Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 06 Сәуір 2016 08:49

2016 жылғы қаңтар - ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

1. Жалпы мәлімет

Қаланың әкімшілік-аумақтық құрылымына 1 ауылдық округ, 3 ауыл және 1 кент кіреді. Павлодар қаласының ауылдық елді мекендері әлеуметтік-экономикалық деңгейі бойынша экономикалық дамудың орташа әлеуетіне жатады.

2016 жылғы 1 қаңтарға халық саны 358,9 мың адамды құрады.

2. Ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Өнеркәсіп.

2016 жылғы қаңтар ішінде қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен жалпы 44696,5  млн. теңге сомасына өнім өндірілді, нақты көлем индексі –              93,4 %, соның ішінде салалар бойынша:

өңдеу өнеркәсібінде – 37977,5 млн. теңгеге өнім өндірілді (НКИ –                      90,7 %);

тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – өндіріс                       38,8 млн. теңгені құрады (НКИ – 20,5%);

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны алмастыру –                            6112,0 млн.теңге  (НКИ – 103,4 %);

сумен жабдықтау, кәріз, қалдықтарды жинау және бөлуін бақылау жүйесінде –  568,2 млн. теңге (НКИ – 139,4%).

Есепті кезең ішінде электр энергиясы – 622,9 млн. кВт/сағ. (108,4%), жылу энергиясы – 1,3 млн. Гкал (91,2%) өндірілді.

2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің жалпы көлемінің өндірісі 13,4%-ға азайды. Моторлы отын (бензин) шығару 3,7 %-ға, отын мазуты 3,2 %-ға ұлғайды. Бұл ретте, газойльдер (дизельді отын) өндірісі 33,8 %-ға төмендеді.

Металлургия өнеркәсібінде болат өндірісі 51,8%-ға ұлғайды, жіксіз құбырлар өндірісі 4,1%-ға, өңделмеген алюминий 1,0 %-ға азайды.

Ауыл шаруашылығы.

2016 жылғы қаңтар ішінде ауыл шаруашылығы өнімін (қызметтерін) жалпы шығару 115,7 млн. теңгені құрады (НКИ – 96,5%).

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындармен сұйық өңделген сүт өндірісі 15,5%-ға, сары май 42,9%-ға, сыр және ірімшік 72,2%-ға, шұжықтар және еттен жасалған өнімдер 9,4%-ға, нан 0,2%-ға, макарон 3,4%-ға ұлғайды. Ұн өндірісі 2,3 %-ға  төмендеді. Жарма өндірісі өткен жылғы деңгейде қалды.

Ағымдағы жылғы қаңтарда мал шаруашылығында 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ІҚМ басының саны 8,2%-ға, қой 2,0%-ға, ешкі                 8,4%-ға, жылқы 1,9%-ға ұлғайды, бұл ретте шошқа басының саны 6,2%-ға төмендеді, құс саны өткен жылғы деңгейде қалды.

Сүт өндірісі 1,8%-ға ұлғайды, ет өндірісі 7,2%-ға төмендеді, жұмыртқа өндірісі өткен жылғы деңгейде қалды. Дәнді дақылдар отырғызылған егістік жерлер жоқ.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29,8 мың бірлікті құрады.

Шағын  және орта  бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 72179 адамды құрады.

2016 жылғы қаңтар ішінде 3045,1 млн. теңге сомасына өнім өндірілген, жұмыстар атқарылып, қызметтер көрсетілген.

Инвестициялар.

2016 жылғы қаңтар ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1009,7 млн. теңгені құрады (44,3%).

Инвестициялардың негізгі бөлігі құрылыс-монтаждау жұмыстарына -             49,8%, машиналар мен құрал-жабдықтарға – 46,7%, ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеуге – 1,4%, өзге шығындарға – 2,1% инвестиция жұмсалған.

Инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көздері меншікті қаражат (88,3%,) қарыз қаражаты (9,9%) болып табылады, бюджеттік қаражат үлесіне 1,8% келеді.

Құрылыс.

2016 жылғы қаңтар ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі                           906,7 млн. теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 108,1%-ды құрады.

2016 жылғы қаңтар ішінде барлық қаржыландыру көздері есебінен                 1,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылғы қаңтардан 12,7%-ға кем.

Павлодар қаласында бюджеттік қаражат есебінен Толстой көшесі, 96 бойында 9 қабатты 2 кіре-берісті тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жатыр. Пәтерлерінің жалпы ауданы 5,9 мың шаршы метр (72 пәтер).

Мына үйлердің құрылысы жалғасуда:

- «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде 12 қабатты 3 кіре-берісті № 1 тұрғын үй.  Үйдің жалпы ауданы  – 7,0 мың шаршы метр (132 пәтер);

- «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде 9 қабатты 3 кіре-берісті № 10 тұрғын үй. Үйдің жалпы ауданы  – 6,0 мың шаршы метр (105 пәтер);

- «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде 9 қабатты 3 кіре-берісті № 6 тұрғын үй. Үйдің жалпы ауданы  – 5,4 мың шаршы метр (78 пәтер);

- «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде 9 қабатты 2 кіре-берісті № 9 тұрғын үй. Үйдің жалпы ауданы  – 3,6 мың шаршы метр (52 пәтер).

Көлік.

Есепті кезеңде көліктің барлық түрлерімен жолаушылар айналымы өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 25,4%-ға, жүк айналымы 1,3%-ға артты.

Әлеуметтік сала.

2016 жылғы қаңтарда ең төменгі күнкөріс мөлшері халықтың жан басына шаққанда орташа есеппен 17603 теңгені құрады.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде жалдану арқылы жұмыс істейтіндердің саны 113,5 мың адамды құрады, оның ішінен ірі және орта  кәсіпорындарда 86,4 мың адам. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (тоқсанына бір рет есептеледі) 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 110752 теңгені құрады және 2014 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 6,2%-ға ұлғайды.  2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда демографиялық жағдай халықтың табиғи өсуімен сипатталды және 2527 адамды құрады. Осы кезең ішінде АХАЖ органдарымен 6056 туу тіркелген, бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсаннан               0,5%-ға төмен.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген өлім-жітім саны 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға ұлғайды және 3529 адамды құрайды.  3369 неке, 1760 ажырасу тіркелген.

Әлеуметтік қорғау 2016 жылғы қаңтар - ақпан ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін мемлекет кепілдік берген төлемдер ұсынылды:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 58 отбасыға (188 адам)                          1,5 млн. теңге сомасына төленді;

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 174 отбасыдан шыққан 423 балаға 1,5 млн. теңге сомасына төленді;

тұрғын үй көмегі 1181 отбасыға (1295 адам) 9,0 млн. теңге сомасына төленді;

жергілікті өкілді органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек 2032 азаматқа 35,5 млн.теңге сомасына төленді.

Санаторийларда, профилакторийларда (қалалық, облыстық, республикалық) мекемелердің ережесінде қарастырылған санаттардың ішінен              332 адам сауығудан өтті. «Мейірімділік үйі» ММ-ге  15 адам жіберілді.

«Павлодар қаласы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ММ 570 жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткер мен мүгедекке үйде қызмет көрсетеді, мүмкіндігі шектеулі 161 балаға, психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан үлкен 83 мүгедекке үйде қызмет көрсетеді.

«Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 346 мүгедекке гигиеналық заттар берілді, жеке көмекші қызметтері 710 мүгедекке ұсынылды, ымдау тілі мамандарының қызметтері есту қабілеті бойынша 259 мүгедекке ұсынылды.

Жұмыспен қамту саласында есепті кезеңде жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту органдарына жүгінген, тіркелген азаматтардың саны 2061 адамды құрады. 

889 азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 163 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, жастар практикасына – 55 түлек.                 471 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға қатысты.

Тіркелген еңбек нарығында  жұмыссыздық деңгейі 0,9 %-ды құрайды. 

2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздардың саны – 1922 адам.

 

Білім беру.

Есепті кезеңге Павлодар қаласының білім беру жүйесі құрылымына               135 мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымы кіретін ұйымдар желісін көрсетеді, соның ішінде:

45 жалпы білім беретін мектеп;

1 оқу-өндірістік комбинаты;

72 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме;

11 мектептен тыс мекеме;

6 мемлекеттік емес ұйым.

Есепті кезеңге барлығы 55593 бала мен жасөспірім  оқу және тәрбиемен қамтылған (2014 ж. – 52797), соның ішінде қала мектептерінде 36053 оқушы (2014 ж. - 34476) оқиды, мемлекеттік балабақшаларда 17734 бала, мектеп жанындағы 21 шағын орталықта – 1236 бала, 5 жеке-меншік мектепке дейінгі ұйымда – 570 бала тәрбиеленеді.

Тұтас қала бойынша, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 86,0 %-ды (2014 ж. – 83,8%),                      3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100 %-ды құрады (2014 жыл -              100 %).

Қаланың 45 мектебі компьютерлік техникамен қамтылған және Интернет желісіне қосылған. Бір компьютерге орташа қамтылу көрсеткіші 6,5 адамды құрайды, компьютерлер саны - 5311 бірлік.  44 мектептің web – парақтары белсенді жұмыс істейді. Қала мектептерінде интерактивті құрал-жабдық белсенді қолданылады, 380 интерактивті тақта және 40 лингофон-мультимедия кабинеті бар.  

Есепті кезеңге қаланың жалпы білім беретін мекемелерінде 2680 педагог жұмыс істейді, оның ішінен  91,5 %-ы жоғары білімді, 68,5%-ы жоғары және бірінші санаттағылар.

Есепті кезеңде 35119 оқушы (100%) тамақпен қамтылған (2014 жыл –                   95,7 %), соның ішінде ыстық тамақпен - 35119  (100%)   (2014 жыл – 78,0%).

Денсаулық сақтау.

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; № 1, 2, 3, 4 қалалық ауруханалар; балаларды оңалту қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория,                             3 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.

2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тыныс алу органдары туберкулезімен ауру жағдайлары 11,8 %-ға өткір ішек инфекцияларымен ауру жағдайлары 6,1%-ға төмендегені байқалады.

Мәдениет және спорт.

Мәдениет мекемелерінің желісі  24 кітапханадан, 7 мәдениет сарайы және мәдениет үйінен, 4 кинотеатрдан, 2 драмтеатрдан, 5 мұражайдан,  6 клубтан,               23 ұлттық-мәдени орталықтан тұрады.

Есепті кезең ішінде мәдени-демалыс жұмысы шеңберінде жалпы                    212 мың теңге сомасына 57 іс-шара өткізілді, оған 5700 адам қатысты.

Қала тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен жаппай шұғылдануына 1063 спорт имараты берілген, оның ішінен: 4 стадион,                       2 спорт сарайы, 1 спорт имараты кешені, 9 спорт кешені, 11 жүзу бассейні,                137 спорт залы, 1 «Юность» жеңіл атлетика манежі, 3 шаңғы базасы,                         33 ату тирі, «Таргет» атыс орны, 606 жазықты имарат, 4 жабылғанын қоса алғанда 26 хоккей корты, 5 жабылғанын қоса алғанда 12 теннис корты, «Құлагер» ипподромы, 216 салынған спорт залы.

2016 жылғы қаңтар - ақпан ішінде 52 жаппай-спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өткізілді, оған 4,0 мыңнан астам салауатты өмір салтын сүюшілер спорттың 8 түрі бойынша қатысқан. Осы іс-шараларға қалалық бюджеттен 5,4 млн. теңге жұмсалған.

Бюджет.

Есепті кезең ішінде қала бюджетіне жоспар 4387,4 млн. теңге немесе 141,4% кезінде 6205,4 млн. теңге меншікті кірістер жұмылдырылған.

2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қала бюджетінің шығыс бөлігі есепті кезеңге арналған жоспар 5490,0 млн. теңге кезінде, тұтас алғанда                   96,2 %-ға атқарылған, атқарылуы 5279,1 млн. теңгені құрады (трансферттер түсімдерін ескере отырып).

2016 жылға арналған қала бюджетінің көлемі тұтас алғанда                          44529,4 млн. теңгені құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттер мен кредиттердің үлес салмағы 21,2%-ға немесе 9448,3 млн. теңгеге тең.

 

 

Павлодар қаласы экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы                                           Д. Бипау

Оқылды 289 рет