Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 05 Шілде 2017 17:34

Павлодар қаласында «Life fitness club» жаңа фитнес орталығы ашылды

Елімізде шағын және орта бизнеске қолдау білдіру мемлекетіміздің ең маңызды саяси бағыттарының бірі болып табылады. Республика азаматтарының әл-ауқатын көтеру және экономикалық дамыған мемлекет құрудағы әр жеке кәсіпкердің өмірлік белсенді бағыты және сындарлы бастамалары белсенді түрде қолдауға ие болып кең насихатталуда.

2017 жылғы 5 шілдеде еліміздің астанасы Астана күнінің 19-жылдығын мерекелеу қарсаңында Павлодар қаласында Лермонтов көшесі 50/3 мекен-жайы бойынша жаңа фитнес орталық «Life fitness club» ашылды.

Аталмыш жаңа ғимараттың бой көтеруі «Даму» қоры бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында «Керемет ПВЛ» ЖШС қатысуымен жүзеге асырылды.

Жобаның жалпы құны 62 млн. теңгені құрады. Орталық америка өндірісінің «Life fitness»фирмасының заманауи бағыттағы спорттық құралдарымен жабдықталған, сонымен қатар киім ауыстарын бөлмесімен, душ бөлмесі және саунамен жабдықталған. Залдардың жалпы сыйымдылығы – 220 адам.

Жаңа фитнес-клубтың деңгейін бағалау үшін Павлодар қаласының атақты спортшылары да келді: классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионы, жасөспірімдер арасындағы жекелей жаттығулардан әлем чемпионы Илья Котенов және шалқалай көтеруден әлем және Азия чемпионы Алия Толегенова. Спортшылар қаламызда тек қана кәсіби спортшылар ғана шұғылданатын орталықтар ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының спортпен шұғылдануына барлық мүмкіндіктер жасалған осындай орталықтардың да ашылуы орынды екенін атап өтті.

Оқылды 319 рет