Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «2015 жылғы қала әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулерді жою және ұсыныстарды қарастыру мақсатында Павлодар қаласы әкімінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 197/4 қаулысын орындау барысы туралы ақпарат

 

р/с

АвтордыңТ. А. Ә.,

оның әлеуметтік жағдайы және мекен-жайы

Ескертулер мен ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Іске асыру барысы

1 -қос.,  9 -  т.

Александра Федоровна Потоцкая, 1 Май к-сі, 288, 531-п., зейнеткер

Ленин көшесін көгалдандыру бойынша жұмыстарды өткізу туралы

Ағымдағы жылда Ленин к-сі бойында ағаштар салынды:

-      Лермонтов көшесімен қиылында – 30 қайын, 10 қарағай, 1 шырша;

-      Кривенко к-сі, 25а ғимаратының жанында – 11 шырша

-      Центральный бағында – 18 шетен, 26 шырша.

Ағымдағы жылдың қазанында қосымша Центральный және Айналайын бақтарында 32 шырша салынады.

Осыған қоса, «Павлодар қаласы ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-мен Ленин к-сі бойынша (Кривенко - Естай көшелері учаскесінде) жасыл аумағын көгаландыру бойынша ЖСҚ әзірленді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2015-2016 жылдары бюджетке қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар жасалады.

1 -қос.,  15 -  т.

Любовь Васильевна Калымова, Целинная
к-сі, 46/1, 4-п., технологиялық колледжінің оқытушысы

Целинная көшесін (Чкалов-Заслонов көшелеріндегі учаскесі) жарықтандыру туралы

Целинная көшесін Чкалов к-сінен Заслонов к-сіне дейін учаскесінде жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жұмыстар аяқталуы мерзімі – ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін.

1 -қос.,  19 -  т.

Анет Тұрсынжан, Толстой к-сі, 101,
25-бөлме,
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті

«Жасыл Ел» жастар отрядының жұмысын жұртқа таныту бойынша іс-шараларын өткізу туралы

2015 жылға мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде, жалпы сомасы 892,0 мың теңгеге «Павлодар қаласында «Жасыл Ел» бағдарламасын жұртқа таныту бойынша іс-шараларын өткізу» іс-шарасы жоспарланған. Осы іс-шараның шеңберінде студент, құрылыс және жастар отрядтардың Павлодар облыстық штбымен мынадай іс-шаралар өтті: Павлодар қаласында «Жасыл Ел» бағдарламасын іске асыру туралы видеофильм түсірілді де, оқу орындарда көрсетілді (2015 қазанда теледидарда көрсетілуі жоспарланған), 10 номинациялары бойынша ең үздік сарбаздар белгіленген бағдарламалардың мерейтойлы еңбек маусымының саланатты жабылуы өткізілді, осыған қоса Павлодар қаласының 14 оқу орындары қалалық бағдарламаның шеңберінде жемісті еңбек үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылғы маусымның қорытындылары бойынша Павлодар қаласында «Жасыл Ел» бағдарламасын іске асыру шеңберінде сарбаздардың қатысу 25 пайызға көбейді (470 сарбаздан 590 сарбазға дейін)

1 -қос.,  23 -  т.

Баян Мұқышқызы Рахметова, Мүткенов к-сі, 58, 10а-п., «Қамқор» ПИК төрағасы

Ермак көшесін жарықтандыру туралы

Ермак көшесін жарықтандыруын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жұмыстар аяқталуы мерзімі – ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін.

1 -қос.,  24 -  т.

Залдан түскен жазбахат

Толстой к-сі, 90 бойынша үйінде лифттерді ауыстыру намесе күрделі жөндеу туралы

Қазіргі уақытта «Павлодар қаласы ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-мен Толстой к-сі, 90 тұрғын үйінде (1-8 подъезд) лифттердің күрделі жөндеуі бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

2015-2016 жылдары бюджетке қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар жасалады.

2015 жылғы бірінші жартыжылдықта Павлодар қаласы әкімдігінің жұмысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында және  «Мемлекеттік құрылыстың дамуы жолындағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталған.

ӨНЕРКӘСІП. Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен                     өткен кезең ішінде 198,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 98,0%-ды құрады, бұл 2014 жылғы ұқсас көрсеткіштен 1,2%-ға төмен            (2014 ж. – 99,2%).

ИНВЕСТИЦИЯ. Есептік кезеңде негізгі капиталға салынатын инвестициялардың көлемі 46,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы                     1-жартыжылдықтан 44,5%-ға артық.

Инвестицияларды негізгі қаржыландыру көздері кәсіпорындар мен халықтың меншікті қаражаты - 43% болып табылады, бюджеттік қаражат                    28%-ды, қарыз қаражатының үлесі 29%-ды құрады.

Бюджеттік инвестициялардың көлемі 12,9 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 9,6%-ға кем.

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық қызметті жандандыру Павлодар қаласы өнеркәсібінің даму беталысына жағымды әсер етеді.

Ағымдағы жылы 710 жұмыс орны құрылатын жалпы сомасы                     33,6 млрд.теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды, соның ішінде:

- «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС – «Полимер бұйымдарын өндіру». 2015 жылғы мамырда пайдалануға берілді.

- «Павлодарэнерго» АҚ – «ЖЭО-3 ст.№2 ПТ-65/75-130/13 турбинасын орнату». 2015 жылғы шілдеде пайдалануға берілді.

- «Kazakhstan Chemical  Company» ЖШС – «ПВХ, полипропилен және полиэтиленнен жасалатын тауарларды қайта өңдеу және өндіру зауыты». Пайдалануға беру мерзімі 2015 жылғы 4-тоқсан.

- «Агрохимпрогресс» ЖШС – «Павлодар» АЭА аумағында кемінде 95% эфир, кемінде 95% шегірткелер мен зиянкестерге қарсы биопрепарат, глифосат қышқылын, пестицидтер, өзге химиялық өнім және пластикалық өнім өндіру». Эфир өндіру бойынша жобаның бірінші кезеңін іске қосу 2015 жылғы қыркүйекте жоспарлануда.

- «УПНК-ПВ» ЖШС – «Мұнай коксын қыздыру құрылғысын салу                (2-кезең)». Пайдалануға беру мерзімі – 2015 жылғы қазан.

ҮИИД бағдарламасы іске асырыла басталғаннан бері 2010-2015 жылдары 129,1 млрд.теңге инвестиция көлемімен барлығы 34 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, 3508 жұмыс орны құрылды.  Оның ішінен 21 жоба жоспарлы 100% қуаттылыққа шықты.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2015 жылғы 6 ай ішінде                              797,5 млн. теңгені құрады (НКИ – 100,6%)

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындармен өңделген сұйық сүт өндірісі  28,5 %-ға, сары май 11,0%-ға, ұн 32,5 %-ға, шұжықтар және ет өнімдері 6,8 %-ға, нан 39,4 %-ға ұлғайтылды. Сыр мен ірімшік өндірісі 4,6%-ға, жарма 22,4%-ға, макарон 20,3%-ға төмендетілді.

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда мал шаруашылығында 2014 жылдың тиісті кезеңіне сәйкес ІҚМ басының саны 9,1 %-ға, қой 13,3 %-ға,  ешкі 78,6 %-ға, жылқы 40,2 %-ға, құс 56,6 %-ға ұлғайды, шошқа басының саны 16,5 %-ға қысқарды.

Ет өндірісі 3,8%-ға, сүт 5,2%-ға ұлғайды, жұмыртқа өндірісі өткен жылғы тиісті кезең деңгейінде қалды. Дәнді дақылдар егетін егістік жерлер жоқ.

ШАҒЫН  ЖӘНЕ  ОРТА  БИЗНЕС. Қазіргі уақытта қалада 23,6 мың бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді Шағын  және орта  бизнес саласында жұмыс істейтіндер саны 68614 адамды құрады.                               49,0 млрд.  теңге  сомасына өнім өндірілген, жұмыстар атқарылып, қызметтер көрсетілген.

 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылғы 6 ай ішінде Павлодар қаласында 1,9 млрд. теңге сомаға 25 жоба мақұлданды. Бұған қоса, «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» төртінші бағыты шеңберінде «бизнес - кеңесші» жобасы бойынша 266 адам оқытылды.

САУДА. Есептік кезеңде бөлшек тауар айналымының көлемі                        77,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы деңгейден 2,8%-ға төмен.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында көктемде «Павлодарда жасалған» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын, оған ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін 100 кәсіпорын, шағын және орта бизнестің 37 кәсіпорны қатысты.

Қалада 41 әлеуметтік дүкен желісі жұмыс істейді, соның ішінде ауылдық аймақта  - 6 дүкен.

2015 жылғы 6 ай ішінде 25 жәрмеңке өткізілді, онда 324,3 млн.теңге сомаға өнім сатылды.

БЮДЖЕТ. 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен бюджеттің жалпы көлемі 41,3 млрд.теңгені құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттер мен кредиттердің үлес салмағы 21,5 %-ға немесе 8,9 млрд. теңгеге тең.

2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қала бюджетінің шығыс бөлігі есепті кезеңге арналған жоспар 17,8 млрд. теңге кезінде, тұтас алғанда  98,6 %-ға атқарылған, атқарылуы 17,6 млрд. теңгені құрады (трансферттер түсімдерін ескере отырып). Қалалық бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспар 104,3%-ға асыра орындалған.

КӨЛІК. Есептік кезең ішінде көліктің барлық түрімен жолаушылар айналымы 3,4%-ға артты, жүк айналымының мөлшері 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,8%-ға өсті.  

167 қалалық автобуста GPS спутниктік мониторинг құралдары, автохабарлаушылар мен бейне-тіркеушілер орнатылған.

Қоғамдық көліктің «ОӘД» және «Бас пошта» екі аялдамасында автобустың аталған аялдамаға келу уақытын, күнін, ауа райын көрсететін ақпаратпен ақпараттық таблолар орнатылды және олар онлайн-режимде жұмыс істейді.

ҚҰРЫЛЫС. 2015 жылғы қаңтар-маусым ішінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 38,2%-ға өсіп, 15,3 млрд. теңгені құрады. Пайдалануға берілген объектілер құрылысының нақты құны 10,7 млрд. теңгені құрады.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңнен 26,4% артық. Жыл басынан барлық қаржыландыру көздері есебінен 35,9 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2014 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 159,8%-ды құрады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде Елгин көшесі, 47/1 бойында жалпы ауданы 1,6 мың ш.м. 35 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Қала күніне орай Толстой көшесі, 107 бойындағы тұрғын үйдің пәтер иелеріне кілттер табыс етілді, 108 пәтер қоныстандырылды.

Павлодар қаласында бюджетік қаражат есебінен жалпы ауданы                     22,0 мың ш.м. 384 пәтерлік төрт тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның үшеуі жылдың соңына дейін тапсырылатын болады:

- Толстой көшесі, 96 бойында 9 қабатты 2 кіре-берісті тұрғын үй. Пәтерлердің жалпы ауданы 4,2 мың ш.м. (72 пәтер);

- Димитров көшесі бойында 9 қабатты 3 кіре-берісті тұрғын үй. Пәтерлердің жалпы ауданы 6,3 мың ш.м. (108 пәтер);

- Гагарин-Ворушин көшелері ауданында 9 қабатты 2 кіре-берісті тұрғын үй;

- «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде 12 қабатты 3 кіре-берісті № 1 тұрғын үй. Пәтерлердің жалпы ауданы - 7,0 мың ш.м. (132 пәтер);

Бұған қоса, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ желісі бойынша Майра көшесі, 27 бойындағы 9 қабатты 4 кіре-берісті тұрғын үйді іске қосу жоспарланды.

Ағымдағы жылы «Сарыарқа» жаңа шағын ауданын салу бойынша жоспарларды іске асыру кезінде 12 қабатты 3 кіре-берісті № 10 тұрғын үй, 9 қабатты 3 кіре-берісті № 6 тұрғын үй, 9 қабатты 2 кіре-берісті № 9 тұрғын үйдің құрылысы басталатын болады. Құрылыс Алюминстройдағы тозған үйлерді бұзғаннан кейін басталады.

Тұрғын үй құрылысынан басқа 2015 жылы әлеуметтік сала объектілерінің құрылысы аяқталды:

- ПМПИ студенттеріне жатақхана;

- Павлодар ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулатория;

- Геринг-Минин көшесі бойында 320 орынға арналған балабақша.

ПМУ студенттеріне жатақхана, Амангелді-Ворушин көшесі бойында 1200 орынға арналған мектеп, Кенжекөл ауылында 600 орынға арналған мектеп, Мира көшесі бойында перинаталдық орталық құрылысы жалғасуда.

Аталған объектілерді пайдалануға беру 2015 жылғы 3-4 тоқсанға жоспарланды.

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ. 2015 жылы қалалық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін ұстауға және жөндеуге 2,2 млрд.теңге қарастырылған.

Ворушин көшесінен № 19 автожолға дейін Ломов көшесі бойындағы жолдың бір учаскесін орташа жөндеу орындалды, Қамзин көшесінен Российская көшесіне дейін Суворов көшесі, Ак.Сәтбаев көшесінен Ген.Дүйсенов көшесіне дейін М. Исиналиев көшесі бойындағы учаске аяқталу сатысында.

Қала көшелерінің екі учаскесін орташа жөндеу:

- Амангелді көшесінен Ж.Мұса көшесіне дейін 2-ші Южная көшесі;

- 1 Май көшесінен Пахомов көшесіне дейін М. Исиналиев көшесі;

және Мира көшесінен Путейская көшесіне дейін Ак.Бектуров көшесі бойындағы бір учаскеде күрделі жөндеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ж.Мұса көшесінен Қаз.Правда көшесіне дейін Парковая көшесі бойындағы учаскеде орташа жөндеу жүргізу жоспарланды.

4,8 млн.теңге сомаға жеке меншік сектордың 152 шақырым көшесін топырақ жабындымен тегістеу орындалды.

Қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі меморандум шеңберінде «Қазақстан алюминийі» АҚ қалаға сыйлық ретінде бес жаңа трамвай вагонын берді.

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.  2015 жылғы бірінші жартыжылдықта ТҮКШ бюджет көлемі 6,0 млрд.теңгені құрады, соның ішінде қаланы дамытуға жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер 2,2 млрд.теңге.

Абаттандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қалада 1100-ден аса ағаш отырғызылды, 845,0 мың ш.м. ауданда газондарды шабу және 6,0 мыңнан аса қ.м. бұтадан жасалған қоршауды кесу орындалды, 15,0 мыңнан аса ағаштар мен бұталарды, 1,5 мың қ.м. бұтадан жасалған қоршауды 5 рет суару жүзеге асырылады, 9,6 мың ш.м. ауданда гүлдер отырғызылды.

Сондай-ақ, Павлодар облысының әкімдігі және «ERG» компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде:

- жеті ауланы абаттандыру орындалды, құны 40,0 млн.теңге.

- Гагарин атындағы саябаққа күрделі жөндеу жүргізілетін болады, жобаның құны 380,0 млн.теңге.

 Кәсіпорындардың демеушілік қаражаты есебінен 12 аула абаттандырылды, 8 объектіде жұмыстар басталып кетті (98,7 млн.теңге жеке инвестиция тартылды).

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА. Есептік кезеңде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы өткен жылмен салыстырғанда 9,5%-ға өсті және 101595 теңгені құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі                2015 жылғы маусымға 17473 теңгені құрады.

2015 жылғы қаңтар-маусым ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін жалпы 338,6 млн.теңге сомаға мемлекет кепілдік берген төлемдер ұсынылған:

137 отбасыға (461 адам) 5,1 млн.теңге сомаға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді;

423 отбасыдан шыққан 912 балаға 4,4 млн.теңге сомаға 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төленді;

2115 отбасыға (2451 адам) 35,7 млн.теңге сомаға тұрғын үй көмегі төленді;

16464 азаматқа 293,4 млн.теңге сомаға жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төленді.

Санаторияларда, профилакторияларда (қалалық, облыстық, республикалық) мекемелердің ережесінде қарастырылған санаттардың ішінен 770 адам сауықтырудан өтті. «Қайырымдылық үйі» ММ-ге 45 адам жіберілді.

2015 жылы ҰОС қатысушыларына 26,2 млн.теңге сомаға 29 пәтер жөнделді. Қазіргі уақытта пәтерлерін жөндеуге мұқтаж ҰОС қатысушылары жоқ. ҰОС жеті ардагері жаңа пәтерлер алды.

Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу қарсаңында ҰОС ардагерлеріне жалпы 44,6 млн.теңге сомаға біржолғы материалдық көмек төленді.

Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге 277,6 млн.теңге жұмсалды, соның ішінде 1205 мұқтаж мүгедекке гигиеналық заттар берілді, 921 – жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерін алды.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ. 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар  саны 1115 адамды құрайды.

Есепті кезеңде жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарына жүгінген, тіркелген азаматтардың саны 3199 адамды құрады. Жұмысқа орналасуына жәрдем көрсетуге жүгінген жұмыссыздар саны өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 11,9 %-ға артты.

2516 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 345 адам, жастар практикасына – 68 түлек. Қоғамдық жұмыстарға 725 жұмыссыз азамат қатысты. 2015 жылғы 1 шілдеге 2260 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жоспардың 90,4%-ы (1868 – тұрақты, 392 - уақытша).

Тіркелген  еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі 0,5 %-ды құрайды. 

2015 жылдың басынан бастап Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бойынша Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына 158 адам жүгінген, олар барлығы Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізілді:

- «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» 1-ші бағыты бойынша 146 жаңа жұмыс орнын құрумен 152,2 млн.теңге сомаға 8 жоба (1 денсаулық сақтау жобасы, 4 әлеуметтік қорғау жобасы, 2 білім беру жобасы, 1 спорт жобасы) қаржыландырылды.

 - «Кәсіпкерлікті дамыту дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» 2-ші бағыты бойынша 2015 жылға микрокредиттеу бойынша 13 қатысушы анықталды. Жобалар мынаны қамтиды: 31,3 млн.теңге сомаға жеке ісін ашу бойынша 11 жоба, 6,0 млн.теңге сомаға бизнесті кеңейтуге 2 жоба. Кәсіпкерлік субъектілерін іске қосу есебінен 17 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

 - «Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде оқыту және көшу арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» 3-ші бағыты бойынша 21 ұйыммен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша шарттар жасалды, 69 азамат жұмысқа орналастырылды (жоспардың 69%-ы). 2014 жылдың                    52 қатысушысы әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуын жалғастыруда. Жалақыны субсидиялауға 2015 жылға 33,3 млн.теңге бөлінді.

Жастар практикасына 2014-2015 жылдардың 18 түлегі немесе жоспардың 25,7%-ы (жоспар - 70) жұмысқа орналастырылды, жастар практикасы 11 кәсіпорында ұйымдастырылған. Еңбек ақысын төлеуге республикалық бюджеттен 18,4 млн.теңге бөлінді.

БІЛІМ БЕРУ. 52939 бала мен жасөспірім оқыту және тәрбиелеумен қамтылған, соның ішінде қаланың 48 мектебінде 34347 оқушы оқиды.                  11 мектептен тыс мекеменің контингенті 11 мыңнан аса тәрбиеленушіні құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 67 мемлекеттік, 1 жеке меншік балабақшаны, 3 жеке меншік шағын орталықты және мектеп жанындағы             21 шағын орталықты құрайды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамту 83,8%-ды (2014 жыл - 83%),     3 жастан 6 жасқа дейін - 100 %-ды (2014 жыл – 100%) құрайды.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысын  «Лингва», «Солнышко», «Самал», «Smart Kid» 4 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымда 452 орынға орналастыру жалғастырылды.

Ағымдағы жылы балабақшаларды орналастыру үшін Павлодар облысының әкімдігі және «ENRC Көмек» компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде сатып алынған 4 ғимаратты қайта жаңарту басталды.

2-ші Павлодар ауданында Як.Геринг көшесі бойында 320 орынға арналған балабақша құрылысы аяқталды. Соның арқасында, осы жылы балаларға 707 орын құрылатын болады, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% деңгейінде қамту және 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды 83,8% деңгейінде қамту көрсеткішінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қала ауылдарында (Павлодар ауылы, Кенжекөл ауылы, Ленин кенті) 140 орынға арналған 3 балабақша салуға ЖСҚ мемлекеттік сараптамада.

 Қаланың жалпы білім беретін мекемелерінде 2607 педагог жұмыс істейді, оның ішінен 91,6%-ы жоғары білімді, 69,5%-ы жоғары және бірінші санаттағылар.

Қаланың 32 инновациялық білім беру мекемесінің құрамында жаңа үлгідегі мектептер, инновациялық бейінді жалпы білім беретін мектептер қызмет етулерін жалғастыруда. Қаланың барлық мектептері Интернет желісіне қосылған: бір компьютерге жабдықтаудың орташа көрсеткіші 6,5 адамды құрайды, компьютерлер саны – 5045 бірлік. «Электрондық оқыту» жүйесін енгізу бойынша республикалық пилоттық жобаға қаланың 35 мектебі енгізілді.  

ҰБТ қорытындысы бойынша оң серпін байқалады. 2015 жылдың мектеп түлектері орташа есеппен 86,99 балл жинады (2014 жыл – 85,76), облыстық көрсеткіш – 80,16 (2014 жыл – 79,8 балл).

Ағымдағы жылғы жазғы кезеңде демалыстың, сауықтыру мен жұмыспен қамтудың барлық формаларымен 1-10 класс оқушыларын (32,2 мың оқушы) 100% қамту жоспарлануда. Осы мақсатқа бюджеттен 60,1 млн.теңге бөлінді.

Жаңа оқу жылына қарай Кенжекөл ауылында 600 орынға арналған жаңа мектепті іске қосу жоспарлануда және ағымдағы жылғы желтоқсанда Павлодар қаласында Амангелді-Ворушин көшелері ауданында 1200 орынға арналған қазақ тілінде оқытатын мектеп іске қосылатын болады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қалада мына көрсеткіштер:

- туберкулезбен сырқаттану 12,2%-ға;

- сәби өлім-жітімі 9,3%-ға;

- қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім 5,3%-ға төмендеді.

2015 жылы Павлодар қаласының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 8,3 млрд.теңге қарастырылған, бұл 2014 жылғыдан 7,3%-ға артық.

2015 жылғы 1-жартыжылдық ішінде 150,9 млн.теңге сомаға 30 бірлік медициналық құрал-жабдық, 11,3 млн.теңге сомаға 6 бірлік санитарлық автомобиль сатып алынды. Павлодар қаласының № 4 емханасы мен Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына 93,7 млн.теңге сомаға бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынды.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 268,6 млн.теңге сомаға төрт денсаулық сақтау объектісін күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

2015 жылы Павлодар ауылында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашты.

МӘДЕНИЕТ. Есепті кезең ішінде мәдени-демалыс жұмыстары шеңберінде жалпы 51,8 млн.теңге сомаға 588 іс-шара өткізілді, оған                           309,3 мың адам қатысты.

Салтанатты және мерекелік іс-шаралар Наурыз мейрамын мерекелеуде, Қазақстан халқының бірлігі күнінде, Балаларды қорғау күнінде, Қала күнінде ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылы Ұлы жеңістің 70-жылдығын мерекелеу шеңберінде танымал тұлғалар, мәдениет қайраткерлері тұрған және жұмыс істеген үйлер мен ғимараттардың қасбеттерінде 7 мемориалды тақта орнатылды.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына және Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығында «Ұлт пенен достық тұнығы, Мәңгілік елдің тұғыры» атты қалалық айтыс өтті.

Кітап қоры 456,9 мың дананы құрайды, оның ішінен 95,6 мың дана мемлекеттік тілде.

СПОРТ. 2015 жылғы қаңтар-маусым ішінде 184 жаппай-спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары өткізілді, оған 18 мыңнан аса салауатты өмір салтын сүюшілер спорттың 43 түрі бойынша қатысқан. Осы іс-шараларға қалалық бюджеттен 16,4 млн. теңге жұмсалған.

2015 жылғы 23 мамырда халықаралық Олимпиада күніне арналған жаппай велосипед жарысы өткізілді, оған 200-ден аса адам қатысты.

Маусым айында мемлекеттік қызметшілердің, өндірістік ұжымдар, білім беру мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысының тесттерін тапсыру өткізілді, іс-шараға 330 адам қатысты.

Айтулы іс-шаралардың ішінен Совет Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың 90-жылдығына арналған «қазақша күрес» турнирін атап өтуге болады.

ТҚАБ (тірек-қозғалыс аппараты бұзылған) және көру қабілеті бойынша мүгедектер арасында жаппай спортты дамыту мәселесі жеке қабылауда тұр. Қазіргі уақытта көру, есту органдары, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 600-ден аса мүгедек спорттың 12 түрі бойынша және Спешиалолимпикс бағдарламасы бойынша оқитындар дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тартылған, бұл қала мүгедектерінің жалпы санына қарағанда шамамен 6%-ды құрайды.

Павлодар қаласының Солтүстік өндірістік аймағында 2400 орынға арналған екі трибунасы бар «Құлагер» ипподромы ашылды.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік меморандумы шеңберінде демеушілік қаражат есебінен 1 Май көшесі бойында жасанды жабындымен шағын футбол алаңы және Усолка шағын ауданындағы «Ертіс» шаңғы базасында ұзындығы 3 шақырым шаңғы-роллер трассасы ашылды (құрылыстың құны – 96,0 млн.теңге).

Сондай-ақ, «ENRC Көмек» корпоративтік қорының демеушілік қаражаты есебінен Павлодар қаласының орталық стадионын қайта жаңарту, соның ішінде батыс трибунада қалқа орнату және футбол жабындысын ауыстыру аяқталды.

Бұған қоса,  демеушілік қаражат есебінен қаланың шағын аудандарында жасанды жабындымен 5 шағын футбол алаңы салынатын болады.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС. Өткен кезең ішінде ішкі істер органдарымен Павлодар қаласының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу саласында мақсатқа бағдарланған жүйелі жұмыс жүргізілді.

«Құқықтық тәртіп», «Қару», «Баспанасыз», «Іздеу», «Нелегал», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Допинг» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілген болатын.

Учаскелік полиция инспекторларының халықпен, сондай-ақ КСК өкілдерімен кездесулері кезінде тұрғындармен пәтер сигналдарын, домофондар, темір есіктер және кіре-берістерде шатыр асты люктар, пәтер ұрлықтарын және басқа қылмыстарды болдырмау үшін бейне-бақылау және жарықтандыру жүйелерін орнату туралы мәселелер тұрақты негізде көтеріліп отырады.

«Павлодар – қауіпсіз қала» жобасы шеңберінде Орталық Жағажайда, «Ардагерлер» саябағында және «Автомобилист» стадионда ағымдағы жылы интеллектуалдық бейне-бақылау жүйесі енгізіліп жатыр: қоғамдық қауіпсіздік бұзушылықтарын бейне-тіркеу үшін 8 камера орнатылуда.  Барлық деректер нақты уақыт режимінде түседі және ІІД Жедел басқару орталығымен жедел өңделетін болады.

Ауыр және аса ауыр құқық бұзушылықтар түрлерінің жалпы ашылуы 6,6%-ға, аса ауыр – 21,0%-ға, ауыр – 4,4%-ға жақсарған.

Сонымен қатар, 2015 жылғы қаңтар-маусым ішінде тіркелген қылмыстар саны 22,1%-ға өсті, бұл 6173 фактіні құрайды (2014 жылғы 6 ай ішінде - 5054). Қылмыстардың көп бөлігін 49,9 % - ұрлық, 5,6 % - тонау, 0,6% - қарақшылық, қасақана адам өлтіру, 43,9 % - басқа қылмыс  түрлері  құрайды.

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ. Ішкі саясат саласындағы маңызды бағыттардың бірі үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, этно-мәдени бірлестіктермен, діни конфессиялармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

Партиялар, этномәдени бірлестіктер, ҮЕҰ өкілдері қаланың қоғамдық-саяси өміріне қатысуға белсенді тартылады.

Қала әкімдігі жанында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша консультативтік кеңес өз қызметін жүзеге асырады. Бүгінгі күні, облыстық әділет басқармасының деректері бойынша 660 ҮЕҰ тіркелген (оның ішінен қалада - 470). Тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік тапсырыс ҮЕҰ мемлекеттік қолдаудың анағұрлым тиімді формасы болып табылады. Тұтас алғанда, 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру қала бойынша 173,0 млн.-нан астам теңгені құрады (2014 ж. – 250,0 млн.теңге, 2013 ж. – 300,0 млн.теңге).

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының 24 этно-мәдени бірлестігімен, ЭКО жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесімен тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.

Қала аумағында 33 діни бірлестік тіркелген. Діни қауымдардың қарамағында 27 мәдени ғимарат бар. Қаланың әр түрлі діни бірлестіктерінде жақын және алыс шетел елдерінен 16 миссионер діни қызмет атқарады, олардың арасында Ресей, Германия, Польша, Украина, Қазақстан азаматтары.

Дінаралық қатынастар саласында тұрақтылықты сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық және идеологиялық жұмыс жүргізіледі. Жұмыс дәстүрлі конфессиялардың діни бірлестіктерінің басшыларымен бірлесіп, атқарушы және құқық қорғау органдарының тығыз өзара әрекеттесуінде жүзеге асырылады.

ЖАСТАР САЯСАТЫ.

Қалада 14 жастан 29 жас аралығындағы жастар саны  80 411 адамды құрайды, бұл жалпы халық санының 22,8%-ын құрайды. Оның ішінен ерлер 38 948 (48,4%), әйелдер 41 463 (51,6%).

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберіндегі іс-шаралармен жыл сайынғы қамту Павлодар қаласында 35 000 аса жастарды құрайды, бұл Павлодар қаласының жалпы жастар санының 43,5%-ын құрайды.

10 жылдан аса Павлодар қаласында мемлекеттік жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру бағдарламасы іске асырылуда.

2015 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру Павлодар қаласында 17082,7 мың теңгені құрады. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Павлодар қаласында                        25 іс-шара (лот) қарастырылған, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жыл сайын өңірлік жастар үкіметтік емес ұйымдары жүзеге асырады. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарлама бойынша жеткізушілер Павлодар қаласында 15 үкіметтік емес ұйым болды: «Павлодар облысы «Жас Отан» қоры» КҚ, «Дені сау ұлт» ҚҚ, «Кенжекөл жастары» ЖҚБ, «NOMAD» ЖҚБ, «Павлодар облысының жас кәсіпкерлер одағы» ҚҚ, «Павлодар жастар жобаларының лигасы» ҚБ, «Шығармашылық жобалар орталығы» ӨЖҚБ, «Бес Асыл» ҚБ және басқалар.

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ. 2015 жылғы 1-жартыжылдық ішінде қала әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 1586 өтініш (2014 ж. – 1684) түсті.

 Барлық өтініштер бақылауға алынды, өтініш берушілерге жауап берілді. Өтініштердің көп саны мына мәселелер бойынша түскен:

- тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық – 903 өтініш;

- жер қатынастары және жер пайдалану – 219 өтініш;

- әлеуметтік сала: білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және халықты жұмыспен қамту – 325 өтініш;

- кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы – 51 өтініш;

- құрылыс – 52 өтініш;

- басқалар – 36.

Есептік кезеңде қала әкімінің аппаратында азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді, жеке қабылдауында 407 азамат қабылданды.

Қала ауылдары әкімдерінің аппараттарына 448 өтініш беруші жүгінді, оның ішінен 372 жазбаша жүгінді, жеке қабылдауында 76 адам болды. Ауыл тұрғындарын көбінесе жер қатынастары, абаттандыру, ауылдарды көліктік қамтамасыз етуге қатысты мәселелер алаңдатады.

2015 жылғы 1-жартыжылдық ішінде қала халқымен 7 есептік кездесу өткізілді, соның барысында азаматтардың 134 ескертпесі мен ұсынысы айтылды. Оның ішінен 109-на кездесу барысында түсініктеме берілді. Есеп беру барысында түскен ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында 25 өтініш бақылауға алынды, оның ішінен 14 мәселе іске асырылды, 11 өтініш жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Есепті кезең ішінде Павлодар облысы әкімінің блог-платформасына 1653 өтініш түсті.

Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «2015 жылғы қала әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулерді жою және ұсыныстарды қарастыру мақсатында Павлодар қаласы әкімінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 197/4 қаулысын орындау барысы туралы ақпарат

 

р/с

АвтордыңТ. А. Ә.,

оныңәлеуметтікжағдайыжәнемекен-жайы

Ескертулерменұсыныстардыңқысқашамазмұны

Іске асыру барысы

1 -қос.,  16 -  т.

Балшақар Тоқтамысқызы Мұқанова, Чкалов к-сі, 132, 36-п., «Бражникова» жеке кәсіпкерліктегі мастер

 

«Павлодар бейімдеу орталығы – нақты мекенжайы жоқтардың баспанасы» КМК Чкалов к-сі, 128/1 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттан көшіру туралы

2015 жылғы 20 маусымнан «Павлодар бейімдеу орталығы – нақты мекенжайы жоқтардың баспанасы» КМК-ны Чкалов к-сі, 128/1 мекенжайынан Космонавтов к-сі, 1 бойынша орналасқан ғимаратқа көшірілді.

 

Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «2015 жылғы қала әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулерді жою және ұсыныстарды қарастыру мақсатында Павлодар қаласы әкімінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 197/4 қаулысын орындау барысы туралы ақпарат

 

Толығырақ...

Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «2015 жылғы қала әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулерді жою және ұсыныстарды қарастыру мақсатында Павлодар қаласы әкімінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 197/4 қаулысын орындау барысы туралы ақпарат

Толығырақ...

Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «2015 жылғы қала әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулерді жою және ұсыныстарды қарастыру мақсатында Павлодар қаласы әкімінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 197/4 қаулысын орындау барысы туралы ақпарат

Толығырақ...

Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «2015 жылғы қала әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулерді жою және ұсыныстарды қарастыру мақсатында Павлодар қаласы әкімінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 197/4 қаулысын орындау барысы туралы ақпарат

Толығырақ...

2014 жылы Павлодар қаласы әкімдігінің жұмысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Толығырақ...