ведутся работы Зейнетақы жинақтары еңбекақыдан құралады
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 09:46

Зейнетақы жинақтары еңбекақыдан құралады

Бүгін біз БЖЗҚ туралы 3 сауал айдарында БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты, уақытылы және толық аудару қажеттілігі туралы айтамыз. Сіздің белсенді еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі қамсыздандыруыңыз елеулі дәрежеде осыған байланысты.

  1. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері неге байланысты?

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері БЖЗҚ-ға уақытылы аударылған зейнетақы жарналарының көлеміне, жиілігіне, ұзақтығына және толықтығына тікелей байланысты. Осыған орай БЖЗҚ салымшыларға БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттер аударымдарының уақытылы және толық болуын тұрақты түрде өз бетінше бақылауға кеңес береді. Зейнетақы жинақтарыңызды кез келген БЖЗҚ бөлімшесіне барып не интернет-хабарландыруды таңдап тексере аласыз.

  1. Кім зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент бола алады?

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және БЖЗҚ-ға аударатын жеке немесе заңды тұлға, сонымен қатар қызметiн Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға агент бола алады. Басқа сөзбен айтқанда, агент – сіздің жұмыс берушіңіз.

  1. Агенттің міндеттері қандай және оларды бұзғандағы жауапкершілігі қандай?

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабының 10-тармағына сай агент БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақытылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және төлеуге міндетті. 

Заңның бұл нормалары бұзылса, нақты төленген және қызметкер кіріс алған жағдайда, агент уақытылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агенттер мерзімі өткен әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күн қосылады) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына аударуы тиіс (Заңның 28-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар, Заңның 29-бабының ережелеріне сәйкес агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге мiндеттi және мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлерге есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтi есептiден кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ай сайын ұсынуға мiндеттi.

Оқылды 159 рет