Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 17 Шілде 2017 11:34

Павлодарда қала күні аталып өтті

Павлодар қаласында Қала күні мерекесіне арналып 30-дан аса мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды.

15 шілде күні Гагарин саябағында алғаш рет қазақ эстрадасының жұлдызы Тамара Асардың және Ертіс өңірі жазушылары мен ақындарының қатысуымен «Кітапқұмар Павлодар»-«Павлодар читающий» Open Fest фестивалі ұйымдастырылды. Аталмыш фестивальге: Арман Қани, Эрнест Соколкин, Сүлеймен Баязитов, Юрий Поминов, Ғалымбек Жұматова, Татьяна Окольничий, Акын Алақанұлы, Талғат Ғарипов, Шолпан Байғалы, Елена Игнатовская қатысты. Фестиваль аясында «Сүйікті кітабыңа дауыс бер» акциясы, талантты адамдармен кездесу, сурет көрмесі және пленэр, сирек кітаптар көрмесі, оқу залы-дәмхана, интеллектуальдық бағана, ойындар, викториналар мен автограф-пати, балмұздақтар, сусындар және кітап түріндегі жүлделер және де «Читальня» кафесі ұйымдастырылды.

Орталық жағажайда «Ажары айшықты гүл қалам» күндізгі мерекелік бағдарламасы аясында қала тұрғындары, қала қонақтары және балаларға арналып «Aqua город» алаңы, отбасылық-ойын алаңы (конкурстар, викториналар),«Солнечный город» балалар ойын алаңы, «Қарбыз жауһары – Шедевры из арбузов», «Ажары айшықты гүл қалам» фото көрмесі, география үйінің көрмесі, техникалық мектептің көрмесі, халықтық қолданбалы өнер бұйымдарын сату көрмесі, стритболдан, жағажай футболынан мерекелік турнир, гір көтеру, армрестлинг, ауыр атлетика, дартс және көңілді старт бойынша мерекелік турнир,ұлттық ойындар мен жарыстар алаңы зоналары жұмыс жасады.

Кешкісін төменгі жағалауда «Ертеңі бар арман кала!» мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Қала күнінде үш павлодарлық азамат «Павлодар қаласының құрметті азаматы» атағын алды. Балғожин Әнуарбек Мұхамеджанұлы – қаланың құрылыс саласының ардагері, сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде атсалысып, Павлодар және Екібастұз қалаларында депутаттыққа сайланды. Троцкий Василий Васильевич – Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, алюминий зауытының құрылысына өз үлесін қосты. Қызмет атқарған кезеңінде қаланың қоғамдық жұмыстарына үнемі қатысты. Оразғалиев Болат Дүйсенбекұлы – денсаулық сақтау саласының ардагері, аталмыш саланың дамуына қомақты үлес қосты.

Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің басшысы қызметін атқарған кезеңінде Ертіс, Екібастұз, Шарбақты және Лебяжі ОАА, Павлодар қаласында неоноталдық орталық, балалар үйі, балалар тіс емханасы, облыстық қан орталығы, ЖҚТБ орталығы, 2-ші емхана, 3-ші емхана, қазіргі Республикалық наркология орталығы, облыстық балалар ауруханасы, жедел жәрдем бөлімшесі және БСМП, Екібастұз қаласында балалар ауруханасы, перзентхана, бірқатар амбулаторлық орталықтар және ФАП салынды.

Сонымен қатар, жылдың ең үздік «Құрылыс компаниясы», жылдың «Табысты кәсіпкері», ең үздік «Жергілікті полиция қызметінің қызметкері», «Павлодардың жаңа өндірісі», «Үздік спорт және денешынықтыру қызметкері», «Үздік аула», «Өз саласының ең үздік қызметкері», «Ең үздік оқу-тәрбие жұмыстары» номинациялары табысталды.

Мерекенің қонақтары үшін Павлодар қаласының шығармашылық ұжымдары, Қазақстан эстрада жұлдыздары Дана Кентай, Луина, «Mysterions» тобы және Шетел эстрадасының жұлдызы Ингрид өнер көрсеті.

Кешкілік мерекелік концерттік бағдарламаны от шашу қорытындылады.

Оқылды 345 рет