Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сенбі, 01 Шілде 2017 11:19

Бейіндік лагерде балаларды түрлі кәсіпке үйретеді

Оқушылардың жазғы практикасы аясында Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемөнер мектебінде 22 маусымнан бастап бейіндік лагерь маусымы ашылды. Бейіндік лагердегі сабақтар ерекшелігі бейнелеу өнерін оқығысы келетін, керамикамен жұмыс жасағысы келетін, киіз түткісі, витражды салғысы келетін, авторлық қуыршақтарды дайындағысы келетін, майлы бояумен салынатын суреттерді салғысы келетін мектеп оқушылары мен балаларының әртүрлі бағыттағы топтарды қалыптастыру болып табылады.Әр топ бір кәсіппен айналысады және шығармашылық жұмыстар жасайды. Бейіндік практика балаларға ұсынылған кәсіптен өзін қызықтыратын және жаңашыл біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл шығармашылық үрдіске қоса, бос уақытты жарқын әрі есте қаларлықтай қылып ұйымдастыру болып саналады.

Бейіндік лагерде 100 оқушы есептелінеді, оларға сабақ қызықты және олар сүйіспеншілікпен сабаққа қатысады.Ольга Ивановна Ловина суретші-педагог жетекшелігімен оқушылар киіз түту техникасы мен әр оқушы панно жасайды, олардың барлығын жалпы композицияға қосып, мектептің көрме залын рәсімдеді. Сәуле Бейбітханқызы Пернебаева шебер-педагог жетекшелігімен олар саз бен амос каркасынанавторлық қуыршақтар жасап, әртүрлі өрнектермен әсемдейді. Тек мектеп оқушылары ғана емес, балалар да мұндай жұмысты сүйіспеншілікпен атқарады. Бейіндік лагердің аяқталуымен жұмыстар көрмесі ұйымдастырылады, 3 шілдеден Усолка мөлтек ауданының мектеп алды лагерь оқушылары тамашалай алады. 

Оқылды 433 рет