Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 29 Маусым 2017 11:49

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстанның кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты  2017 жылы өткізуі басталғанын хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады.

Конкурс лауреаттарының атақтары үш санат бойынша:

1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;

2) орта кәсіпкерлік субъектісі;

3) ірі кәсіпкерлік субъектісі;

және мынадай номинациялар бойынша беріледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек қызметі жүрісінде жұмысшылардың денсаулығын сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасаған ұйымдардың қызметі қаралады.

3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4) «Экологияға қосқан үлесi үшiн». Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді.

Бұл материалдардың құрамына:

1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).

Материалдарқағазжәнеэлектрондытаратушыларда 2017 жылғы 1 тамызға дейін ұсыну қажет.

Анықтамаларды алу үшін үйлестірмелі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар облыстық басқармасына келесі мекен-жай бойынша жүгіну қажет: Павлодар қаласы Ленин көш. 59, 211 кабинет, телефон 764022, электрондық мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., немесе Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі мекен-жай бойынша: Павлодар қаласы, Кривенко көш. 25, 101 кабинет, телефон 321197, электрондық мекен-жай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Оқылды 160 рет