Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 05 Мамыр 2017 15:42

Сұрақ-жауап

Зейнет жасына келіп қалған адамдар мен зейнетке шығып қойған зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен алу тәртібіне қатысты ең өзекті сауалдарға берілетін жауаптарды Сіздің назарыңызға ұсынамыз. 

 

  1. Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне кімнің құқығы бар?

Белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебіненБЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:

- 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда); 

 - егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар.

 

  1. Зейнет жасына толғанда және бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген кезде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін қандай құжаттар керек?

Жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған немесе бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген кезде зейнетақы төлемдерін алушы кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті ресімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барып, өтініш жасай алады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аудару үшін алушының банк шоты туралы мәліметтерді алып келеді. Сондай-ақ алушы зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін құжаттарды сенім білдірілген тұлға немесе пошта байланысы арқылы ұсына алады. Толық ақпаратты сайттан (www.enpf.kz) алуға болады.   

 

  1. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берілгеннен кейін БЖЗҚ қанша уақыт ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады?

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкесетін құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. 

Оқылды 304 рет