ведутся работы Павлодар қаласы Ленинск кентінде арнайы-тактикалық оқулар өткізілді
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 09 Наурыз 2017 18:37

Павлодар қаласы Ленинск кентінде арнайы-тактикалық оқулар өткізілді

«Көктем-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының шеңберінде ағымдағы жылдың 9 наурызында Павлодар қаласы Ленинск кентінде Павлодар қаласының әкімшілігі және Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы арнайы-тактикалық оқуларды ұйымдастырып өткізді. Оқудың тақырыбы: «2017 жылғы  көктемгі су тасқыны жағдайларында Азаматтық қорғау Мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын, басқару органдарын дайындау». 

Осы оқудың мақсаты – Павлодар облысы азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің, көктемгі кезеңінің ықтимал салдарын жоюға халықтың әзірлігі мен қабілеттілігінің деңгейін арттыру, өзара әрекет етуді жетілдіру және сумен басу және су тасқыны жағдайларында елді мекендерді, өмір тіршілігін қамтамасыз ету объектілері мен аумақтарында бағынысты күштерді басқару бойынша жұмысты үйлестіру.

Ленинск кентінде техниканы орналастыру орны Мақажанов-Боткин көшесіндегі алаңы таңдалды, онда Павлодар қаласының шұғыл ден қою жасағының техникасы қойылды. Жалпы байқауға техниканың 60 бірлігі және 122 адам тартылды.

Арнайы-тактикалық оқудың ойы бойынша Құрманғазы көшесі, 1 мекенжайы бойынша суды сорып алу, Новоселовка 7 және 9 көшелері бойынша орналасқан тұрғын үйлердің айналасына құмы бар қап сыйымдылықтарынан  жасанды бөгеттерді үю, қардан ықтимал қауіпті орындарды тазалау, сондай-ақ халықты уақытша орналастыру үшін № 32 және № 33 жалпы орта білім беру мектептерінің базасында жиынды эвакуациялау пунктін жайғастыру.

Байқау алаңшасындағы сапқа тұру аяқталғаннан кейін, оқуларға тартылған техника өз жұмыс аумақтары бойынша көбіне су басатын көшелерден қарды тазалауға жіберілді, бұл шараға 3 тиегіш, 1 Беларусь тракторы және де 20-дан астам жүк техникасы (10 тонналық Камаздар, 20 тонналық қытай жүк көліктері) жұмылдырылып, 3510 тоннадан астам қар шығарылды.

Сондай-ақ № 32 жалпы орта білім беру мектебінің базасында жиынды эвакуациялау пунктін жайғастыруға алғашқы медициналық және психоәлеуметтік  көмек көрсету үшін Қызыл Жартыай қоғамының волонтерлері тартылды. 

Оқылды 197 рет