ведутся работы Зардап шеккендерге көмек көрсетілуде
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 15 Ақпан 2017 16:00

Зардап шеккендерге көмек көрсетілуде

Павлодарда су құбыры апаты нәтижесінде зардап шегіп, су астында қалған жеке меншік секторындағы тұрғын үйлерге көмек көрсетіле бастады.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС тұрғын үйлер мен жеке меншік секторларының көшелерін қалпына келтіру, мұздан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мұздан 5 үйдің ауласы тазартылып, жұмыстар жалғасуда. Қала коммуналдық кәсіпорындарымен магистралды көшелердің жолдары қамтамасыз етілуде.

Жеке меншік секторының тұрғындарына келтірілген зиянды анықтау мақсатында су астында қалған үйлерді аралау жұмыстары жүргізілді. Комиссиялық тексеру нәтижесі бойынша көмір мен ағаш сақтау орындарын, қысқы азық қоры сақталатын жерқоймаларды су басқан 10 мекенжай анықталды.

Су астында қалған барлық үйлерге көмек көрсетілетін болады. Бүгін «Павлодар-Водоканал» ЖШС мамандары су астында қалған Ак. Марғұлан, 343 және П. Васильев, 10 мекенжайларында тұратын тұрғындарға 3 тонна көмір әкелді.

Оқылды 291 рет