ведутся работы Мәңгі естелік, мәңгі даңқ
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 10 Мамыр 2017 10:06

Мәңгі естелік, мәңгі даңқ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің негіз құрғанына 25 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелерді өткізу щеңберінде, Павлодар қ. білім беру ұйымдарында «Патриот» айлығы өтуде.

Айлық шеңберінде 1 мамырдан 9 мамырға дейін қаланың жалпы орта білім беру 17 мектебінің 200-ден астам 10- сынып оқушылары Даңқ ескерткіші, Кеңес Одағы Батыры Қанаш Камзин ескеркіші және Әскери Даңқы ашық аспан астындағы мұражайында Белгісіз жауынгердің ескерткіші алдында «Вахта памяти» құрмет күзетін жүргізеді. «Вахта памяти» ашылуына қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің 500 білім алушылары қатысты.

4 мамыр күні құрамы 80 оқушыдан құылған 2 команда аймақтық саптық әндер байқауына қатысты. Байқауға облыстың 450 оқушысынан құрылған жалпы 15 команда ұсынылды. Оқушылар әскери форма киіп қаланың орталық алаңы бойымен ән шырқай отырып сап түзеді. Қатысушылардың сырт келбеті, алғашқы әскери дайындық пен сап түзей алу білімдері, саптық әнді шырқауы бағаланды. Қала командаларының ең танымал әндері ретінде «Қазақ жері», «Сарбаздар маршы»  болып табылды. Байқаудың қорытындысы бойынша қатысқан қаланың 2 командасы жүлделі орынға ие болды: І орынға № 1 команда ие болса, ІІ орынды - № 2 команда иеледі.

5 мамыр күні № 24, 27, 96 балабақшаның тәрбиенушілері мектепке дейінгі ұйымның аумағынан, кейін Қайырбаев көшесі бойымен Даңқ ескерткішіне дейін салтанатты шеруді өтті. Шеру, ескерткіштің алдында митингпен және гүл шоғын тағзым етумен аяқталды. Шеруге 276 ұстаздар, ата-аналар, 216 тәрбиенушілер қатысты.

Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні қарсаңында білім беру ұйымдарында сынып сағаттарын, байқауларды, конференцияларды, Ұлы Отан Соғысы ардагерлермен кездесулерді өткізу дәстүр болып қалыптасты. Жалпықалалық іс-шараға 10000-нан астам жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, балабақша тәрбиенушілері, ұстаздары қатысады. «Бесмертный полк» шеруге 1000-нан астам білім алушылар қатысады.  

Оқылды 97 рет