ведутся работы Қала әкімінің есептік кездесуі
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 10 Ақпан 2017 11:29

Қала әкімінің есептік кездесуі

Естай атындағы Мәдениет сарайында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің қорытынды есептік кездесуі өтті.

Қала әкімі мен ЖПҚ бастығының 2016 жылғы есебінен кейін  кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, ұсыныстарын, тілектері мен ескертулерін айтты. Мысалы, «Толағай» балалар клубының меңгерушісі Бауыржан Қосынтаев Айманов, 42 спорт алаңында шөп жабынын ауыстыру туралы мәселені көтерді. Қала әкімі аталған мәселе бойынша ағымдағы жылы 4 спорт алаңының, соның ішінде Айманов, 42  орналасқан спорт алаңының  шөп жабыны ауыстырылатынын атап өтті.

Зейнеткер Назым Әлібаева Усолка шағын ауданын дамыту жөнінде жүргізілген қомақты жұмыстарға алғыс білдірді.

Бұдан басқа, ЖПИК ассоциациясының төрағасы Владимир Чечеткиннің акйтуы бойынша, 2016 жылдың басынан ЖПИК ассоциациясы құрылды. ЖПИК қызметі бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді, соның ішінде тұрғын үйлерді ұстау, тарифтер сметасын әзірлеу, бейнебақылау жүйесін орнату меморандумына қол қою іс-шараларына қатыстық. Үнемі мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен тығыз байланыс жасалып, тиімді жұмыс жүргізілуде.  

Сонымен қатар, «Металлург» саяжайының төрағасы Илья Федоров қала әкімдігімен бау-бақша саяжайларын қолдау және оларды дамыту жөнінде зор жұмыстар жүргізілетінін, дренаж жүйесін тазарту жұмыстарының басталғандығын, автобус павильондарының орнатылғанын, саяжайларда ұрлау фактілерінің азайғандығын ерекше атап өтті.

-  Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында 2016 жылы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін жергілікті полиция қызметі құрылды. Жыл қорытындысы бойынша қылмыс саны 16,0 % төмендеген. Жалпы облыс және қала әкімдігімен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетілуде, - деп атап өтті қала әкімі Нұржан Әшімбетов. 

Есептік кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер бойынша түсініктер беріліп, шешімін табатын сұрақтар бақылауға алынды.

Оқылды 167 рет