Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 04 Қаңтар 2017 10:40

Кенжекөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы А.Ш. Манкеевтың есепті баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

2017 жылғы 1 қаңтар жағдайына қарай Кенжекөл ауылдық округінде 7 418 адам тұрады. Ауылдық округінің құрамына  Кенжекөл, Байдала, Долгое ауылдары кіреді.

Округ аумағында 755 зейнеткер тұрады; еңбекке жарамды халықтың саны – 4 758 адам, оның ішінде жұмыс істейтіндер – 4 735 адам, өздігінен жұмыспен қамтылған -110 адам.

 

 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ,  ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Округ аумағында шағын кәсіпкерліктің 79 субъектісі жұмыс істейді.

Азық-түлік пен қажетті тауарлардың сатуымен 27 дүкен айналысады, оның ішінде екі «әлеуметтік» сауда нүктелері бар. Екі дәмхана мен бір шаштараз тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Ауылшаруашылық өнімдерді қайта өндейтін бір нысан бар – ол жүнді өңдеп, киіз, текемет, пима, бахилдер және киіз үйлер жасайтын цех (Байдала ауылындағы «Мұстафинов» ЖК). Цех жыл сайын 10,0 мың жүп пима, 8,0 мың жүп бахилдер, 30 тонна киіз шығарады; осы өнімде                     30 адам жұмыспен қамтылған. Аталмыш өнімдер құр жергілікті деңгейінде емес, Павлодар облысының сыртында да сатылатын болады.

Сондай-ақ, Кенжекөл ауылдық округінде 7 жұмыскер санындағы, ай сайын 30 жиынтық жиһаз шығаратын жұмсақ жиһаз жасау бойынша цехі бар (ЖК «Мендыбаева Б.Ш.).

«Арғынат» ШҚ-да маусымды кезеңінде 3600 саныда шлакоблоктық кирпіш  жасалады; сол жерде 5 адам жұмыс істейді.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде өз ісін ашу үшін мал өсіруіне арнаулы 8 адам 22,0 миллион теңге сомасында шағын несие алды.

Ауылдық округте үш шаруа қожалығы жұмыс істейді. Онда – 351 бас ірі қара мал (оның ішінде 231 сиыр), 9 бас жылқы, 56 бас – ұсақ қара мал, 4 бас – шошқа  ұсталады.

Округте 1373 аула есепке  алынып отыр, оның ішінде 921 аула мал ұстамайды. Барлығы ауылдық округ бойынша ірі қара малдың саны –                2 091 басы, оның ішінде 1094 сиыр, 5 172 бас –ұсақ қара мал, 1 344 бас -  жылқы және 1 457 құстар есептелінуде.

Көктем-күз уақыттарында ветеринарлық-алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Барлық мал басы қажетті вакцинациядан өтеді.

 

САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚТАРДЫҢ КІРІС БӨЛІГІН КӨБЕЙТУ

2016 жылғы 1 желтоқсанның жағдайында Кенжекөл ауылдық округі бойынша Салық  басқарманың  есебіне  20 435,0 мың теңге түсті,  оның ішінде 2015 жылға  мерзімінде төленбеген салық– 4 295,0 мың теңге. Оның ішінде:

-      жеке тұлғалардың жеріне салық 534,0 мың теңге сомасында.

-      жеке тұлғалардың мүлігіне салық 2 677,6  мың теңге сомасында.

-      көлік қаражаттардың салығы 8 927,6 мың теңге сомасында.

-      кәсіпкерлерден төленетін кіріс көздерінде салық салынбайтын кіріс бойынша жеке табыс салығы 4 000,8 мың теңге.

 

АБАТТАНДЫРУ И ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

«Автомобиль жолдарын қамтамасыз ету және қызмет атқаруы» бағдарламасы бойынша 14178,0 мың теңге бөлінді. Келесі жұмыстар жүргізілді:

- Долгое ауылында кіріс жолдың орташа жөндеуі ұзындығы 0,5 км 9 220,8 мың теңге сомасында;

- қысқы мерзімде жолдарды ұстау (қардың толқынынан жолдың жиегін тазалау – 770 км өтетін жер, өтетін жердің қарын тазалау ұзындығы 171 км өтетін жер, қарды шығару 5 км қашықтықта ) – 2 294,0 мың теңге (Кенжекольская, Дружба, Ашимбетов, Рамазанов, Октябрьская, Южная, Токин, Семипалатинская, Шоктальская, Саттарханов, Дорожная көшелері және Кенжекөл, Байдала мен Долгое ауылдарының қалған көшелері);

- жолдардың ағымдық (шұнқыр) жөндеуі – 2 664,0 мың теңге.

«Аудандардың экономикалық дамуына қолдау көрсету бойынша шаралар қолдану» бағдарламасы бойынша 3 572,0 мың теңге бөлінді.

Келесі іс-шаралар өткізілді:

-            ағаштарды кесу, тамырларын қопарып алу және ағаштарды салу бойынша 640,0 мың теңге сомасында жұмыстар;

-            952,0 мың теңге сомасында Кенжекөл мен Байдала ауылдарының көше жолдарын жөндеу;

-            1 650,89 мың теңге сомасында үш стритболдық алаңқайларын жасап құру;

-            330,0 мың теңге сомасында көшелердің жапрықтату (Саттарханов көшесінің жарықтатуының құрастыруы және сынауы).

«Елді мекендердің көшелерін жарықтату» бағдарламасы бойынша 9 560,0 мың теңгекелесі іс-шараларға бөлінген:

-            Кенжекөл, Байдала, Долгое ауылдарының көшелерін жарықтатандыру үшін электр энергиясының жеткізіліміне – 3 560,0 мың теңге;

-             көше жарықтандыру желілерін жөндеу және қызмет көрсетуге – 6 000,0 мың теңге.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 6 900,0 мың теңге сомасында Кенжекөл ауылының бірінші кіреберісіндегі жаңа құрылыстар ауданындағы ұзындығы 2,2 км (Ақсу, Егемен, Болашақ, Желтоқсан, Саттарханов) көшелердің жарықтандыруы өткізілді.

Қолма қол ақша бақылау шоты есебінен келесі түрдегі жұмыстар істелді:

-            жазғы маусымда (3 мерзім) ауылды абаттандыру бойынша жұмыстар өткізу үшін аз қамтылған отбасылардың мектеп оқушылары тартылды, сол жұмыстар 599,9 мың теңге сомасына істелді;

-            577,0 мың теңге сомасында қызғалдақтар және топырақ түйірімен шыршалар егілді;

-            100,0 мың теңге сомасында үш балалар алаңқайлары орнатылды;

-            420,0 мың теңге сомасында балалар алаңқай жасалып  орнатылды;

-            2 669,0 мың теңге сомасында ауылдық округінің санитарлық тазартылуы өткізілді;

-            975,9 мың теңге сомасында Абдиков,Токин, Октябрьская, Жана-Аульская, Пригородная көшелері бойынша жолдарын жөндеуіне арналған жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалды;

-            1711,2 мың теңге сомасында Жана-Аульская көшесіндегі шағын бақтың қоршауы бойынша жұмыстар істелді;

-            212,1 мың теңге сомасында лигистикалық белгілер жасалып орнатылған;

-            1790,2 мың теңге сомасында елді мекендердің абаттандыруы (шаруашылық саймандар мен тауарлар сатып алынды, аумақты жинау бойынша жұмыскерлердің еңбек ақылары).

 

 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Қаланың құрылыс бөлімімен Семипалатинская көшесіне трансформаторлық подстанциясының құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама жасалды, жобалық жұмыстардың құны 0,4 мың теңге құрайды. Құрылыстың құны – 15,0 млн.теңге. Жобалық  ұйым – «Процессэнергия» ЖШС. Жоба толық жасалып, жер телімі рәсімделген.

Кенжекөл ауылының үшінші және төртінші кіреберістеріндегі жер телімдерінде (Байдала ауылына дейін ұзаған) тұрғын үй белсенді құрылысына бйланысты  0,4 кВ электржабдықтау желілерінің  құрылысына ЖСҚ жасауы қажет. Қаланың құрылыс бөлімімен 2017 жылда  бюджеттің кезекті анықтауында жоғарыда айтылып өткен  объектінің жасауы үшін бюджеттік  сұраным берілетін болады.

Кенжекөл ауылында «Ай-Су Мелиорация» ЖШС мердігерші ұйыммен орталық су құбыры өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар екі кезеңге жоспарланған. Жұмыстардың аяқталуы 2017 жылғы 3 тоқсанына көзделген.

Ауылдық жерлерде телекоммуникация  жөніндегі қызметтердің  жетуі  деңгейін жоғарлату бойынша жұмыс   бастапқылы болып саналады.

«Павлодар облысы бойынша КЖК желісін дамыту» жобасының шегінде 2013 жылдан бастап Кенжекөл ауылында NGN желісін дамыту жөнінде жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде Рамазанов көшесі бойынша NGN мультсервистік  желісіне кіру орнатылды және ауыл тұрғындарына 8 Мбит/с дейін Интернет желісіне  жоғары шапшанды кіруі мен интерактивтік IP-TV  теледидарды пайдалануы ұсынылды.

2015 жылда Дорожная көшесі бойынша екінші мультсервистік NGN желісінің кіруі  пайдалануға жіберлген, 2017 жылға арналған жоспарда – Токин көшесіне үшінші мультсервистік NGN желісіне кіруін орнату.

Жобаны іске асырып болғаннан кейін Интернет желісіне кең жолды кіру және IP-TV  интерактивтік теледидармен  барлық Кенжекөл ауылы қамтылатын болады.

 

         ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Павлодар қаласының әкімдік қаулысымен  толық жоспарлау жобасы (ТЖЖ ) бекітілді:

-            20.11.2006 жылғы № 1698  ЖТҚ-1 бойынша (авиақалашық) 468 жер телімі таратуға жатады, оның ішінде жер телімі – 328, ресімдеу барысында – 48, бос учаскелер – 92, арнайы есепте – 294 тұр.

-            21.01.2008 жылғы № 40/2 Байдала 1 и 2 ЖТҚ меңгеру бойынша 3992 учаскелер таратуға жатады, оның ішінде 270  жер телімі бөлінді. Арнайы есепте – 5 237 адам тұр.

 

  КӨЛІК

Кенжекөл ауылын № 24 автобус маршруты «Жолаушылар көлік альянсы » ЖШС фирмасы қызмет көрсетеді, 30 минут орташа аралық қозғалыспен, 3 автобус аса үлкен  сыйымдылықпен (буындалған). Келе жатқан жылда осы бағыт бойынша 4-ші автобустың шығуы күтуде, бұл автобус қозғалысының аралығын 20 минутқа дейін қысқартады.

Сонымен қатар «№ 1 автобус паркі» ЖШС № 21 автобус бағыты Кенжекөл ауылына екі рейс жасайды, таңертенгі уақытта және бір рейс кешкі уақытқа «қарбалас сәт». Барлық аялдамаларда автобустық павильондар бар.

Байдала мен Долгое ауылдарын таңертенгі уақытта 2 рейс  және кешкі уақытта бір рейс жасалады.

 

 ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК  ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Кенжекөл ауылдық округі әкім аппаратының мамандарымен әлеуметтік салаға және халықтың әлеуметтік қорғауына ерекше көңіл бөледі. Әлеуметтік қорғалмаған халық қатарын қолдау үшін, аз қамтылған азаматтардың, көп балалы аналардың, жалғыз және жалғыз тұратын зейнеткерлердің, жұмыссыз азаматтардың тұрақты есебі жүргізіледі, әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережелері, әлеуметтік атаулы көмекті иелену тәртібі түсіндіріледі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар – 1 отбасы,       18 жасқа дейінгі балалар үшін жәрдемақы алушылар - 3 отбасы.  

2016 жылдың ішінде 15 азаматқа жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына - 4 адам және уақытша жұмысқа – 11 адам орналастырылды. 

 

БІЛІМ

Кенжекөл орта мектебінде 2016-2017 оқу жылында 1 032 оқушы білім алуда,оның ішінде дайындалу класстарында 114 адам.

Кабинеттердің саны: барлығы – 54 оқу кабинеттері, 2 спорт залы,    3 шеберхана (слесарлық, ағаш ұста,аспазхана ), 2 акт залы, асхана 200 орынға, 4 гардероб бөлмесі, жаңа модификацияның арнайы кабинеттері: физика, химия, биология, 7 зертхана.

Мектептің компьютерлік паркі 86 компьютерден құрайды, оның ішніде 74 оқу және 12 әкімшілік, 8 интерактивтік тақталар.

Кітапханада  абонентте қызмет көрсетіледі және оқу залында. Жалпы қоры 34 141 дана. Негізгі қоры 16 796 дана құрайды, оқу қоры – 17 345 дана.

Асхана  үлгі  жалпы көлемі 418,05 кв.м. Жалпы орын саны – 200. Ыстық  аспен қамту- 773 оқушы (75%) құрайды.

Мектепте 2 спорттық зал бар - жалпы алаңы 460,56 кв.м. Спортзалы   4 киім шешетін, 2 душ орынмен жабдықталған 

2016 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы орташа балл 77,8 % құрады. (2015 ж. – 72,4).

Мектепте 88 ұстаз қызмет етеді, мектептің кадрлық жағдайлары жоғары деңгейде: 65,9% жоғары және бірінші категориясымен: 28 мұғалім жоғары, 30 мұғалім – бірінші категориясымен.

2009 жылдан бастап «Кенжекөл ауылы № 20 бала-бақша» МКК 140 орынға қызмет жасайды, өз қызметінде мектепке дейінгі тәрбиелеу облысында және 2-жастан 6-жасқа дейін оқыту, штаттық саны 41 адам. Тәрбиелеу тілі – мемлекеттік.

Бала-бақша 12 сағат балалардың болуымен. Топтардың саны  - 6: 1 топ- 2-жастан 3-жасқа дейін, мектепке дейінгі жастан кіші 4 топ, 2 топ мектепке дейінгі жас.

Кенжекөл ауылында  1979 жылдан бастап музыка мектебі жұмыс істейді, онда 70 оқушы қосымша музыкалық білім алады келесі мамандар бойынша:қазақ ұлттық аспаптар (домбра, қобыз); классикалық аспаптар (фортепиано, вокал классы), үрмелі аспаптар (флейта, кларнет, саксофон); теориялық тәртіптер (сольфеджио, музыкалық әдебиет, хор, жалпы фортепиано). Музыкалық мектепте 45 орынға акт залы бар, интерактивтік тақташымен теориялық тәртіптер бойынша кабинеттер жабдықталған, оркестрлік, домбра, фортепиано класстары бар.

 

ДЕНСАУЛЫҚ ҚОРҒАУ

2011 жылдан бастап Кенжекөл ауылында жаңа Дәрігерлік амбулатория жұмыс атқаруда, күніне 100 қабылдаулар жүргізеді. Жаңа құрылғылары бар физио кабинеті, егу, емдеу шаралары, зертхана, тіс емдеу кабинеттері, 2 ДЖҚ  қабылдау кабинеті және акушер-гинеколог кабинеті, сонымен қатар жаңа жабдықтармен жабдықталған 5 орынды күндізгі стационар. 2016 жылдың ішінде барлығы 10498 адамға қызмет көрсетілді, күндізгі стационарда 242 адам ем қабылдап шықты.

Дәрігерлік амбулаторияның құрамына Байдала, Долгое ауылдарында орналасқан екі фельдшерлік-акушерлік пункт кіреді.

«Павлодар қаласы № 4 емхана» КМК-дағы автокөлігі қызмет жасайды.

Жыл сайын тұрғындар скрининглік тексерістен өтеді.

2016 жылы жоспар бойынша кәсіби тексеруден ересектер - 1025 адам өту қажет еді, 992 адам немесе 96,7% өтті.

2016 жылға дертті алдын алу үшін жоспар бойынша балалар 1540,  мамандардан 100% қаралудан өтті.  

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ

Округ аумағында мәдениет және спорттық мекемелердің торабы құрылған.

Кенжекөл ауылының ойын-сауық  орталығы, Байдала мен Долгое ауылдарының клубтары ауылда мәдениет саласында барлық тұрғындар үшін мәдени-тәрбиелеу  жұмыстарын атқарады.  Ойын-сауық  орталығының қызметінде ең маңызды роль ойын-сауық іс-шараларын, демалыс кештерін, дискотекалар, конкурстық бағдарламалар және шоу-конкурстарын, әңгімелер, дөңгелек стөлдер, викториналар, лекциялар, мерекелік концерттер өткізу. Өз қызметінде ОСО  жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерден шығады, мәдениет және тарихи дәстүрлерге сүйеніп қоғамдық қажетті әлеуметтік маңызы бар нысандары мен жұмыс әдістерін жаңа тұрлаулы қалыптастырады.

Жыл бойы 70 мәдени-ойын сауық іс шаралар өткізілді, оның ішінде 6 750 аса адам қатысты.

Ауылдық кітапхана 18 412 даналық кітап қоры бар, үнемі оқырман 1 510  аса адам, «Сұңқар» балалар спорттық клубының екі залы бар , оның үйірмелерінде 286 аса бала жаттығады, бұлардың ішінде қазақша күрес, дзюдо, самбо, қоян-қолтық күрес, шашка, шахмат, тоғыс құмалақ, футбол, волейбол, бокс жәнеүстел теннисі.

2014 жылы жасанды жабыны бар кіші-футболды алаңы іске қосылды.

2016 жылы «Сұңқар» балалар спорттық клубының аймағында «Самрұқ Қазына» ҚҰБ АҚ демеуші қаражат арқылы көп қызметтілік спорттық алаңы орнатылды, балалық ойын алаңынан, Street Workout  алаңынан (воркаут үшін көше алаңы) және тренажерлардан құрылған.

Жеңіс күніне алаңдық клубтардың арасында қалалық біріншілікте 1 орынға ие болды, Астана күніне жас өспірімдер арасында қалалық біріншілікте 2 орынға ие болды, Спорт күніне – 2 орынға ие болды.

Ауылдың жастары Павлодар қаласының ауылдық аймақтар арасындағы 45-ші қалалық спартакиадада жеңімпаз болып 1 орынға ие болды. 

 

ҚҰҚЫҚ  БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Кенжекөл ауылдық округінде 2 учаскелік полиция инспекторлары қызмет жасайды. Қызметтік автокөлік бар, оргтехника және телефон. Есеп беру жылы ауылдық округі бойынша 48 қылмыс тіркелде, оның ішінде 21 қылмыс ашылды.

Әкімшілік хаттамалардан барлығы  260 құрылды.

Мәжбүрлеу емделуге 6 адам жіберілді.

«Қоғамдық  тәртіпті  қорғауда азаматтардың қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Кенжекөл ауылдық округінде 17 адам полицияның қоғамдық көмекшілері (ПҚК) боп  жұмыс жасайды. Бұл ауылдық округтің бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мектеп оқушылардың ата-аналары.

 

ЖЕМКОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Кенжекөл ауылдық округі әкімі аппаратында құқықтық білім мектебі жұмысын жалғастыруда. Айына бір рет өткізілетін сабақ жоспары құрылып және бекітілген. Сабақ тақырыбына мемлекеттік басқару органдарында жемқорлықтық құқықбұзушылықты алдын алу және жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қолданылатын шаралар бойынша мәселелер енгізілген, дәрістер, жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша әңгімелесу, жемқорлықтың болуын алдын алу бойынша аппарат мамандары қызметіне мониторинг жүргізіледі.

Жүйелі түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпараттық құралдарында «Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «сенім телефоны» жұмысы туралы хабарлама жарияланады.

  

 

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ

2016 жылы Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 375 өтініш түсті, оның ішінде 12 ауызша. Барлық өтініштер бекітілген заңнамаға сәйкес уақытында қарастырылды.

Жылдың басында Кенжекөл ауылдық округі әкімінің халық алдында есептік кездесуінде 10 ескертпелер мен ұсыныстар түсті, оның ішінде 9 есептік кездесу барысында түсіндірілді, 1 ескертпе бақылауға алынды және даярланған іс-шаралар жоспарына сәйкес мерзімінде орындалды.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппаратында 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама», «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді орта білім беру ұйымдастыру мекемесіне және кері үйге тегін жеткізуді қамтамасыз ету».

Есеп кезеңінде  жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы 257 анықтама берілді.

Тегін жеткзіумен қамтамасыз ету білім алушылар мен тәрбиеленушілерді орта білім беру ұйымдастыру мекемесіне және кері үйге қызметі жөнінде Байдала, Долгое, үшінші және төртінші айналымының Кенжекөл мен Әуежай ауылдарынан екі автобус арқылы жүзеге асады. 152 оқушы жеткізу қызметін алады.