Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 02 Наурыз 2017 09:42

Алматы қаласында «Планеты Искусств» атты III Халықаралық шығармашылық конкурс-фестиваль өтті

2017 жылғы 17 ақпаннан бастап 20 ақпанға дейінгі аралықта Алматы қаласында «Планеты Искусств» атты III Халықаралық шығармашылық конкурс-фестиваль өтті. Бұл конкурсқа Ирина Николаевнаның жетекшілік етуімен қалалық ойын-сауық орталығының «Иртышские жемчужины» үлгілі би ансамблі қатысып, жас ерекшелігі 9-дан 12 жасқа дейін «Эстрадный танец»  номинациясында I дәрежелі лауреат атанды. «Baby time» кіші топ жас ерекшелігі 3-тен 5 жасқа дейін «Детский танец» номинациясында I дәрежелі лауреат және жас ерекшелігі 5-тен 7 жасқа дейін «Народный танец» номинациясында II дәрежелі лауреат атанды.  Балалардың шығармашылық әлеуетін және еліміздің мәдени мұрасын дамытудағы қосқан үлесі үшін қалалық ойын-сауық орталығының директоры Дәурен Қайратұлы Рахметов, көркемдік жетекші Жанар Татымбайқызы Шакенбаева және «Иртышские жемчужины» үлгілі би ансамблінің жетекшісі Прокопьева Ирина Николаевна дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ ұжымның шығармашылық өмірін дамытудағы көрсеткен көмегі үшін қалалық ойын-сауық орталығының ұжымы да марапатталды.   

Оқылды 383 рет