Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 10 Шілде 2017 17:44

Рахымжанов Ержан Мэлсұлы Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды

Павлодар қаласы әкімінің өкімі бойынша Рахымжанов Ержан Мэлсұлы Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Ержан Мэлсұлы Рахымжанов 1958 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Жылыбұлақ ауылында туған. Ұлты – қазақ. Үш жоғары білімі бар. Павлодар педагогикалық институты- математика пәнінің мұғалімі. Инновациялық Евразия университеті - мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры. Инновациялық Евразия университетінің магистратурасы - экономика ғылымдарының магистрі. Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі.

Еңбек жолын 1980 жылы Баянауыл ауданы Қызылтау сегіз жылдық мектебінің директоры болып бастады.

1983-1991 жылдары Баянауыл, Екібастұз аудандарының орта мектептерінде директор.

1991-1994 жылдары Алматы қаласының Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасының аға оқытушысы.

1995 - 1998 жылдары Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Жылыбұлақ ауылының әкімі.

1998 - 2001 жылдары Павлодар облысы бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші, бас маманы.

2001 - 2006 жылдары Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің бас маман-кеңесшісі.

2006 - 2008 жылдары Май ауданы әкімінің орынбасары.

2008 - 2011 жылдары Ақсу қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары.

2011 - 2012 жылдары Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары.

2012 - 2013 жылдары Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

2013 жылдың 14 қаңтарынан 2014 жылдың 26 желтоқсанына дейін Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы.

2014 жылдың 26 желтоқсанынан 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдың 10 шілдесінен Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Оқылды 196 рет