ведутся работы Павлодар көшелерінен заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен павильондар алынуда
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 21 Ақпан 2017 15:01

Павлодар көшелерінен заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен павильондар алынуда

Павлодар қаласы әкімдігімен сәулет және жер заңнамасына, сонымен қатар елді мекен аумақтарын көріктендіру ережелеріне   сәйкестігін анықтау бойынша рұқсат берілмеген дүңгіршектерге, павильондарға және т.б. талдау жасалынып, мониторинг жүргізілді.  

Павлодар көшелерінде орнатылған осындай құрылғылардың саны 60 жуық.

Мониторинг қорытындысы бойынша жоғарыда аталған нормаларға сәйкес келмейтін 33 дүңгіршек анықталды. Жер телімдерін рәсімдемеу және ҚНмЕ сәйкес жасамау ең кең таралған кемшіліктер болып табылады. Заңнама нормаларына сәйкес келмейтін дүңгіршектердің иелері ескертілді және кемшіліктерді жоюға уақыт берілді. Қазіргі уақытқа дейін Павлодар қаласының әкімдігіне аталған мәселе бойынша ешкім жүгінген жоқ.

2017 жылғы 18 ақпанда заңсыз орнатылған құрылғыларды шығару жұмыстары басталды. Осы уақытқа дейін барлығы 5 дүңгіршек шығарылды.

Аталған жұмыс жалғасуда.

Оқылды 168 рет