ведутся работы Бруцеллез жайында не білеміз?
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 17 Наурыз 2017 12:29

Бруцеллез жайында не білеміз?

Бруцеллез – бұл тамырларды, жүйке және басқа да жүйелердің, әсіресе жиі тірек- қимыл аппаратының зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру. Бруцеллез ауруымен жанауарлар мен адамдар бірдей ауырады.

Адамның ауруды жұқтыруы жолдары босану кезінде көмек көрсеткенде, түсік тастатқанда, сою және ұшаларды өңдегенде, жүнін қырқу, заттарды қолданғанда, жануарлардың залалданған бөлінділерінен, тағамға етті пайдаланған кезде, тиісті термикалық өңдеуден өтпегенде, қайнатылмаған сүт немесе шикі сүт өнімдерінен (сүзбе,ірімшік, т.б) болады, сонымен қатар ұсақ, ірі қара малдар және шошқалар бруцеллездің инфекциясын таратушылары болып табылады.

Аса қауіпті ауру жануарлар бұзаулағанда және төлдегенде, қағанақ суы, босандыру жолдары мен ұрықты сыртқы ортаға бөліп шығару кезінде көп көлемде қоздырғыштар туғызады. Микробтар сыртқы ортаға бұзаулағанда немес төлдегенде ғана емес, сонымен қатар  сүтпен, несеппен, жыл бойы ішті босату кезінде де бөлініп шығады. Адамдарда ұсақ қара малдан (қой, ешкі) жұқтырғанда неғұрлым ауыр клиникалық кезең байқалады.

Бруцеллездің қоздырғышы  тұрақтылығы үлкен болғандықтан төмен температурада, азық-түлік өнімдерінде ұзақ уақыт сақталады, сонымен қатар тоңазытқышта және мұздатқыш камераларда сақталады. Жұқтырылған мұздатылған ет және сүт өнімдерінде микробтар барлық сақталу мерзімі кезінде тіршілікке икемді болып келеді.

Осы ауруды анықтау мақсатында ветеринариялық қызметкерлер жыл сайын ауылшаруашылық жануарлардын қандарын серологиялық зерттеуге тексереді. Бруцеллез анықталған жағдайда жануарды төлдерімен бірге санитариялық союға арналған ет өңдейтін кәсіпорынға  жібереді.

Жеке шаруашылықтардың тұлғалары ауыл шаруашылық жануарларын аталған аурудың алдын алу мақсатында  келесі қағидаларды ұстануы қажет:

- ветеринариялық мекемеде жануарды тіркеуге және сырғаларға реттік нөмір алуға болады;

- ветеринариялық қызметтің рұқсатымен ғана сатып алуға, сатуға, союға тапсыруға, жайылымға, өріске орналастаруға және басқа да орын ауыстыруға болады;

- жаңадан сатып алынған жануарларды карантинде ұстау;

- бруцеллез ауруына күдікті жағдай болғанда ветеринариялық қызметті хабардар ету керек (түсіктер,өмірге қабілетсіз туылған төл);

- малды ұстағанда ветерианриялық қызметтің ұсыныстарын қатаң ұстану;

- азық-түліктерді қатаң белгіленген орындарда сатып алу (базарларда, дүкендерде);

- жеке тұлғалардан сатып алынған шикі сүтті қолдануға жол бермеу.

Ветерианриялық қызметтің ұсыныстарын, іс-шараларын қатаң орындау және білу бруцеллездің таралмауына жол бермейді.

 

«Павлодар қаласының ветерианрия бөлімі» ММ

Оқылды 289 рет