдалануға, заңсыз әрекеттерге шақыруға құқы жоқ.

Сөз сөйлеуші осы талаптарды бұзса, төрағалық етуші оны ескертеді, ал егер қайта қайталаса оған сөз бермейді.

32. Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың ашық дауыс беруі арқылы сессия шешімімен тоқтатылады.

Баяндамашы және қосымша баяндамашы белгілі тәртіпте дауыс беру басталар алдында қорытынды сөз сөйлеуге құқы бар.

Жарыссөздің тоқтатылуына байланысты сөз сөйлемеген депутаттардың тілегі бойынша олардың сөзінің мәтіні сессия хаттамасына енгізіледі.

          33. Қала әкімі немесе оның орынбасары ашық және жабық отырыстарға қатысуға құқы бар. Сессия төрағасы қажет болған жағдайда қала әкіміне оның өтініші бойынша талқыланатын мәселе жөнінде белгіленген кезектен тыс сөз бере алады.

34. Мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық әкімдіктің мүшелері, қалалық бөлімдердің бастықтары, мәслихат аппаратының және әкім аппаратының қызметкерлері өз құзыреті шегінде төрағалық етуші өтініш білдірген жағдайда талқыланатын мәселелер бойынша түсініктеме, кеңес, анықтамалар бере алады.

35. Мәслихат сессиясының пленарлы отырысы магнитафон мен диктафонға протоколданады, стенографияланады немесе жазылады. Сессия хаттамасының ресімделінуін мәслихат аппараты басқарады. Пленарлы отырыс аяқталғаннан кейін хаттамаға сессия төрағасы және мәслихат хатшысы қол қояды.

 

6. Дауыс беру және шешім қабылдау тәртібі.

 

36. Сессияда дауыс беру әдетте ашық түрде өтеді. Жасырын дауыс беру кез келген мәселе бойынша, сайланған депутаттардың немесе төрағаның жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсыныстары бойынша өткізілуі мүмкін.

Жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижелерін анықтау үшін сессия депутаттар ішінен ашық дауыс беру арқылы кемінде үш адамнан тұратын есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясының шешімі оның мүшелерінің көпшілік дауыстарымен қабылданады.

Бюллетендер белгіленген нысан бойынша депутаттардың жалпы санынына тең мөлшерде, есепші комиссияның бақылауымен даярланады. Дауыс беру уақыты мен орнын, оның өткізілуі тәртібін осы регламентке сәйкес есепші комиссия белгілейді және депутаттарға есепші комиссияның төрағасы хабарлайды.

Жабық дауыс беруді өткізу барысында егер депутаттардың біреуі болмаса, қолданылмаған бюллетендерді есепші комиссия жояды.

37. Ашық дауыс берудің басында сессия төрағасы таңдалған есепшілерге дауыстарды санауды тапсырады, ал олардың санын тьөрағалық етуші анықтайды.

38. Дайындалған шешім жобасын сессияда талқылаған кезде, жоба негізге алынады. Депутаттар шешім жобасына түзетулер, толықтырулар, нақтылаулар және өзгертулер енгізген жағдайда, әрбір ұсыныс бойынша жеке дауыс беріледі. Толығымен дауыс бергенде нақты шешм қабылданады. 

 39. Әрбір мәселе бойынша дауыс бергенде депутат бір дауысын «қолдайды» немесе «қарсы», немесе қалыс қалды деп береді.

Депутат өзі жеке дауыс беруге құқылы, дауыс беру кезінде болмаса, шешім қабылданғаннан кейін өз дауысын беруге құқы жоқ.

Дауыстарды есептегеннен кейін сессия төрағасы дауыстардың нәтижесін, ұсыныстың қабылданғанын немесе қабылданбағанын хабарлайды.

Өткізілген дауыс берудің техникасында және тәртібінде қате шыққан жағдайда сессия шешімі бойынша қайта дауыс беру жүргізіледі.

40. Шешім депутаттардың жалпы санының көпшілік дауыстарымен қабылданады.

Пленарлы отырысқа қатысқан депутаттардың жалпы санының көпшілік дауыстарымен:

жабық сессия өткізу туралы мәселені шешкен кезде;

депутат өкілдігін тез арада тоқтату туралы мәселені шешкен кезде шешім қабылданады..

41. Мәслихат шешіміне сессия төрағасы және мәслихат хатшысы қол мқояды. Оларға қол қойылғаннан кейін актілердің тұпнұсқасына түзетулер жасауға болмайды.

Сессия шешімін бекіткен кезде депутаттар енгізген ескертулер мен ұсыныстарды ескере олтырып үш күндік мерзімде редакцияланады.

Әділет органдарында тіркелуге жататын мәслихат шешімі ресми жазбаларда хабарланады және тіркелгеннен кейін мекен-жайларға жіберіледі.

Мәслихат шешімдерін уақытында тіркеуге және таратуға лауазымды нұсқаулықтарға сәйкес оларға жүктелген міндеттерді ескере отырып мәслихат аппаратының қызметшілері жауапты.

   

7. Мәслихат сессиясының төрағасы

 

         42. Мәслихат сессиясының төрағасы – мәслихат сессиясын даярлаған және өткізген кезде ұйымдық-басқарушылық міндеттерді атқаратын лауазымды адам.

         43. Мәслихат сессиясының төрағасы мәслихат жұмысының жоспарын ескере отырып депутаттар есебінен сайланады. Сессия төрағасы кезекті сессияның ағымдағы мәселелерін қарағаннан кейін келесі кезекті сессия төрағасының кандидатурасын  енгізуді ұсынады. Кандидатуралар ұсынылғаннан кейін ашық дауыс беру өткізіледі.

         44. Кезекті сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілдігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты күнтізбе жыл ағымында екі реттен көп мәслихат сессиясының төрағасы болып сайлана алмайды.

         45. Сессия төрағасы өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асырады.

         46. Мәслихат сессиясында дауыс берген кезде депутаттардың дауыстары теңбе тең болған кезде сессия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып  табылады.  

         Отырыс кезінде сессия төрағасы талқыланып жатқан мәселелер бойынша депутаттардың сөз сөйлегендерін комментариялауға құқығы жоқ.

 

8.Мәслихат хатшысы

 

47. Мәслихат хатшысы тұрақты жұмыс істейтін лауазымды адам. Ол депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен ашық немесе жасырын дауыс беру жолымен депутаттар ішінен сайланады және сессиядамәслихатпен қызметтен босатылады.

48. Мәслихат хатшысы мәслихат өкілдігі мерзіміне сайланады. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураны мәслихат сессиясында депутаттар ұсынады.

49. Хатшы лауазымына барлық кандидаттарға өз қызметінің бағдарламасын баяндау үшін ұзақтығы он минутқа дейін депутаттар алдында сөйлеу құқығы беріледі.

Әрбір депутат кандидатқа сұрақ қоюға және өз ұсыныстары мен тілектерін білдіруге құқылы. Кандидаттар қойылған сұрақтарға, тілектерге, ұсыныстарға жауап береді. Кандидатураларды талқылау мәслихат сессиясының шешімімен тоқтатылады.

50. Кадидаттардың сандық құрамы анықталғаннан кейін, кандидаттардың жеке құрамы анықталады. Дауыс беру және дауысты санау жүргізіледі.

Ашық дауыс беру кезінде дауыс беру ұсыныстардың түсу ретіне қарай жүргізіледі.

Жасырын дауыс беру кезінде сайлау бюллетеніне кандидаттардың фамилиялары әліпби ретімен жазылады.

51. Көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі.

52. Депутаттар санының кемінде үштен бірінен тұратын депутаттар тобы дәлелді негізбен мәслихат хатшысын қызметтен босатуға ұсыныс жасаған жағдайда ол кезекті немесе кезектен тыс сессияда депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен дауыс беру жолымен орындалады.

Мәслихат хатшысын босату туралы мәселе қаралғанда оған сөз беріледі.

         53. Мәслихат хатшысы өз өкілдігін өз еркімен тапсыруы оның өтініші бойынша сессияда жүзеге асырылады. Егер хатшының өкілдігін тапсыру туралы өтініші сессиялар арасында жасалса, онда ол сессия төрағасының атына жазылады және тұрақты комиссиялардың төрағаларына жеткізіледі, олар бұл  өтініш туралы депутаттарға-комиссия мүшелеріне хабарлайды.

          Мәслихат хатшысын өз өтініші бойынша қызметтен босату туралы мәселе кезекті немесе кезектен тыс сессияда хатшының өз еркімен өкілдігін тапсыру себептері және дәлелдері анықтала отырып қаралады.

         Мәслихат босатпаған жағдайда хатшы өтініш бергеннен кейін бір айдан соң өз өкілдігін тапсыруға құқылы.

54. Босату туралы дауыс беру ашық немесе жасырын түрде өткізіледі.

 

9. Тұрақты комиссиялардың құрылымы.

 

         55.Павлодар қалалық мәслихатының құрылымына төмендегідей тұрақты комиссиялар кіреді:

1) экономика және бюджет жөніндегі комиссия;

2) азаматтардың құқығын және заңдылықтарын сақтау жөніндегі комиссия;

3) әлеуметтік саясат жөніндегі комиссия;

4) қала құрылысы және экология жөніндегі комиссия;

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы  жөніндегі комиссия.

                  

10. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және қызметі

        

         56. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы жаңа сайланған мәслихаттың бірінші сессиясында оның өкілдігі мерзіміне депутаттардың есебінен құрылады.

         57. Тұрақты комиссияның құрылу тәртібі:

         тұрақты комиссияның сандық және дербес құрамын депутаттар бірінші сессияны даярлау кезеңінде және тікелей сессияда ұсынады және талқылайды;

         тұрақты комиссияның сандық, дербес құрамы туралы, төрағасы туралы шешім сайланған депутаттардың жалпы санының көпшілігімен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады;

         мәслихаттың өкілдігі мерзімі ішінде қажеттілігіне қарай, осы Регламенттің ережесіне сәйкес тұрақты комиссияға сандық және дербес құрамы бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

         58. Тұрақты комиссиялар өз жұмысын мәслихат сессиясында бекітілген болашақ жоспар негізінде, сонымен қатар тұрақты комиссия отырысында бекітілген тиісті комиссияның жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады. Комиссияның жұмыс жоспары мәслихаттың жалпы жұмыс жоспарымен келісілуі керек.

         59. Тұрақты комиссияның жұмысы жоспарлы және жоспардан тыс мәселелерді талқылай отырып жұмысшы кеңес, отырыс түрінде, меншік нысанына қарамай, атқарушы органдар және ұйымдар басшыларының баяндамаларын және хабарламаларын тыңдау түрінде жүзеге асырылады. Тұрақты комиссия  проблемаларды қарау және талқылау нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде қаулылар және қорытындылар  қабылдайды.

         60. Тұрақты комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және оның құрамына кіретін депутаттардың жалпы санының жартысынан көбі қатысса заңды болып саналады.

         61. Тұрақты комиссияның отырысы ашық жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тұрақты комиссия жабық отырыс өткізуге құқылы.

         62. Тұрақты комиссияның отырысына, жұмыс кеңесіне шақырылған адамдар комиссия жұмысына араласуға құқы жоқ, тәртіп сақтаулары және төрағалық етушінің талаптарына бағынуы керек. Отырыс тәртібін бұзған кезде төрағалық етуші шақырылған адамды тұрақты комиссияның отырысынан шығарып жібере алады.

         63. Негізгі мәселелер жөніндегі баяндамаға жиырма минуттай ғана, ал қосымша баяндамаға он минуттай ғана беріледі. Жарыссөз сөйлеушілерге он минутқа дейін беріледі. Өтініш, мәселелер, ұсыныстар, хабарламалар және анықтамалар үшін – бес минутқа дейін беріледі.

         64. Бір мәселені бірнеше рет жарыссөзде сөйлеуге шектеу қойылмайды. Жарыссөз тұрақты комиссия отырысына қатысқан мүшелердің көпшілік шешімімен тоқтатылады. Сөйлеушілер сөздерінің мәні әдепті және ұстамды нысанда болуы қажет. Егер сөйлеуші регламентті бұзса немесе сөйлеген сөзі әдепсіз нысанда  болса, төрағалық етуші ескерту жасап, сонан соң сөйлеушінің сөзін  тоқтатуға құқылы.

         65. Тұрақты комиссияның қаулысы оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда тұрақты комиссия төрағасының дауысы екеу болып есептеледі.

         66. Тұрақты комиссияның мүшесі өзінің дауыс беру құқығын жеке өзі жүзеге асыруға міндетті. Дауыс беру кезінде болмаған тұрақты комиссияның мүшесі кейін дауыс беруге құқы жоқ.

         67. Тұрақты комиссияның қаулысына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссиялармен бірлескен отырыс өткізген кезде тиісті тұрақты комиссиялардың төрағалары қол қояды. Осындай тәртіпте олардың отырыстарының хаттамаларына қол қойылады.

         68. Бірнеше тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын өткізгенде қаулы әрбір тұрақты комиссияның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Тұрақты комиссияның бірлескен отырысын өзара келісіп төрағалардың бірі жүргізеді. Бірлескен отырыстың хаттамасын лауазымды міндеттерге сәйкес, мәслихат аппаратының бас мамандарының бірі жүргізеді.

69. Қаралатын мәселе бойынша сәйкессіздік туындаған және біріккен отырыс өткізу барысында оларды реттемеген жағдайдабұл айтыс-тартыстар сессия төрағасы және мәслихат хатшысы арқылы сессияда талқылауға ұсынылады.

70. Тұрақты комиссия өзі қарайтын мәселелерді дайындау үшін мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, ұйымдарының өкілдері, азаматтар ішінен жұмыс комиссияларын құра алады.

71. Тұрақты комиссияның отырыстарында тұрақты комиссияның мүшесі емес қалалық мәслихаттың басқа депутаттары кеңесші дауыспен қатысуға құқылы.

72. Тұрақты комиссиялар өз ықыласымен немесе мәслихат шешімімен көпшілік тыңдаулар өткізе алады. Көпшілік тыңдаулар тұрақты комиссияларды жүргізуге жататын өте маңызды және қоғамға өзекті мәселелерді талқылау мақсатымен, осы комиссиялар отырысы депутаттардың, атқарушы органдар өкілдерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен кеңейтілген түрде жүргізіледі.

73. Көпшілік тыңдаулар мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізілетін мәселелерді даярлау барысында, тыңдауға қатысушылардың жалпы ойларын және іс, есеп жағдайларын толық білу және мәслихат шешімінің жобасы бойынша нұсқаухатты әзірлеу мақсатымен жүргізіле алады.

 74. Қалалық мәслихаттың хатшысы көпшілік тыңдауларды өткізудің уақыты мен орны, сонымен қатар талқылауға енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға және халыққа тыңдауға бес күн қалғанға дейін хабарлайды.

75. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихаттың алдында жауапты және өз қызметі туралы жылына кем дегенде бір рет есеп береді.

 

 

11. Тексеріс  комиссиясы.

 

76. Жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау үшін мәслихат өз өкілдігі мерзімінде тексеріс комиссиясын сайлайды. Тексеріс комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат анықтайды.

Тексеріс комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттары сайлайды. Тексеріс комиссиясының төрағасы өз қызметін босатылған негізде жүзеге асырады. Тексеріс комиссиясының жұмысына мәслихат депутаттары емес, босатылған негіздегі адамдар қатыса алады.

Тексерістер мәслихат, тексеріс комиссиясының немесе мәслихат хатшысының шешімі бойынша, сайланған мәслихат депутатары санының кемінде үштен бірінің талаптары бойынша, сонымен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен өткізіледі. Тексеріс нәтижелері бойынша тексеріс комиссиясы акт құрайды және ол туралы мәслихат пен әкімдікке хабарлайды. Тексеріс кемінде жылына бір рет жүргізіледі.

Тексеріс комиссиясының отырысын қажеттілігіне қарай мәслихат төрағасы, хатшысы кемінде тоқсанында бір рет шақырады. Тексеріс комиссиясының отырысына енгізілетін мәселелерді тексеріс комиссиясының төрағасы және мүшелері дайындайды.

Егер комиссияның құрамына кіретін депутаттар санының  көбі қатысса, тексеріс комиссиясының отырысы заңды болып есептеледі.

Бақылау іс-шараларының нәтижелерін қарау бойынша тексеріс комиссиясының отырысы мынадай материалдар болған жағдайда жүргізіледі:

өткізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері ақпарат-қорытындылар;

тексеріс комиссиясының қаулы жобасы.

Қалалық бюджеттің орындалуы бойынша жергілікті атқарушы органның есебін қарау қорытындысы бойынша комиссия отырысы қала әкімдігі ұсынған мынадай материалдар болғанда жүргізіледі:

қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп;

түсініктеме жазбахат;

түсімдердің орындалуы туралы, сонымен қатар жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асуы және олардың тиімділігін  бағалау  туралы талдау есебі.

Тексеріс комиссиясының отырысына: мәслихат хатшысы, бақылау ведомстволары мен объектілерінің өкілдері, сонымен қатар мүдделі тұлғалар, төрағамен келісіліп, тізім бойынша шақырылғандар қатыса алады.

Тексеріс комиссиясының отырысында хаттама жазылады, онда қатысқан лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы мен тақырыбы, баяндамашылар мен талқылауда сөз сөйлегендер, олардың баяндамаларының негізгі мазмұны және комиссия мүшелері қабылдаған шешімдері көрсетіледі. Отырыста қаралатын мәселелер қажеттілігіне қарай магнитофонға (диктофонға) жазылуы мүмкін.

Жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін тексеру комиссиясының төрағасы  жауапты орындаушыларды және мерзімін көрсетіп өкім шығарады. Бақылау іс-шаралары туралы өкім тексеру комиссиясының  бланкінде ресімделеді және міндетті түрде тексеру күнінің алдында тексерілетін ұйымның басшысына беріледі.

Жұмыс жоспарының және бақылау объектісін алдын ала зерттеу негізінде тексеріс комиссиясының төрағасы мекемелердің және атқарушылардың бюджеттік бағдарламаларын көрсете отырып бақылау іс-шараларын өткізу бағдарламасын құрайды.

 Тексеріс комиссиясының мүшелері, мәслихат аппаратының қызметкерлері, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары бақылау іс-шараларын өткізумен байланысты материалдарды үйрену мен талдауға құпиялықты, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны қамтамасыз ете отырып қатыса алады.

Бақылау іс-шараларын өткізу нәтижелері бойынша екі данада тексеру актісі ресімделеді және оған тексеруші, ұйымның басшысы және бас бухгалтері қол қояды. Бірінші данасы тексерілетін ұйымның басшысына (немесе жауапты лауазымды тұлғаға) беріледі, екіншісі – тексерген адамда қалады.

Тексерілетін объектінің басшысы актімен үш күн ішінде танысуы керек.

Тексерілетін ұйымның басшысы қарсы болса, ол актіге қол қояр алдында қарсылығын білдіреді және жеке құжаттармен өз қарсылығының дәлелдейді. Он күн ішінде оның қарсылығы тексеріс комиссиясына жіберіледі.

Актіге тиісті құжаттармен бекітілмеген әр түрлі тұжырымдарды, ұсыныстарды және деректерді енгізуге рұқсат етілмейді.

Тексеріс комиссиясы оларға түскен қарсылықтарды қарайды және актіге қол қойылған күннен бастап он күн ішінде ұйым басшысына жазбаша жауап береді.

Төраға бақылау нәтижелері бойынша тексеріс комиссиясында қаралатын материалдарды, комиссия қаулысының жобаларын және бақылау қорытындылары бойынша ақпаратты дайындайды.

Тексеріс комиссиясы қабылдаған қаулылардың іске асырылуын төраға бақылайды.

Тексеріс комиссиясының ашық жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тексеріс комиссиясы, мемлекеттік қаржы бақылау органдары  және ішкі бақылау қызметі келісім бойынша бірлескен бақылау қызметін жүзеге асыра алады.

Тексеріс комиссиясы және қаржы бақылау органдары кешенді бақылауды жылына бір рет және кемінде екі жылда бір рет өткізеді.

Тексеріс комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарымен қаралған нақтылық, объективтік және бақылау актілерінде жазылған толық мәліметтер үшін жауапты.

Тексеріс комиссиясы оны сайлаған мәслихаттың алдында жауапты және өз қызметі туралы кемінде жылына бір рет есеп береді.

Тексеріс комиссиясының ағымдағы жылға жұмыс жопары қалалық мәслихаттың сессиясында қаралады және мәслихаттың жалпы жоспарының құрамды бөлігі ретінде оның шешімімен бекітіледі.

Тексеріс комиссиясының жылдық жұмыс жопарында жергілікті бюджеттің орындалуын жан жақты жүйелі бақылайтын, негізгі бағыттар мен іс-шаралардың тізімі болуы керек.

 Тексеріс комиссиясының жылдық жұмыс жопарын іске асыру үшін төраға тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлейді, оны мәслихат хатшысы бекітеді. Тоқсандық жоспарға кіретін мәселелер тізімін тексеріс комиссиясы мүшелерінің ұсынысы бойынша кезекті тоқсанның басталуына он күн қалғанда төраға құрайды.

 Тексеріс комиссиясының жұмыс жопарының орындалуын төраға бақылайды.

 

12. Уақытша комиссияларды ұйымдастыру және қызметі.

 

77. Мәслихатты жүргізуге жататын, сессияда қаралатын мәселелерді даярлау мақсатында мәслихат немесе мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы.  Уақытша комиссияның құрамы, міндеттері, өкілдік мерзімі және құқығы оларды қалыптастырған кезде мәслихатпен немесе мәслихат хатшысымен анықталады.

 Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретінің мәселелері бойынша қорытынды жасайды.

     

13.  Депутаттық сауалдар және өтініштер.   

 

78. Мәслихат депутаты депутаттық сауалдар құқығымен пайдаланады.

Депутаттық сауал Павлодар қаласының аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан мәслихат құзыретіне кіретін мәселелер бойынша дәлелденген түсініктеме беруді немесе көзқарасын айтуды талап ететін  мәслихат сессиясындағы депутаттың ресми талабы болып табылады, ал депутаттық өтініш мәслихат депутатының сессиялар арасындағы ресми өтініші болып табылады.

79.  Депутаттық сауал мәслихат сессиясында жазбаша немесе ауызша нысанда енгізілуі мүмкін. Депутат сауал салу ниеті туралы мәселені сессияның пленарлық отырысының күн тәртібіне енгізу үшін сессия төрағасына және мәслихат хатшысына хабарлайды. Сессия отырысына сауал қойылған лауазымды адам шақырылады. Депутат оған сауалдың мәнін алдын ала хабарлай алады.

80. Депутаттық сауал жіберілген жергілікті атқарушы органның, ұйымның лауазымды адамы мәслихат сессиясында оған жауап беруге міндетті. Депутаттық сауалға жауап беру бойынша жарыссөз ашылуы мүмкін.  Депутаттар депутаттық сауалдың жауабына өз көзқарастарын білдіруге құқылы. Депутаттық сауалдың жауабы және оны талқылау қорытындылары  бойынша мәслихаттың шешімі қабылданады. Депутаттық сауал және оның жауабы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.

81. Жазбаша нысандағы депутаттық сауал мәслихат сессиясында оқылады және ол бойынша жарыссөз болуы мүмкін.Жауап осы сессияда, ал жауапқа қосымша дайындық қажет болғанда бір ай ішінде жазбаша түрде берілуі мүмкін.

82. Мәслихат аппараты пленарлық отырыста депутаттық сауал оқылған сәттен бастап үш күн ішінде оны ұйымның тиісті лауазымды адамына жібереді.

83. Депутаттық өтініштер сессиялар арасында жұмыс барысында жіберіледі және шешіледі.

 

14. Депутат.

 

         84. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының қалауын білдіреді.

         Мәслихат депутатының өкілдігі тиісті аумақтық сайлау комиссиясы оны мәслихат депутаты ретінде тіркеген кезден бастап басталады және мәслихат өкілдігі тоқтаған кезден бастап тоқталады.

         85. Депутат өз міндеттерін жүйелі орындамаса, сонымен қатар мәслихат сессияларының пленарлы отырыстарында орынды себептерсіз үш рет қатарынан болмаса, онда тез арада оның  депутаттық өкілдігі тоқтатылады.

         86. Қалалық мәслихаттың депутаты мәслихаттың және оның органының  құрамына сайланғаннан кейін оның жұмысына қатысуға, өз округінің сайлаушыларымен әрқашан кем дегенде жылына бір рет тұрақты байланыста болуға, оларға мәслихат жұмысы, тұрақты комиссиялардың және басқа органдардың қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы хабарлауға, мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылау жұмысына қатысуға,  оған келіп түскен сайлаушылардың өтініштерін қарауға, әрқашан айына кем дегенде екі рет өз сайлау округтерінде  жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізуге міндетті, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасымен қаралған басқа да заңдар мен міндеттерді атқарады.

         87. Депутаттар өз еркімен саяси партия және өзге қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар фракциясы түрінде депутаттық бірлестіктер құра алады.

Тексеріс комиссиясының төрағасы және мәслихат хатшысы депутаттық бірлестікке кіре алмайды.

Саяси партияның депутаттық топтарының тіркеуі мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.

Тіркелген бірлестіктер сессияларда, комиссия отырыстарында, көпшілік тыңдауларда олардың қызметіне қатысты мәселелерді шешімнің кейін қабылдануымен талқылауға енгізуге құқылы.

88. Депутат депутаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы, сонымен қатар олардың басшылары және басқа лауазымды адамдар оны қабылдауға міндетті. Ол депутаттық куәлікті көрсетіп кіре алады.

 

15. Учаскелік және қалалық мәслихаттың

депутаттарын саулау жөніндегі қалалық, округтік

сайлау комиссияларын қалыптастыру және саулау

 

         89. Саулау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру және сайлау саулау комиссияларының өкілдік мерзімінің бітуіне екі ай қалғанда басталады және үш күн қалғанда аяқталады.

         90. Қалалық мәслихаттың хатшысы сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаны жариялауға үш күн қалғанға дейін өз өкімімен сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру бойынша аппарат қызметкерлерінің және депутаттарының санынан жұмыс тобын немесе комиссиясын құрады.

         91.Мәслихаттың жұмыс тобы қалыптасатын сайлау комиссияларының құрамындағы кандидатуралар туралы саяси партиялардан және басқа қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғарыда аталған комиссиялардан келіп түскен ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Әрбір саяси пария тиісті сайлау комиссияларының құрамына өзінің бір ғана өкілдігін кіргізе алады. Саяси партиялар, сонымен қатар олардың құрылымдық бөлімшелері сайлау комиссияларының құрамына осы саяси партияның мүшелері емес біреуді бере алады. Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, жоғарыда аталған комиссиялар жұмыс тобына ұсынатын құжаттардың тізімі:

саяси партиялардың немесе өзге қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

саяси партиялардың немесе өзге қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғарыда аталған комиссиялардың тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар беру туралы орган отырысының хаттамасынан үзінді;

мәслихатқа сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттың өтініші және кандидат туралы биографиялық мәліметтер.  

92. Сайлау комиссиясы құрамының жобасын дайындағанда жұмыс тобы біріншіден саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылық етеді, кемінде жеті мүше ұсыныс жасаса, өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғарыда аталған сайлау комиссияларының кандидатуралары ескеріледі.

93.  Сайлау комиссиялары қалыптасарда мәслихат Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конститутциялық Заңына сүйене отырып, олардың құрамына бір ұйымның жұмысшыларын болдырмауы керек, міндетті түрде олардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы ескерілуі керек. Президентке кандидат, Парламент және Мәслихаттар депутаттары, сенімді тұлғалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, кандидаттардың күйеуі (әйелі)  және жақын туыстары, сонымен қатар кандидатта қызмет істейтін тұлғалар сайлау комиссиясынгың мүшелері бола алмайды.

94. Жаңа сайлау комиссиясының құрамына ұсыныстардың түсу мерзімінің аяқталуы бойынша жұмыс тобы сессия шешімінің жобасын және сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау бойынша бюллетендерді дайындайды.

95. Шешім жобалары және бюллетендер:

қалалық аумақтық сайлау комиссиялары бойынша;

қалалық мәслихатқа депутаттарды сайлау бойынша округтік сайлау комиссиясы бойынша;

учаскелік сайлау комиссиялары бойынша жеке дайындалады.

96. Сайлау комиссиясының құрамына саяси партиялармен, басқа қоғамдық бірлестіктермен және жоғарыдағы сайлау комиссияларымен ұсынылған барлық кандидатуралар шешім жобасына және олардың түсу және жұмыс тобына тіркелу тәртібі бойынша бюллетенге енгізіледі.

Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан (жетіден асса) асатын ұсыныстар түссе, жұмыс тобы мәслихат сессиясында осы сайлау комиссиясын сайлау бойынша рейтингтік дауыс беру өткізуді ұсынады.  

Басқаларға қарағанда көп дауыс жинаған кандидатуралар сайланды деп саналады.

Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан (жетіден аз) аз ұсыныстар түссе, жұмыс тобы өзге қоғамдық бірлестіктерден түскен кандидатураларды, ал егер болмаса, жоғарыда аталған комиссиялар ұсынған кандидатураларды (тиісті түскен кезек тәртібінде) бос орынға бюллетенге кіргізеді. Бос орынға тең ұсыныстар түссе, жұмыс тобы осы сайлау комиссиясының құрамына сессияда дауыс беруді ұсынады. Бос орынға олардың санынан асқан ұсыныстар түссе, мәслихат сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды, ал бос орынға рейтингтік дауыс беру өткізуді ұсынады.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша дауыс беру барысында, егер ұсынған кандидатуралардың саны жетеуге сәйкес болса, мәслихат депутаттары нақты кандидатураға қарсы шығады және ол осы саяси партия немесе қоғамдық бірлестік ұсынған басқа кандидатурамен ауыстырылады. Осы процедура бір рет қана өткізіледі.

Бюллетенге үміткерлердің аты-жөні, тегі, әкесінің аты және осы кандидатура қай саяси партиядан (өзге қоғамдық бірлестіктен, жоғарыда аталған сайлау комиссияларынан) енгізілгені көрсетіледі. Кандидатура тегінің оң жағында квадрат бар, онда депутатар белгі (крест, қанат белгі) қояды. Жеті квадратқа депутаттар белгі қояды.

97. Сайлау комиссияларының құрамын сайлау үшін бюллетендерді сессияға қатысқан қалалық мәслихаттың барлық депутаттары депутаттық куәлікті көрсете отырып қол қойып алады.

98. Комиссия құрамы ашық дауыс беру және жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

99. Дауыс беру қорытындысын сессияда сайланған есепші комиссия жасайды. Есепші комиссияның сандық құрамы және төрағасы мәслихат сессиясында анықталады және сайланады.

100. Дауыс беру қорытындысын есепші комиссияның төрағасы мәслихат сессиясында жариялайды.

101. Дауыс беру қорытындысынан кейін мәслихат тиісті сайлау комиссияларының құрамы туралы шешімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар және оған қосымшалар басылымның  бір нөмірінде болуы керек.

102. Сайлау туралы әрекеттегі заңнамамен қаралған жағдайда мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату және шыққанның орнына жаңаны сайлау туралы шешім қабылдайды. Қызметтен босағанның орнына осы сайлау комиссиясында өкілдіктері жоқ саяси партиялардан және басқа қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс қабылданады.

 

16. Депутат этикасының қағидасы және

депутаттардың өзара қарым-қатынасы

 

         103. Қалалық мәслихат депутаттары  мейірімділіктің, адамгершіліктің, әділеттіліктің және тәртіптіліктің идеалы болуы керек.

         Депутатөз мәртебесін тең дәрежеде сақтауы және басқа депутаттардың, сонымен қатар депутаттық міндеттерді атқарған кезде олармен іскер қатынаста болатын лауазымды тұлғалардың және азаматтардың мәртебесін құрметтеуі керек. Ол өзінің, мәслихаттың, немесе органның абыройына әсер ететін әрекеттерден, өтініштерден және қылықтардан қалыс қалуы керек.

         Қалалық мәслихаттың депутаты мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және бұқаралық ақпараттық құралдармен өзара қарым-қатынаста өзінің депутаттық мәртебесін жеке мақсатта қолданбауы керек. 

         Депутат бұқаралық ақпарат құралдарында, пресс-конференцияларда, митингтерде сөз сөйлегенде, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың қызметін комментариялағанда тек қана нақты, тексерілген мәліметтерді пайдалануы керек.

Егер депутат көпшілік алдында әдейі немесе абайсыздан анық емес немесе тексерілмеген фактілерді қолданса, ол өз ойының әдепсіздігін көпшілік алдында мойындауы және мүдделері мен намыстарына тиген органдар мен тұлғалардан кешірім сұрауы керек.

         104. Депутат этикасының мәселелерін және қалалық мәслихат депутаттарының өзара қарым-қатынасын  қарауды және шешуді азаматтардың заңдылықтары мен құқықтарын сақтау жөніндегі тұрақты комиссия жүзеге асырады.

         Егер депутатқа этикаға жатпайтын іс-әрекеттер жасады деп кінә артса, ол осы тұрақты комиссиядан оған жапқан кінә үшін бағаны талап етуге құқылы.

         Депутат, егер оны басқа депутат сөзбен немесе іс-әрекетімен қорлады деп есептесе, ол одан көпшілік алдында кешірім сұрауды талап ете алады.

         Егер депутатқалалық мәслихат сессиясының пленарлы отырысының жұмысына қатыспаса немесе шығып кетсе,отырыс біткеннен кейін он күн ішінде жоғарыда аталған тұрақты комиссияға оны ақтайтын құжат немесе болмау себебі туралы жазбаша түсініктеме беруі керек.

 

17. Қорытынды ережелер

        

         105. Осы регламентке өзгерістер мен толықтырулар мәслихат сессиясында депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.