Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 17 Мамыр 2017 18:23

Сібір жарасын алыдын алу

Сібір жарасы – организмнің ауыр улануымен, лимфалық түйіндерінің зақымдануымен сипатталатын жіті жұқпалы ауруы. Көбінесе терілік түрде, сирек ішек, өкпе және септикалық түрде өтеді.

         Жұқпа көзі – жылқы, түйе, ірі және ұсақ қара мал. Жұқпа қоздырғышының резервуары болып топырақ қызмет етеді. Топырақта сібір жарасының микробтары 10 жыл бойы сақталады (100 жылға дейін), топырақ ошағының өмірін сақтайды.

         Ең үлкен қауіпті орналастырылмаған сібір жаралық мал қорымдары жанындағы аймақтарда малдарды бағу, сондай-ақ мал өлімі орын алған жайылымдар және мал өліктерін рұқсат етілмеген көму жерлері болып табылады. Сібір жарасымен көбінесе екпе егілмеген жануарлар ауырады.

         Ауру малдың қоздырғышы өлер алдында түрлі нәжіспен сыртқа шығады (несеппен, боқпен, қанды бөлінділермен), өліктің қаны сібір жарасының таяқшаларына толы, ол өз алдына жануардан алынатын өнімдерді жұқтыруға әкеледі. Ауыру жануардан алынған шикізат (жүні, терісі) және одан жасалған заттар көп жылдарға дейін қауіпті.

         Ауруды адамға жұқтыру қатынасқа түсу жолымен жүзеге асырылады (мал етін бұзу, теріні өңдеу кезінде және т.б.) және спорамен ластанған азық-түліктерді тамаққа пайдалану кезінде, сондай-ақ шикізат арқылы (ауру малдың терісі, жүні, сүйегі). Инкубациялық кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін.

 

Сібір жарасы ауруының себебі келесілер болып табылады:

  1. алдын ала ветеринарлық қараусыз ауру малдарды өз ауласында сою, мал етін бөлу, терісін алу және ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтамай өлген малдардың өлігін көму;
  2. ауру малдарды күту кезінде жеке гигиенасының ережелерін бұзу;
  3. ауру малдан алынған еттен тамақ дайындау;
  4. құрылыс агротехникалық гидромелиоративтік және басқа жер жұмыстарының барысында ауру жұқтырған топырақпен қатынасқа түсу.

Сібір жарасының жеке және қоғамдық алдын алу шаралары:

  1. сібір жарасына қарсы ауыл шаруашылық жануарларына екпе жүргізу;
  2. мәжбүрлі сойылған жағдайда ет пен басқа ет өнімдерін сатуға тыйым салынады.

Жануарлар сібір жарасынан өлген кезде олардың тұтас еті отқа жағылады, ал одан алынған өнімдер жойылады. Ауру малмен немесе адаммен қатынасқа түскен тұлғалар 2 апталық белсенді дәрігерлік қаралудан өтуі қажет.

Оқылды 265 рет