Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 03 Мамыр 2017 12:19

Павлодарда аула ішілік аумақтарды абаттандыру (асфальттау) және спорттық стрит-воркаут алаңдарды орнату үшін аулаларды таңдау бойынша конкурс басталды

Павлодар қаласының әкімдігі аула ішілік аумақтарды көріктендіру және  спорттық алаңдарды орнату үшін аулаларды таңдау бойынша конкурс ережесін әзірледі, құрамында қаланың қоғамдық кеңес өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, КСК ассоциациясы бар  конкурстық комиссия анықталды. Бағалау критерийлері әзірленді:

         Лифтілерді жаңғыртуға келісім (күрделі жөндеу немесе лифттерді ауыстыру).

Лифт шаруашылығы кондоминиум объектілерінің меншігінде, көптеген тұрғын үйлерде лифтілер өздерінің  нормативтік мерзімі 25 жыл жұмыс істеді және ауыстыруды талап етеді. Лифт жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізу мақсатында және жұмыстың осы түрлеріне арналған елеулі шығындарды ескере отырып, ең жоғары балл саны белгіленді. Жаңғыртуды өткізу «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту»  бағдарламасы аясында іске асыруды білдіреді.

«Өңірлерді дамыту 2020 жыл» бағдарламасына қатысуға келісім  (ТҮКШ жаңғырту).

Тұрғын үйдің пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді және онда қолайлы және қауіпсіз тұру үшін кешенді жөндеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, автоматтандырылған жылу пунктін орнату есебінен энергиясы тиімді үй моделі қалыптасады.

Мақсатты қаражат жинау немесе 2016-2017 жылы жинақтаушы қор есебінен ортақ мүлікті жөндеу.

Қызмет көрсететін ұйымдардың ағымдағы тарифтерінде күрделі жөндеу жүргізуге шығындар қарастырылмаған. Қаражаттарды мақсатты жинау тұрғындарының тұрғын үйдің техникалық жай-күйін қолдауға бағытталған белсенділік көрсеткіштерінің бірі болып табылады, осылайша кондоминиум объектісін пайдалану мерзімі артады.

        Балалар алаңын орнату.

          Кем дегенде 3 шағын сәулет нысандарын орнатуды білдіреді (мысалы, құм салғыш, сырғанақ, карусель, балансир, рукоход, турник және басқалар)

         Тұрғын үйдің кіреберіс алдында және кіреберіс ішінде жарықтандырудың болуы.

         Квартал ішілік аумақтар бойынша тәуліктің қараңғы уақытында қауіпсіз және ыңғайлы жүріп тұру. Кіреберіс алдындағы жарықтандыру барлық кіреберістердің тәуліктің қараңғы уақытында іргелес үй жанындағы, кіреберіс аумақтардың көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

         Жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуы.

         Есептеу құралдарын орнату  жылу энергиясын ұқыпты және үнемді  тұтынуға бағытталған, энергияның тиімділік моделін қалыптастырады.

        Бейнебақылаудың болуы.

        Камералар орнату тұрғын үйдің барлық кіреберістеріне іргелес аумақтарды шолуды қамтамасыз етуі тиіс, тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерінде құқық бұзушылықтарды жасауды алдын алуға бағытталған.

        Цоколді және қабаттарды жөндеу.

        Жұмыстың осы түрі құрылыс элементтерінің ең маңызды түрлерінің бірі ретінде тұрғын үйдің іргетасын сақтауға бағытталған, қабаттар жертөле жайларын еріген су басудан және жаңбыр суларымен шайылуын анықтау сондай-ақ қорғауды қамтамасыз етеді.

          Балалар, спорт алаңдарын, шағын нысандарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау.

         Тиісті сәулеттік келбет, тұрғын үйде қолайлы тұру.

         Барлық кіреберістерге қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар орнату.

        Көп қабатты тұрғын үй қорында тұру үшін қолайлы санитарлық жағдайлар құру.

        Тұрғындардың абаттандыруға, көгалдандыруға, "Таза жұмаларға, сенбіліктерге» қатысулары үшін қызмет көрсетуші ұйымдардың ұйымдастыру жұмыстары.

        Бүгінгі таңда ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, тұрғын үйдің ортақ мүліктерін күтіп-ұстау бойынша міндеттер пәтер иелеріне бекітілген. Яғни, тұрғындар ПИК-пен және басқа да қызмет көрсету нысандарымен бірлесіп кондоминиум объектісінің ортақ  үлестік мүліктерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды жүргізуі тиіс. Осыған байланысты, жайлы өмір сүру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, меншік иелері жарықтандыру жұмыстарын, үйлердің кіреберістеріне бейнебақылау орнату,  балалар алаңдарына шағын сәулеттік нысандарды орнату және жөндеу және басқа да жұмыстар жүргізуге құқылы.

       Қала билігі мен тұрғындар күш-жігерін біріктіріп қана біз Павлодар қаласын әдемі қыламыз.

Оқылды 250 рет