Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 27 Шілде 2017 11:14

Аулаішілік аумақтарды абаттандыруға арналған аулаларды іріктеу байқауының бірінші және екінші кезеңдерінің қорытындылары.

Ағымдағы жылы Павлодар қаласында 131 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда, оның құрамына көлік жүретін, жаяу жүргіншілер жолдарын асфальттау, жиектастар орнату, контейнер алаңшаларын қоршау және асфальттау жұмыстары кіреді.

Бекітілген жұмыс тобымен асфальттауға жататын тұрғын үйлердің алғашқы тобы анықталды.

1 топ – құрамында 30 үйді қамтитын тұрғын үйлер «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» (Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту) бағдарламасы аясында жөнделді. Қазіргі уақытта 15 үйдің ауласына толықтай асфальттау жұмыстары жүргізіліп, 6 тұрғын үйдің ауласына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аулалардағы асфальт төсемесінің қанағаттанарлық жағдайына байланысты 9 тұрғын үйдің ауласына ішінара асфальттау жұмыстары жасалып, жаяу жүргіншілер жолдары, контейнер алаңшалары қалыпқа келтірілді.

2-топ – бұл жоблау-сметалық құжаттамасы жасалған тұрғын үйлер (13 жоба соның ішінде 32 тұрғын үй). 19 тұрғын үйдің ауласындағы жұмыстар өз мәресіне жетіп, 3 тұрғын үйде жұмыстар жүргізілуде және де 10 тұрғын үйдің ауласын асфальттау жоспарлануда.

3-топ – бұлар ERG компаниясымен жасалған келісімшарт аясында асфальттауға жататын тұрғын үйлер. Баа аяғы 6 тұрғын үй, олардың ішінде 3 үйге толықтай асфальттау жұмыстары жүргізіліп, ал қалған 3-інің асфальт төсемелеріндегі және жаяу жүргіншілер жолдарындағы ой-шұңқырларына жөндеу жұыстары жүргізілді.

4-топ – бұлар ортақ мүлік объектісі кондоминимумын сақтаудағы тұрғындардың бастамаларымен және қызмет көрсететін ұйымдардың тиімді жұмыстарының нәтижесіне сәйкес байқау комиссиясының іріктеуінен өткен тұрғын үйлер.

Павлодар қаласы әкімдігімен аулаішілік аумақтарды абаттандыруға және спорттық алаңқайларды орнатуға арналған аулаларды іріктеу байқауының ережесі жасалды, сонымен қатар қоғамдық кеңес, қалалық мәслихат депутаттары, ПИК Ассоциациясы өкілдерінен құралған байқау комиссиясының құрамы анықталды. Бағалау критерийлері бектілді.

Байқаудың 1 кезеңінде 25 тұрғын үй іріктелініп алынды. Олардың ішінде 10 тұрғын үйдегі асфальттау жұмыстары аяқталып, 15 тұрғын үйде жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде.

2 кезең бойынша, байқау комиссиясымен тағыда 25 тұрғын үй таңдалып алынды.

Осыған сәйкес, 2017 жылғы 26 шілдедегі жағдай бойынша 50 үйдің ауласына толықтай асфальттау жұмыстары жүргізілді, 12 тұрғын үйдің ауласына ішінара асфальттау жұмыстары жүргізіліп, контейнер алаңшалары, жаяу жүргіншілер жолдары қалыпқа келтірілді, 24 үйде аталмыш жұмыстар жүргізілуде, және де 35 тұрғын үй өз кезектерін күтуде.

Сонымен қатар, 3 тұрғын үйдің ауласына 1 май көш. 385, Гагарин көш. 26, Гагарин көш. 64, асфальт төсемесі төселіп, «Самрұқ Қазына» қорының есебінен спорттық және ойын алаңқайлары орнатылды.

Және де қаладағы аулаларда да ағымдағы жұмыстар жүргізілуде. Өтініштер қызмет көрсететін ұйымдар арқылы тұрғын үй инспекциясы бөлімінде қабылданады. Жұмыстар Химгородок ауданынан (Айманов және Торайғыров көшелері) басталып, Ак. Бектұров және Лермонтов көшелерінде жалғасын табады. Қазіргі уақытта 44 үйдің ауласындағы шұңқырларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп қоданысқа берілді.

 Приложение 1.docx

Приложение 2.docx

Приложение 3.docx

Приложение 4.docx

Приложение 5.docx

Приложение 6.docx

Оқылды 164 рет