Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 10 Наурыз 2017 09:22

"Қазақстан – Ұлы дала елі" мобильдік қосымша

Бес институционалдық реформа шеңберінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен  "Қазақстан – Ұлы дала елі" мобильдік қосымшасы әзірленді.

Қосымша география, тарих және мәдениеттен бастап экономика, туризм және халықаралық қатынастарға дейін тақырыптардың кең жинағын қамтитын Қазақстан туралы осы сандық энциклопедия болып табылады. Құрамында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүздеген бірегей фотосуреттер, сондай-ақ бейне-роликтер, 3D-объектілері, панорамалық турлар, ақпарат кестелері және интерактивті карталар бар.

Қосымша Windows, Apple, Android жүйелері базасында құрылғылардың барлық түрлеріне арналған (мобильді телефондар, планшеттер, ноутбуктар, үстел үсті компьютерлер).

Сондай-ақ, интернет-сайт түрінде web-нұсқа құрылған, сондықтан бұл әзірлеу оқушы үшін де, туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен іскерлік топтардың өкілдері үшін де Қазақстан туралы таптырмайтын ақпарат көзі болып табылады.

Қосымша 10-бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және ЭКСПО-2017. Ол мыналарды қамтиды:

• 68-тарау, әрқайсысында өзінің фотогалереясы бар. Жалпы алғанда 370-тен астам фотосурет;

• 24 бейне-ролик;

• 3D форматында 12 объект;

• 20 панорамалық фотосурет (фотосурет шолу 360˚);

• 12 интерактивті 3D кестелер;

• 4 интерактивті 3D-карталар.

Жоба үш тілде іске асырылған: қазақ, орыс және ағылшын.

Қосымшаны AppStore және Play Market-те жүктеуге және орнатуға болады. Ол үшін іздеу жолына Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет. Дербес компьютерлерде пайдалану үшін СІМ ресми веб-сайтында (www.mfa.gov.kz) қосымшаның windows-нұсқасын жүктеуге не веб-нұсқа түрінде онлайн көру режимін пайдалануға болады.

Оқылды 494 рет