ведутся работы Павлодар қаласының 40 астам кәсіпорыны су тасқынынан зардап шеккен СҚО тұрғындарына көмек көрсетті
Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 16:28

Павлодар қаласының 40 астам кәсіпорыны су тасқынынан зардап шеккен СҚО тұрғындарына көмек көрсетті

Су тасқынының әсерінен Солтүстік Қазақстан тұрғындары зардап шегіп, кейбір елді мекендер су астында қалды. Осыған байланысты облыста төтенше жағдай жарияланды. 

Павлодар қаласында «Нұр Отан» партиясы филиалымен су тасқынынан зардап шеккендерге өз еркімен көмек көрсету жиыны ұйымдастырылды:

-              Тұрғын үйлерді қалыпқа келтіруге арналған құрылыс материалдары;

-              Азық-түлік (ұн, қант, жарма, өсімдік майы, картоп және т.б. тез бұзылмайтын азық-түліктер);

-              Зардап шеккен азаматтарға киімдер (жаңа).

Павлодар қаласынан Петропавлға барлығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларынан 30 тонна жүк жіберілді.

Солтүстік Қазақстан облысының зардап шеккен тұрғындарына өз еріктерімен көмек көрсеткен тұрғындар мен кәсіпорындарға алғыс білдіреміз, атап айтқанда, «Турабай» құрылыс компаниясы, «ПМХЗ», «Риза ПВ», «Зерноград», «Крендель», «Радуга», «Аслан», «Атыгай плюс», «Радуга», «ОП «Арыстан секьюрити», «Богатырь Транс» ЖШС, «Манақбай», «ЦУМ» (ескі), «Барыс», «Сенім», «Отау», «Гулливер» сауда үйлері, «Эрзи» «Лидер», «12 Месяцев», «Строймарт» дүкендері, «Ақ Отау» мейрамханасы мен «Вокзал для двоих», «Божья коровка» дәмханалары, «Асыл», «Караван», «Алатау», «Затонский», «Полина», «Көктем» базарлары,  «Стужук», «Рябуха», «Жардина», «УТЦ «Рахмет» жеке кәсіпкерлері, «Ұлан» фермерлік шаруашылығы, «Халық банк», «РБК банк»банктері, «Қазақтелеком», «Трамвай басқармасы» акционерлік қоғамдары, «№5 емхана», «№ 1 Павлодар облыстық перинаталды орталығы», «Павлодарский областной комитет общества Красного полумесяца РК» қоғамдық ұйымдары, «Ветеранов и инвалидов афганской войны и локальных воин города Павлодара и Павлодарской области» қоғамдық қоры, Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары, Павлодар ауылының әкімдігі.

Оқылды 37 рет