Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 02 Мамыр 2017 09:41

№ 40 және № 42 қалалық автобус бағыттарына өзгерістер енгізу туралы

2017 жылғы 1 мамырдан бастап жылдың көктемгі-жазғы маусымында Теміржолшылар кентіне қызмет көрсететін (Павлодар-Шарбақты а/ж бойында орналасқан) №42 тұрақты автобус бағытының орнына, «Восточное» бау-бақшасы аялдамасына дейінгі №40 автобус бағыты ұзартылады. Сондай-ақ, Теміржолшылар кенті бойымен жылдың көктемгі-жазғы маусымда «Восточное» бау-бақшасы аялдамасына дейінгі ұзартылатын №10 бағытта 2 қосымша график орнатылады.

Автобус бағыттарының кестесі бойынша ақпаратты № 1 Автобус Паркі диспетчерінен алуға болады. (т. 61 51 70, ұялы т. 87057077719).

Сондай-ақ, go2.bus-pvl.kz мекенжайын компьютерде, ноутбукта немесе Android және IOS операциялық жүйеде негізделген ұялы телефондардан сайтын ашып, ақпаратты алуға болады.

Оқылды 437 рет