Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сәрсенбі, 12 Шілде 2017 10:53

Павлодар қаласы балалар техникалық мектебінде «Жас техник шеберханасы» модулі ашылды

100 шаршы метр аумақты қамтыған жаңа шеберхана қаланың балалар техникалық мектебінің тәрбиеленушілеріне арнап салынды. Сонымен бірге, жергілікті бюджеттен жалпы құны 3 млн. 887 мың теңге қаражат бөлініп, жас техниктер мектебіне әр түрлі заттардың бөліктерін жасауда қолданылатын жылдам әрі ыңғайлы және экономикалық тұрғыдан тиімді кәсіби жабдықтар алынып орнатылды.

Жас техниктер әуе ұшақтарын модельдеу, кемені модельдеу, жолдарды модельдеу үйірмелерінде заманауи фрезерлік–өрнек салу құрылғыларымен әр түрлі заттың кез келген күрделі бөліктерінің үш түрлі проекцияларын дайындап және лазердің көмегімен екі өлшемді объектілерді кесіп жұмыс жасай алады. Заманауи токарлық станоктар бөліктерді айналдырудағы жылдам сандық есептегіштің көмегімен жоғары дәлдікпен өңдеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жаңа «Жас техник шеберханасы» модулінің құрылысына Павлодар қаласы әкімдігінен шамамен 12 млн. теңгедей қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта аталған балалар техникалық мектебінде 600-ден аса бала тәлім алуда. Жалпы техникалық мектепте 17 үйірме жұмыс жасайды, олардың ішінде әуе ұшақтарын модельдеу – 3, кемені модельдеу – 1, әскери техника – 2, робот техникаксы –1, жолдарды модельдеу – 1, радиоэлектроника – 1, сәндік-қолданбалы өнер – 8.

 

Оқылды 321 рет