Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сенбі, 08 Шілде 2017 10:33

Аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оқу үздіктерінің Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне баруы туралы

Қала әкімі Н. К. Әшімбетовтың ынтасы бойынша жергілікті бюджеттен аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оқу үздіктеріне, жалпы 2874 оқушыға Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу үшін ақшалай қаражат бөлінді.

Халықаралық көрмеде: әр түрлі елдердің тақырыптық және бірлескен павильондары бойынша экскурсияны көретін болады; индустрияландыру саласындағы жаңаша жетістіктер мен әзірлемелермен танысады; ұлттық Қазақстан павильонына және түрлі ойын-сауық нысандарына қатысады.

2017 жылдың 7 шілде күні сағат 21.40-та Павлодар қаласы мектептерінің оқытушыларымен бірге 90 баладан тұратын бірінші топ (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) теміржол вокзалынан жолға шықты.

Сонымен қатар, 16 мыңнан аса 4 - 11 сыныптың оқушылары көрмеге тегін билеттер алатын болады. Олардың қатарына: зияткерлік байқаудың, олимпиада қатысушылары мен жеңімпаздары, көркемөнерпаздар қатысушылары мен қаланың ең үздік спортшылары кіреді. Дәл осы мақсатта бюджеттен 75,0 млн.теңге бөлінді.

«Болашақ энергия» ЭКСПО - 2017 көрмесіне қатысу, балаларға баламалы энергия қорының қайта жаңаруын пайдалану саласындағы жетістіктер мен келешегін және оның экологиялық тазалығын, төмен бағамен пайдалауын, қоршаған ортаға зияны жоқ екені сияқты артықшылықтарын көруге мүмкіндік береді. 

Оқылды 373 рет