Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 06 Ақпан 2017 10:13

2016 ЖЫЛҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

1. Экономиканың нақты секторы

1.1 Өнеркәсіп

2016 жылға Павлодар қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 575,2 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді, НКИ –  100,5%

Үлесіне 0,1% өнеркәсіптік өндіріс келетін тау-кен өндіру өнеркәсібінде НКИ 79,0 %-ды құрады.

Өнеркәсіптің жалпы көлемінің дерлік 89,4%-ын құрайтын өңдеу саласында НКИ 100,0 %-ды құрады.

өндіріс көлемдері есейді:

- метал өнімдерін өндіру – 319,9 млрд. теңге, НКИ – 105,6%. Сонымен қатар түсті метал – 105,4 %, қара метал  – 106,0 %

- тамақ өнімдерін өндіру –  35,1 млрд. теңге, НКИ – 103,5%.

- көлік және құрылғы жасаудан басқа, дайын метал бұйымдары машина жасау – 20,5 млрд. теңге, НКИ – 117,0%. 

- сусындар шығару – 1,7 млрд. теңге, НКИ – 106,1%;

- жеңіл өнеркәсіп – 3,9 млрд. теңге, НКИ – 117,7%;

- қағаз және қағаз өнімдерін өндіру – 1,7 млрд. теңге, НКИ – 123,0%;

- резина және пластмасс бұйымдарын өндіру – 2,9 млрд.теңге, НКИ – 135,9%

- жиһаз шығару – 3,7 млрд. теңге, НКИ – 115,4%.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны алмастыру саласында 53,7 млрд.теңне,  НКИ 103,0%-ды құрады. Есепті кезең ішінде сағатына 6235,5 млн.кВт (102,1%) электр энергиясы, 10,7 млн.Гкал (103,6%) жылу энергиясы өндірілді.

Төмендеу себебі мына салаларда өндіріс көлемдерінің азаюымен сипатталған:

- мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру – 72,4 млрд. теңге, НКИ – 95,6%. «ПМХЗ» ЖШС-те дизельді отын (НКИ – 96,1%), мазут (НКИ – 79,8%) шығарылымы төмендеген;

- химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру –  18,0 млрд. теңге, НКИ – 93,0%. Төмендеу «Каустик» АҚ-да гипохлориттер (67,3%) шығарылымын азайту есебінен орын алды.

«Нефтехим ЛТД компаниясы» ЖШС-те пропилен полимерінің өндірісі (71,8%) ағымдағы және аялдама жөндеулері салдарынан өндірістік құрылғылардың тоқтап қалуына байланысты азайды.

- машина жасау – 25,0 млрд. теңге, НКИ – 94,9%.  «Қазэнергокәбіл» АҚ-да сымдар мен кәбілдер (81,7%) шығарылымы аталған өнім түріне сұраныстың азаюына байланысты төмендеген.

 

1.2. Ауыл шаруашылығы

Павлодар қаласы және оның ауылдық аймағы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін (қызметтерін) жалпы шығару көлемі 2017 жылғы 1 қаңтарға 9461,7 млн. теңгені құрады, НКИ – 100,2%.

Мал шаруашылығы. НКИ

2017 жылғы 1 қаңтарға ІҚМ басының саны 6,1 мың басты (2016 жылғы кезеңге қарағанда 85,0%), қой – 9,3 мың басты (101,4%), ешкі – 0,8 мың басты (72,2 %), жылқы – 3,0 мың басты (99,4 %), шошқа – 23,1 мың басты (109,9%), құс – 99,6 мың басты (407,4%) құрады.

7102,5 тонна (99,3%) сүт, 2013,3 тонна (81,3%) тірі салмақта ет, 1980,3 мың дана (101,0%) жұмыртқа өндірілді.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және дайындау

Ағымдағы жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 4806 тонна (114,1%) еттен жасалған дайын және консервіленген өнімдер, етті қосымша өнімдер өндірілген болатын, соның ішінде 4172 тонна (109,6%) шұжық өнімдері, 492 тонна (115,0%) балық, 14620 тонна (107,9%) тазартылған сұйық сүт және кілегей, 781 тонна (119,6%) сары май, 951 тонна (121,3%) сыр мен ірімшік, 46183 тонна (111,1%) ұн, 11096 тонна (190,4%) жарма, 29829 тонна (102,0%) жаңа піскен нан, 8390 тонна (95,7%) макарон өнімдері, 1110 тонна (111,8%) кондитерлік өнімдер.

Өсімдік шаруашылығы

Павлодар қаласы және оның ауылдық аймағы бойынша картоп және көкөніс өсірумен 200 гектар суармалы ауданда «Асхат» шаруа қожалығы айналысады. Оның ішінен: 100 га картоп, 76 га сәбіз және 4 га қырыққабат. Бүгінгі күні шамамен 180 га жиналды, өнімділігі – 300 ц/га, жалпы жинау – 5,4 мың тонна.

 «Рубиком» ЖШС ағымдағы жылы 186 га ауданға отырғызды, оның ішінен 138 га біржылдық шөптер (суданка), 48 га азыққа жүгері (Павлодар ауылы).

«Ай-Агро» ШҚ ЖШС 142 га ауданда біржылдық шөптер (суданка) отырғызды (Мойылды ауылы).

Павлодар қаласында жылыжай шаруашылықтары жұмыс істейді,  олар жабық топырақта қияр және томат өсірумен айналысады, атап айтқанда:

- «Максима» ШҚ. Жылыжай ауданы 0,86 га құрайды. Бүгінгі күні шамамен 130 тонна қияр мен томат жиналып, сатылды. Сататын базар «Рахмет», «Алатау».

- «Модуль ПВ» ЖШС. Жылыжай ауданы 3,9 га құрайды. Бүгінгі күні шамамен 200 тонна қияр мен томат жиналып, сатылды. Сататын базар «Атриум» СҮ, «Гринвич» СҮ, «Мирас» СҮ сияқты қала супермаркеттері. 

- «Жылыжай комбинаты» ЖШС - Жылыжай ауданы - 3 га. Бүгінгі күні шамамен 900 тонна томат жиналып, сатылды. Сататын базар «Рахмет», Астана қаласы, РФ Омбы қаласы. 

1.3. Құрылыс

2016 жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 88620,2 млн. теңгені немесе 2015 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 141,5 %-ды құрады.

2016 жылғы барлық қаржыландыру көздері есебінен 143,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2015 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 116,4%-ы пайдалануға берілді.

Жылдың басынан жалпы ауданы 95,4 мың шаршы метр 1303 пәтерге 12 көп қабатты  тұрғын үйлері салында, соның ішінде бюджеттік қаражат есебінен пайдалануға берілді:

Анықтамалық: № 1,6,7,9,10 «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде, 94/1 Толстой көшесі, Амангелді №1 көшесі, Майра  39/1көшесі, Сәтпаев көшесі бойынша ЖШС «KSP Steel» №1үйі және  Амангелді көшесі бойындағы ЖШС«Prodjek Siti Grup» №2 үйі, АҚ «Қазақстан Алюминийі» 55 үйі және  Қамзин көшесі бойындағы ЖШС «Манас» тұрғын үйінің1 қатардағы 6 кіре-берісті үйлері.

2. Инвестициялар

2016 жылғы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі  148777,1 млн. теңгені құрады немесе  104,0%.

Жылдың басынан 7,1 млрд.теңгені құраған, 224 жұмыс орнымен 6 инвестициялық жоба енгізілді.

- «Павлодар жылыжай комбинаты» ЖШС қуаты;

-«Агрохимпрогресс» ЖШС-те агрохимиялық өнім өндіру;

- «Агромир» ЖШС-те ауыл шаруашылық техника үшін жоғары қысымды майысқақ түтіктер мен қосалқы бөлшектер өндіруді жаңғырту»;

-  «УБУНТУ» ЖШС-те қуаты Брикеттелген құрғақ жанармай шығаратын өндіріс;

-«Грейтбрик» ЖШС-те ұсақ даналап сатылатын бетон бұйымдары, Ленинский ауылының аймағында іске асырылған .

-«Freshmilk» компаниясы ПТФ ЖШС-те қуаты сублимациялы бие сүтін өндіру, жылына 7,5 тонна қуаттылығымен

Инвестицияның негізгі қаржыландыру көздері болып   ұйымдар мен халық құралдары- 81,9 %, бюджеттік құралдардың бөлшегі -13,1 %, жалға алу – 5,0% болып табылады.

         3. Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің саны 29225 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істейтіндері 24469 бірлік.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2016 жыл ішінде 72452 адамды құрады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бірыңғай бюджеттік бағдарламасы бойынша Павлодар облысының әкімдігі жанындағы Өңірлік Үйлестіру Кеңесімен Павлодар қаласы бойынша 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10946,6 млн.теңге сомаға 134 жоба мақұлданды, соның ішінде:

- кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шеңберінде 10352,1 млн.теңге жобалар сомасына 96 жоба;

- ішінара кепілдендіру шеңберінде 606,5 млн.теңге сомаға 35 жоба;

- гранттық қаржыландыру шеңберінде 6,0 млн.теңге сомаға 3 жоба.

4. Сауда

Бөлшек сауда айналымы 212,3 млрд. теңгені құрады НКИ – 100,2%

Павлодар қаласы бойынша 2016 жылғы 20 желтоқсанға азық-түлік тауарларына қойылған бөлшектік баға мынаны құрады: тегістелген, жылтыратылған күріш 1 кг 257 теңге (2016 жылғы қарашаға қарағанда 100,4%); қарақұмық жармасы – 1 кг 357 теңге (100,0%); бірінші сортты ұннан пісірілген бидай наны – 1 кг 122 теңге (100,0%); пастерленген сүт 2,5% - 1 литрі 169 теңге (100,0%); жұмыртқа ондығы – 270 теңге (122,7%); тұз – 1 кг 47 теңге (100,0%); қара байха шайы – 1 кг 2592 теңге  (100,0%).

Павлодар қаласының тұтынушылық базарында бағаны тұрақтандыру және оның негізсіз өсуін болдырмау үшін бүгінгі күні «әлеуметтік» дүкендер желісі 39 дейін кеңейтілді, оның ішінен 5 дүкен ауылдарда орналасқан.

Бұған қоса, әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне бағаны ұстау (ірі қара мал, жылқы, қой, шошқа еті, картоп және көкөніс өнімі), жұмыс істеп тұрған базарларға бәсекелес орта құру мақсатында, сондай-ақ делдалдық түйінсіз тікелей өндірушіден сатуды ұйымдастыру үшін Павлодар қаласында апта сайынғы негізде ауыл шаруашылық жәрмеңке өткізіледі.

2016 жылдың басынан 53 жәрмеңке өткізілді, онда 1076,6 млн. теңге сомаға өнім сатылды.

5. Бюджет

Есепті кезең ішінде қала бюджетіне жоспар 36350,9 млн. теңге немесе 103,3% кезінде 35179,5 млн. теңге меншікті кірістер жұмылдырылған.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала бюджетінің шығыс бөлігі есепті кезеңге арналған жоспар 48611,2 млн. теңге кезінде, тұтас алғанда 98,7%-ға атқарылған, атқарылуы 47998,9 млн. теңгені құрады (трансферттер түсімдерін ескере отырып).

2016 жылға арналған қала бюджетінің көлемі тұтас алғанда 48611,2 млн. теңгені құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 25,2%-ға немесе 12242,5 млн. теңгеге тең.

6. Әлеуметтік сала

6.1 Еңбек нарығы

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген тіркелген азаматтардың саны 9530 адамды құрады.

5316 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. 825 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға қатысты. 2016 жылы жұмыс орнын құру жоспары - 2909.

2017 жылғы 1 қаңтарға 2945 жаңа жұмыс орны немесе жоспардың 101,2%-ы құрылды (2242 – тұрақты, 703 - уақытша).

Тіркелген еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі - 0,4%. 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 108 отбасыға (355 адам) тағайындалды, 121 отбасыға (404 адам) 10,7 млн. теңге сомасына төленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 342 отбасыдан шыққан 777 балаға тағайындалды,  386 отбасыдан шыққан 872 балаға 9,9 млн. теңге сомасына төленді.

Павлодар қаласы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы үш бағыт бойынша іске асырылады.

Бірінші бағыты бойынша «Инфрақұрылым мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қамту» Павлодар қаласы бойынша 2016 жылы 63 жоба іске асырылып жатыр (білім беру – 16, денсаулық сақтау -  16, әлеуметтік қорғау – 15, спорт – 9, мәдениет – 3, ауыл, кент әкімдері - 4).513 жұмыс орны жасалды, 265 азаматтар жұмыспен қамтылды (Бағдарламаның шартына сай, 51,6 пайыз).

«Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» екінші бағыты шеңберінде 28 қатысушы 82,1 млн.теңге сомаға (100%) микрокредиттер алды: өз ішін ашу -19, ұлғаюға - 9

28 қатысушылардан  жануар дамыту – 19, қызмет ұсыну- 6 (соның ішінде – жүк тасушы,- қоғамдық тағамды дамыту,- пункт, - техникалық қызмет көрсету стансасы, бетон өндіру цехына- 1, профлист өндіруге -1 алды.

 «Жұмыс берушінің нақты сұранысын ескеріп, оқыту және жұмысқа орналасу мен қоныс аударуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша

Әлеуметтік жұмыс орындары.

40 ұйыммен шарттар жасалды, 155 азамат (жоспар – 120) немесе жоспардың 129,2%-ы жұмысқа тұрды.

Жастар практикасы.

28 ұйыммен шарттар жасалды, 2015-2016 жылдардың 90 түлегі немесе жоспардың 128,6%-ы жұмысқа орналасты (жоспар - 70). 90 қатысушыда (99%) ОПВ бар.

Кәсіптік оқыту.

202 қатысушы (жоспар – 192) немесе 101,5% кәсіптік оқытуға жіберілді, 202 оқуын аяқтады, оның ішінен 150 қатысушы немесе 74,3 % жұмысқа тұрды.

6.2 Еңбекақы төлеу (аталған көрсеткіш тоқсанына 1 рет есептеледі)

2016 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 119647 теңгені немесе 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 112,4%-ды құрады.

7. Білім беру

Есепті кезеңге Павлодар қаласының білім беру жүйесі құрылымына 135 мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымы кіретін ұйымдар желісін көрсетеді, соның ішінде: 45 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 72 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 11 мектептен тыс мекеме, 6 мемлекеттік емес ұйым.

Есепті кезеңге барлығы 57516 бала мен жасөспірім  оқу және тәрбиемен қамтылған (2015 ж. – 55204), соның ішінде қала мектептерінде 37641 оқушы (2015 ж. - 34275) оқиды, мемлекеттік балабақшаларда 19875 бала, мектеп жанындағы 21 шағын орталықта - 1175 бала,  6 жеке-меншік мектепке дейінгі ұйымда - 689 бала тәрбиеленеді.

Тұтас, қала бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 86,0%-ды (2015 ж. – 83,8%), 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%-ды құрады (2015 жыл - 100 %). 

Қаланың 45 мектебі компьютерлік техникамен қамтылған және Интернет желісіне қосылған. Бір компьютерге орташа қамтылу көрсеткіші 6,5 адамды құрайды, компьютерлер саны - 5311 бірлік. 44 мектептің web – парақтары белсенді жұмыс істейді.

2016 жылы ҰБТ 682 түлек тапсырды, бұл ретте Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің орташа балы 84,4 баллды құрады (2015 жыл – 80,6).

8. Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; № 1, 2, 3 қалалық ауруханалар; балаларды оңалту қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 3 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.

2016 жылғы қорытындысы бойынша Павлодар қаласы бойынша қатерлі ісік өскіндерімен сырқаттану көрсеткіші 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,3%-ға ұлғайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 370,9-ға қарсы 366,3-ні құрады.

2016 жылғы қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 62,4-ке қарсы 64,д құрады.

9. Жолдар

Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 421 шақырымды құрайды, соның ішінде 270 шақырым жол асфальт-бетон жабындымен және  151 шақырым жол топырақ жабындымен.

Ағымдағы жылы жалпы 1384,6 млн.теңге сомаға жолдарды ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар орындалды, соның ішінде:

- жолдарды ағымдағы жөндеу – 200 мың шаршы метр;

- жолдарды орташа жөндеу – 16,2 шақырым;

- жолдарды күрделі жөндеу – 1,21 шақырым.

10. Мәдениет және спорт

Мәдениет мекемелерінің желісі 24 кітапханадан, 7 мәдениет сарайы мен үйінен, 4 кинотеатрдан, 2 драма театрдан, 5 мұражайдан, 6 клубтан, 23 ұлттық-мәдени орталықтан тұрады.

Есепті кезең ішінде мәдени-демалыс жұмысы шеңберінде жалпы сомасы 121,3 млн.теңгеге 745 іс-шара өткізілді, оған 300 мың адам қатысты.

Дене шынықтырумен және спортпен жаппай шұғылдану үшін қала тұрғындарына 1063 спорт имараты, оның ішінен: 4 стадион, 2 спорт сарайы, 1 спорт имараттарының кешені,  9 спорт кешені, 11 жүзу бассейні, 137 спорт залы, 1 «Юность» жеңіл атлетика манежі, 3 шаңғы базасы,  33 ату тирі, «Таргет» атыс орны, 606 жазықты имарат, 4 жабылғанын қоса    алғанда, 26 хоккей корты, 5  жабылғанын қоса алғанда, 12 теннис корты, «Құлагер» ипподромы,  216 салынған спорт залы ұсынылған.

2016 жыл ішінде 354 жаппай-спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өткізілді, оған 27,0 мыңнан аса салауатты өмір салтын сүюші спорттың 45 түрі бойынша қатысқан. Аталған іс-шараларға қалалық бюджеттен 32,3 млн. теңге жұмсалған.

11. Қоғамдық қауіпсіздік

2016 жыл ішінде қылмыстардың 8713 фактісі тіркелді. Бұл ретте, 1583 қылмыс көшеде жасалған  – қылмыстардың жалпы санының 17,0%-ы.

Қоғамдық орындарда және көшелерде криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында, қоғамдық тәртіпті күзету бойынша қызметке күн сайын жол-патрульдік полиция батальонының 194 полицейі, әскери бөлімінің 150 әскери қызметшісі шығады. Сондай-ақ, Павлодар қаласының ІІБ-да 392 қоғамдық көмекші тіркелген.

Бұған қоса, учаскелік полиция инспекторларын таныту және оларға азаматтардың шұғыл жүгінуі мақсатында, учаскелік полиция инспекторларының анкеталық деректері бар фотолар әзірленді, олар қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскедегі қоғамдық орындарда жапсырылған.

Алаяқтықтың алдын алу бойынша Павлодар қаласының прокуратурасымен бірлесіп стикерлер әзірленді, олар сауда үйлерінде, банктерде, қоғамдық көлікте және басқа қоғамдық орындарда жапсырылған.

2017 жылға негізгі басымдықтар

қаланың инвестициялық тартымдылығын үнемі арттыру шағын және орта бизнес субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсету. Павлодар қаласының  инвестициялық тартымдылығының паспорты құрылды (жаңартылды).

жоспарланған мерзімде іске асырылушы индустрияландыру бағдарламасының барлық жобаларын жүзеге асыру, бұл ретте іске қосылған жобаларды жобалық қуатына шығаруды қамтамасыз ету.

жоғары өнімділігі бар  кәсіпорындардың құрылуын қарастыру, арнайы экономикалық аймақты тиімді пайдалану, өндірісті қайта техникалық жарақтандыру және  жаңғырту.

білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру.

Жол картасы-2020 тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Бизнестің  Жол картасы-2020 бағдарламасы  аясында жобаларды қолдауды қамтамасыз ету.

 «Сарыарқа» шағын ауданы, сондай-ақ «Достық» жаңа шағын ауданының құрылыс бойынша жұмысын жалғастыру.

әлеуметтік-мәдени объектілерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын тиімді қолдану, мектепке дейінгі мекемелерді қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру.

МЖӘ аясында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестіктің ресурстарын біріктіру жолымен тиімді іс-қимылды дамыту.

Оқылды 140 рет