Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі).