Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 07 Шілде 2017 12:46

Астана күні аталып өтті

Павлодар қаласының орталық жағажайы және қаланың мәдениет мекемелерінде 5-9 шілде күндері аралығында 40-тан аса мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылылып Астана күні аталып өтті.

Астана күні қарсаңында 6 шілде күні кезегін күткен тұрғындарға 108 пәтерлі Павлов 102/3 тұрғын үйінің кілттері табысталып және жаңа жағажайдың салттанаты ашылу рәсімі орын алды.

Аталмыш тұрғын үй «Өңірлерді дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Сарыарқа» жаңа шағын ауданында мемлекеттік бағдарламалар бойынша құрылыс нарығында өздерін жақсы жағынан көрсете білген «Жәрдем» ЖШС компаниясымен салынды. Астана күні қарсаңында жаңа қоныстарын кезегін күткен жергілікті атқару органдарының және жилстройжинақбанкі бағдарламасының салымшылары атап өтті. Жаңа құрылыстың жалпы құны 756 млн. 349 мың теңгені құрады.

Павлодар қаласында 2017 жылы «Сарыарқа» шағын ауданында 5 жаңа тұрғын үйдің кілттері табысталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Астана күні қарсаңында Ертіс өзенінің жағалауында ұзындығы 400 метр жаңа жағажайдың (Лермонтов көшесінен «ҚазТрансОйл» АҚ дейін) ашылу рәсімі болды.

Жағажайда «АйСу Мелиорация» ЖШС мердігер ұйымымен жер асты және жер беті суларын бұру, жер беті еңістігін топырақ қабатымен нығайту, қарау алаңдарын құру, аумақты көгалдандыру, суару суқұбырының құрылысы, жарықтандыру (218 жаңа шам орнатылды) жұмыстары жұргізілді. Сонымен қатар, жаңа тротуар – жаяу жүргіншілер жолындарына жолжиек тастары және асфальт төселді және де 63 архитектуралық пішіндегі (урналар, орындықтар) орнатылды.

6 шілде күні қала тұрғындары мен қонақтары сағат 12.00-ден бастап 15.00-ге дейін орталық жағажайда Қазақстан эстрада жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақат және ағайынды Жүгінісовтердің қатысуымен Астана күніне арналған мерекелік концертті және «Болашақ қуаты» театрландырылған қойылымын тамашалады.

Сонымен қатар, орталық алаңда қала тұрғындарына және балаларға арналып «Большой аттракцион»- ойын қалашығы (батуттар, машиналар), «Елімнің жүрегі – Астана!» - тілектер стенді, «Менің Астанам!» - Астана қаласының макеті – астана бойынша кішігірім саяхат, «Жеңісім саған, Астана!» - спорттық – ойын, Арт – бульвар, фотокөрме, «Тебе, моя столица, творчество дарю!» - музыкалық – ақын, бард өнерлері, «Ару қала- Астана» - әуе шарларының фестивалі, «Туған күніңмен – Астана» - мерекелік торт (әр қалаған адам үлкен тортты гүлдермен безендіру), жұлдызбен фотоға түсу – тантамареска зоналары ұйымдастырылды.

«Құлагер» ипподромында спорт сүйер қауым ұлттық ат спорты түрлерінен қалалық ашық біріншілік және «Қазақ күресі» республикалық ашық турнирін тамашалай алды.

Мерекелік бағдарлама Павлодар қаласының шығармашылық ұжымдарының, КВН командаларының, Қазақстандық «Кешью» және «Родина бэнд» топтарының және Шетел эстрадасының жұлдызы доктор Албанның өнер көрсетуімен жалғасты.

Кешкілік мерекелік концертті халық аксыға күткен от шашу қорытындылады.

Оқылды 418 рет