Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 15:32

Жас авиа модельдеушілердің сәттілігі

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бойынша республикалық жарысына облыс атынан Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің авиа, кеме, авто модельдеушілері қатысты. Жарыста 12 - 15 жас аралығындағы мектептің 8 тәрбиеленушілері 12 модель ұсынды.

Жарыс қорытындылары бойынша авиамодельдеу үйірмесінің тәрбиеленушілері 3 жүлделі орындарға ие болды. I-орын, Леонид Троян, 12 жаста, «Кордтық модель «Жартылай көшірмесі» авиамодель классы, II-орын, Дмитрий Кабанов, 12 жаста, «F-3-P пенолеттер» авиамодель классы, III-орын, Асқар Іслямов, 14 жаста, «F-3-G планерлері » авиамодель классы, жетекші мектеп ұстазы Сергей Федорович Соц. Жарыс жеңімпаздары медаль, диплом, құнды сыйлықтармен белгіленді. Барлық қатысушыларға Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының сертификаттары берілді.

Жарысқа қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан 10 - 18 жас аралығындағы жас модельдеушілер жиналды, жарыс спорттың техникалық түрінде ұйымдастырылды: робототехника, авиа модельдеу, кеме модельдеу, зымыран модельдеу және авто модельдеу. 

Оқылды 147 рет