ведутся работы Қала мектептерінің 305 мұғалімі өз білімдерін сынады
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сенбі, 25 Ақпан 2017 09:35

Қала мектептерінің 305 мұғалімі өз білімдерін сынады

Павлодарда мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін, мектеп мұғалімдерінің пән олимпиадасын өткізді. Мақсаты - педагогикалық еңбекті ынталандыру,  озық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау.

Олимпиада 12 оқу пәні бойынша 337 қоғамдық - гуманитарлық, жаратылыстану - матаматикалық бағыттары мен бастауыш сынып мұғалімдері сұраныс берді. Жалпы 305 мұғалім қатысты.

Олимпиада қорытындылары бойынша қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану - математикалық бағыттарынан жүлделі орынды 76 мұғалім иеленді. Командалық құрамда келесі мектептер үздік көрсеткіш көрсетті: № 20, 45, 28, 4, 37, 34, 2, 38 ЖОМ.  Қалалық олимпиаданың жеңімпаздары 2017 жылғы наурыз айында облыстық кезеңіне 35 мұғалім қатысатын болады. 

Оқылды 249 рет