Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 29 Маусым 2017 12:27

Павлодар қаласы ТЖ басқармасы судағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық рейдтер өткізеді

Жаз – табиғаты демалыс және ойын-сауық кезі. Бірақ кейде азаматтар ұмытып кетеді, жақсы демалыс – бұл қауіпсіз демалыс. Павлодар қаласында ресми түрде тек арнайы жабдықталған орындарда суға шомылуға рұқсат етілген – бұл Орталық жағажай мен Усолка өзенінде жағажайларында. Осы орындарда құтқару жасағының тұрақты кезекшілік жүргізіледі, түбін тексеру жұмыстар жүргізіледі, арнайы ескерту белгілері орнатылған. Бірақ, өкінішке орай, кейбір қала тұрғындары бұл қауіпсіз жағажайларда демалуға қаламайды, олар суға шомылу рұқсатсыз етілмеген орындарда демалады. Нәтижесі ретінде – өлім және зақымдау.

Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері суда халықтың қауіпсіздігін алдын алу мақсатында, апта сайын ресми, сондай-ақ рұқсат етілмеген – демалыс орындарында рейдтер өткізеді.

Сондай-ақ бұл іс-шаралар рейдтер теплоходтарда жүргізіледі, онда күн сайын 2 мыңнан астам адам серуендейді. Азаматтарға жадынамалары таратылады, онда екі тілде, егжей-тегжейлі және жағасында және суда мінез-құлық ережелері қол жетімді жазылған. Теплоход бірінде «Судағы қауіпсіздік – әркімнің ісі!" перетяг орналастырылған, ол өз ауқыммен және көркімен халықтың назарын тартады. Басқарма қызметкерлері судағы қауіпсіздік шаралары туралы, суда төтенше жағдай болса бірінші не істеуге және зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек қалай көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарың жүргізіледі.

Осындай іс-шаралар жаз бойы шомылу маусымы аяқталғанша дейін жүргізілетін болады, біз үміттенеміз бұл жұмыс өз нәтижесін әкеледі. Бірақ әрбір азамат есте сақтау керек: "Спасение утопающих – дело рук самих утопающих!"

Павлодар қаласы

Төтенше жағдайлар басқармасының

ТЖ алдын алу тобының бас маманы

Р.О. Биахметова

 

Оқылды 342 рет