Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 13 Ақпан 2017 12:22

Су құбырындағы апаттық жағдай қалпына келтірілді

2017 жылғы 12 ақпанда Ломов көшесі мекенжайында орналасқан су құбыры камерасында апаттық жағдай болды. «Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметі бойынша 800 мм диаметрлік жапқыш қатып қалған.

 Апат болған жерде «Павлодар-Водоканал» ЖШС жұмыс бригадасы тәулік бойы жұмыс істеді, 12 бірлік техника жұмылдырылды. Камерадан су сору жұмыстары жүргізіліп, апаттық учаскеде 562 абоненттің ауыз суы тоқтатылды (Ломов көшесі, 39, 41, 43, Абай 373). Қаланың өзге аудандарында су беру қысымы төмендеді.

2017 жылғы 13 ақпандағы  таңғы сағат 5.00 жағдай бойынша апат болған жерде жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ауыз су қала бойынша толық тоқтатылды.

Қазіргі уақытта апатты жою жұмыстары аяқталып, жоспарлы түрде сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Су басып кеткен үйлерге суды сору бойынша көмек көрсетіліп, аулалар қалыпқа келтірілуде.

Оқылды 479 рет