ведутся работы Қала басшылары
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Н.К. Әшімбетов 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Черное ауылында туған.

Зооинженер мамандығы бойынша Алма-Ата зооветеринарлық институтын, ал бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Мемлекеттік мүлік жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің маманы болып бастап, кейін халықаралық даму жөніндегі америкалық агенттігіне қарасты «Карана» корпорациясының кеңесшісі қызметін атқарады.

1997-1999 жылдар аралығында - Лебяжі ауданындағы өндірістік кооператив төрағасы, агрофирма директоры;

1999-2008 жылдар аралығында – Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Лебяжі ауданының әкімі, Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы;

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2009-2012 жылдары Петропавл қаласының әкімі қызметін атқарды.

2012-2016 жылдары Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

2016 жылғы 13 сәуірден бастап Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды.

Павлодар қаласы әкімінің өкімімен Ақылбеков Берік Ахмедияұлы экономикалық мәселелер бойынша Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ақылбеков Берік Ахмедияұлы  1971  жылы туған,  қазақ,  екі  жоғары  білімі  бар:  1993  жылы  экономист мамандығы  бойынша Қазақ  мемлекеттік басқару  академиясын және 1998 жылы - мемлекеттік  басқару  мамандығы  бойынша  Қазақстан  Республикасы Президенті  жанындағы  мемлекеттік  басқару  Ұлттық  Жоғары  мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987  жылы Павлодар тұрғын үй құрылыс тресті № 1  құрылыс  басқармасынан бастады.

 1993  жылдан 1995  жылға  дейін – «Казагропромбанк» Павлодар банкінің  менеджмент және  маркетинг жөніндегі   маманы,  экономисті болды.

1995  жылдан  2000  жылға  дейін  Павлодар облысының түрлі мемлекеттік лауазымдарында қызмет атқарды.

2001 жылдан бастап  2003  жылға  дейін – «Павлодар  қаласы  экономика және  кәсіпкерлікті  дамыту басқармасы» мемлекеттік  мекемесінің  бастығы.

2003  жылдан бастап 2004  жылға  дейін -«Астанаэнергосервис»  акционерлік  қоғамы  басқармасы төрағасының кеңесшісі.

2005  жылы  – Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Соты  жанындағы соттар әкімшісі жөніндегі Комитеті қаржылық және материалдық- техникалық  қамтамасыз ету департаменті жоспарлау бөлімінің бас маманы.

2006 жылы - Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі.

2007 жылы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік  қоғамының қаржы директоры («Болашақ» бағдарламасы).

2007 жылдан бастап 2008 жылға дейін - Қазақстан  стандартизация  институты   Бас директорының орынбасары.

2008 жылдан бастап 2009 жылға дейін - жер ресурстарын басқару бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі ішкі аудит қызметінің бастығы.

2009 жылдан бастап 2016 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ішкі аудит департаментінің директоры.

2016 жылғы 7 қарашадан бастап Павлодар қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Андрей Борисович, 1981 жылы туған, орыс, жоғары білімі бар, 2003 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2004 жылы «Архпроект-Т» ЖШС жобалаушы болып бастады.

10 жылдан аса мемлекеттік  қызметте.

- 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін «Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы департаменті» мемлекеттік  мекемесінің бас маманы, бөлім бастығы болып істеді;

- 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін - «Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы;

- 2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін - «Павлодар қаласы  сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бастығы – қаланың бас сәулетшісі;

2014 жылдан 2016 жылға дейін - «Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы - облыс бас сәулетшісі.

2016 жылғы 14 қыркүйектен бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Байжанов Бейімбет Таңатұлы 1967 жылы туған, қазақ, екі жоғары білімі бар: ауылшаруашылық – 1993 жылы Алматының зоотехникалық малдәрігерлік институты, және экономикалық – 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 1993 жылы мамыр айында Лебяжі ауданы Джамбыл совхозында № 2 бөлімшесінің бригадирі болып бастады.

1996 жылдың наурыз айынан бастап 1999 жылдың наурыз айына  дейін Лебяжі ауданы төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы бойынша бөлімінің меңгерушісі қызмет болды.

1999  жылдың қыркүйек айынан 2001 жылдың шілде айына дейін – Лебяжі ауданы аудандық статистика бөлімінің бастығы.

2001 жылдың шілде айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін - Лебяжі ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, басқарма бастығы.

2005 жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін - Лебяжі ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі.

2005 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың қаңтар айына дейін – Лебяжі ауданы әкімі аппаратының  басшысы.

2009 жылдың қаңтар айынан 2016 жылғы маусым айына дейін - Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары.

2016 жылғы 22 маусымнан бастап Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.