Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ, АУЫЛ ЖӘНЕ КЕНТ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, ӨКІЛЕТТІЛІГІ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

1)    азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын қорғау жөнінде іс-шара қолдану үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау;

2) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға ықпал ету;     

3)  әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;     
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;
5) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
6)  ауылдың  мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ  ауылда автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз ету;     

7) шаруа  қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;

8) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Казақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нотариаттық  iс-қимылдар жасауды  ұйымдастыру;
10) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
11) табысы аз адамдарды айқындау, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

12) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастыру;
13) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

14) дене шынықтыру және спорт жөніндегі өкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
15) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастыру;
16) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiру;
17) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
18) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
19) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
20) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастыру;
21) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру;

22) облыстық орталықта орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
23) жергiлiктi өзін-өзі басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
24) статистикалық және шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;
25) жергілікті бюджетті бекіту  кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу;
     
26) өз құзыретi шегiнде ауылды сумен жабдықтауды ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерiн реттеу;
27) ауылды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
28) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
29) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу.
30) ветеринария мәселелері жөнінде тұрғындар арасында  ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

31) денсаулық сақтау саласында уәкілеттік мемлекеттік органдарымен бірлесіп тұрғындар денсаулығын аурудан, жалпы жануарлар мен адамдар үшін денсаулықтарын қорғауын ұйымдастыру.

32) ветеринария саласында Қазақстан Республикасының заңнамалық белгіленген тәртібінде ветеринариялық есеп және есеп беру мен уәкілетті органға ұсыну  жиын және талдауды жүргізу;

33) ауылшаруашылық жануарларын идентификациялау жөнінде деректеме базасын жүргізу және ауылшаруашылық жануарлар идентификациялау жөнінде іс-шараларды жүргізу;

34) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген, сондай-ақ жануарлардың эпизоотиялық ауруларын тізбе бойынша  аса қауіпті аурулардың алдын алу жөнінде ветеринариялық іс-шараларды орындау;  

35) елді мекен жерлерінде малдарды бағу үшін орындарды анықтау;

36) жануарларға ветеринариялық паспорттарды беру;

37) аумақтарда қолданылатын тиісті  әкімшілік-аумақтық бірліктерінде ветеринариялық анықтамаларды беру;

38) коммуналдық басқаруға берілген  коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беруді;

   
39) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін анықтайды;      
40) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
41) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
42) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
43) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық  кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
44) берілген  коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;    
45) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
46) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;
47) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
48) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді.

49) заңнамамен көзделген басқа функцияларды жүзеге асыру;

 Құқықтары:

1)    жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала мәслихаты сессиясының жұмысына қатысу;

2) ауызша  және жазбаша түсінектемелерді, басқа материалдарды, құжаттарды, қажетті мәліметтерді мемлекеттік органдарынан сұрату және алу;

3)    қала әкімінің кеңесіне , қала әкімдігінің отырысына қатысу;

4)    жеке ғалымдар мен мамандарды ғылыми мекемелер жұмысына  қатыстыру;

5)    осы органдарының мемлекеттік басқармасының, мұрағаттарының, ғылыми мекемелерінің ақпараттық банктерін қолдану;

6)    ауыл аумағында жасалған Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және бұзушылық үшін әкімшілік жазаны қолдану   «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің  165, 300, 311, 387 баптарымен қарастыру.

Міндеттері:

1) әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, аналитикалық жұмыстарын және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүзеге асыру;

2)    қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға  сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

3)    қала мемлекеттік органдарының жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру.