Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дамыған азаматтық қоғам,

бизнестің дамуы үшін қолайлы шарттар және

азаматтардың құқықтық мәдениетінің

жоғары деңгейі  демократиялық,

бәсекеге қабілетті мемлекеттің

ажыратылмайтын белгілері

болып табылады

Өзінің құқықтық жүйесін жетілдіру жолында Қазақстанға дамыған мемлекеттер тәжірибесіне жүгінуі қажет екендігі даусыз, зейінді танысқаннан кейін ғана үдемелі құқықтық институттарды қабылдау керек.   Әлемдегі, оның ішінде ТМД елдерінде аса қарқынды дамып келе жатқандардың институттардың бірі медиация болып табылады. Медиация – бұл азаматтық қоғамның негізі, демократия мен өркениетке жол деген пікір бар. Сонымен медиация дегеніміз не.

Медиация – осы шиеленістегі мүдделі емес тараптың үшінші бейтарап, әділ – медиатордың қатысуымен баламалы реттелген егес (ағылш. alternative dispute resolution, ADR) технологияларының бірі, ол тараптарға егес бойынша белгілі бір келісімге келуге көмектеседі, осы кезде тараптар егесті реттеу бойынша шешімдерді және оның рұқсат шарттарын қабылдау үрдісін толық бақылайды.

Медиация кіріспе ережелері мен белгілі шарттарға, іс-әрекеттерге, сатыларға ие, сонымен қатар келесі қағидаларға негізделеді: еріктілік, жасырындық, өзара сыйластық, тараптардың теңдігі, медиатордың бейтараптығы және әділдігі, рәсімнің айқындығы.

Бірнеше онжылдықтар бұрын АҚШ және Еуропалық одақ елдері  өзекті проблема – соттардың жұмысбастылығы, бірнеше жылға созылатын сот даулары, сот шешімдерін орындамаушылығы мен жеке және заңды тұлғалардың орасан зор шығындарымен сот шығындарына тап болды, бүгінгі күні осы проблема Қазақстанда. Индустриалдық және ақпараттық сұраныс, өрлеу және жаһандану егестер саны және олардың күрделілігі геометриялық прогрессияның өсуіне әкеліп соқты. Егестерді реттеудің басқа рәсімдерін іздеу қажеттігі айқындалды.

Нәтижесінде, АҚШ-та «егестердің баламалы шешімі» термині пайда болды, онымен арбитраж, келіссөздер, делдалдық, «шағын талқылау» сияқты және егестерді реттейтін басқа рәсімдер түсіндіріледі. Осы институттың бірнеше артықшылықтарын атап өткім келеді.

Біріншіден, судьяларға күтшің төмендеуі жолымен соттар жұмысының тиімділігі артатын болады, сондықтан істердің бөлігі медиация арқылы қарастырылатын болады. Бұл соттардағы қарастырылатын істердің сапасы мен ұзақтығында оң нәтиже береді деп жорамалданады.

Екіншіден, медиация егестерді шешу саласындағы ап-айқын артықшылықтарға ие. Егестерді қарастыру нәтижелерімен тараптардың қызығушылықтарын қанағаттандыру мүмкіндігі аса жоғары. Бұл келісм қабылдау үрдісінің соттағы сияқты бақылау тараптары емес белсенді қатысушылары болып табылатындығымен көрінеді.

Сондай-ақ бұның оқ жағы медиацияның жасырын рәсімдері болып табылатыны сөзсіз, сонда сот егестері сияқты жұртшылықтың өзгермейтін игілігі бола бастайды.

Сондай-ақ сотқа өтініш білдіру арқылы емес, медиаторларды тартумен қарастырылатын істер уақытты және шиеленіс тараптарының ақшаларын үнемдейтін жағдайлар айтарлықтай.  

Медиация біздің республикамызда лайықты дамуын алуы үшін біз максималды күш жұмсауымыз қажет екендігі сөзсіз, сондықтан бұл үшін, менің көзқарасым бойынша, бүгінгі күні барлық шарттар бар. Кез келген жағдайда мемлекет тарапынан медиацияның тиімділігін кеңінен түсіндіру жұмысы бір жағынан, және біздің азаматтардың белсенді өмір ұстанымы басқа жағынан біздің қоғамдағы бұл институттың енгізу табысының кепілі болып табылады.

Жүргенге жүрдем ілінеді деген мақал-мәтел барлығына белгілі. Медиация институты біздің республикамызда біртіндеп дамып келеді. Құрама Штаттарына, сонымен қатар кейбір Еуропалық елдерге келген медиацияның сол көрсеткіштері мен сол деңгейі жалғастырушылық және еңбекті көп керек ететін жұмыс салдары болып табылады, соның үрдісінде осы институттың оң және теріс жақтары анықталды. Біз әлі осы жолдың басындамыз, алайда медиация енгізу үшін біздің мемлекетіміздің сот жүйесі сондай-ақ түбегейлі өзгерістерге шыдады және әлемдік қоғамдастық мойындаған өзінің дамуында жоғары деңгейге жетті. Қазіргі уақытта біз жалпытанылған үдемелі құқықтық институттарды қолдануға дайынбыз, себебі уақыт олардың тиімділігін арттыру бойынша жаңа міндеттерді ұсынуда.

 

Жанар Нұрғалиева,

 Павлодар қалалық

сотының судьясы

 

Медиация туралы заң