Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 01 Тамыз 2017 16:17

Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі көшелердегі жарнама құрастырылымдарына жүргізілген мониторингтің қорытындысын жасады.

Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімімен қалада орналасқан жарнама құрастырылымдарының заңға сәйкес орнатылуы және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында 13 иесіз және заңсыз орнатылған жарнама құрастырылымдары (билборд) анықталды. Аталмыш құрастырылымдардың 10 данасына (ТҮКШ бөлімінің ведомстваға бағынысты ұйымдары есебінен) бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қалған 3 құрастырылымды осы аптаның соңына дейін бөлшектеу жоспарлануда. Бұлар Ломов – Ворушин, Кутузов – Амангелді және Б. Айналмалы жолы – Щедрина көшелерінде орналасқан.

Сонымен бірге, қала көшелеріне тұрақты түрде тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұрады, тексеріс барысында көбінесе рұқсатсыз жерлерге орналастырылған жарнамалар анықталады. Олар жарнама тіреуіштері, көшені жарықтандыру тіреулеріндегі жарнама баннер-афишалары, ағаштардағы, жол жиегіндегі қоршаулардағы сияқты жарнамалар. Аталмыш жарнамаларды орналастыру үшін архитектура бөлімімен келісілмейді, сонымен қатар бюджетке салық төлемейді. Осындай жарнама иелеріне тиісті іс-шаралар қолданылады.

Осындай тексерістердің нәтижесінде, 2017 жылы ғиматараттардың қабырғаларындағы және қоршаулардағы, соның ішінде трамвай тіреуіштеріндегі 93-тен аса объектіні (кішігірім жарнамалар: қағаз афишалар сияқты, тіреуіштер, баннер-афишалар, лайтбокстар) бөлшектеу жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы « Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 505 бабына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында және Павлодар облысының абаттандыру қағидаларына сәйкес бөлім хабарландырулардың, қысқа мәтінді суреттердің және түрлі ақпараттық материалдар жазылған үнпарақтардың рұқсат етілмеген жерлерге орналастырылуының алдын алу шараларын жүзеге асыруда.

Айыппұл құны қазіргі таңда 20-дан 40 МРП-ға дейнгі соманы құрайды. Ағымдағы жылы облысымызда 27 тұлғаға айыппұл салынды. 95 хабарландыру (архитектура бөлімімен) және ескертулер (жергілікті полиция қызметімен) жіберілді.

Павлодар қаласының архитектура және қала құрылысы бөлімі және қаржылық жарнама агенстваларымен («Цитадель» ЖШС, «Пик Тайм» ЖШС) бекітілген меморандум аясында қаладағы бос билбордтарға әлеуметтік тақыраптағы жарнамаларды орналастыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта, 60-тан аса әлеуметтік жарнамалар орналастырылды.

Оқылды 285 рет