ведутся работы «Қамқорлық» акциясының қорытындысы
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 16 Ақпан 2017 14:59

«Қамқорлық» акциясының қорытындысы

Республикалық «Қамқорлық» акциясының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің әлеуметтік-қорғансыз отбасыларының 33000 оқушыларына көмек  көрсетілді. Көмек оқу құралдары мен киімдер, аяқ киімдер ретінде көрсетіліп, 15772,8 мың теңгені құрады, оның ішінде 880 оқушы демеуші көмегінен 3400,7 мың теңге, жалпы оқыту қорынан 2417 оқушыға 12372,2 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Демеушілер болып ата-аналар, мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер,мекемелер мен қоғамдық ұйымдастырушылар белсене ат салысты.

«Кленовый лист», «Glasman» фирмалары, «Манақбай» СҮ 20 оқушыны 237,0 мың теңгеге  киіммен, оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

Халық банкі, құрылыс басқармасы, «Бидаулетов» ЖК, «Академия окон» ЖК 20 оқушыны жалпы 142,0 мың теңгеге киім-кешекпен қамтамасыз етті.

Қала мектептері ата-аналармен бірігіп,  киімдер менмакулатура жинап, қайырымдылық концерттері мен жәрмеңкелерді ұйымдастырды. 

Оқылды 159 рет