Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 24 Тамыз 2017 16:07

Павлодар қаласында XII қалалық педагогикалық марафоны өткізілді

Павлодар қаласы педагогтерінің тамыз кеңесі аясында Павлодар қаласында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» XII қалалық педагогикалық марафоны өткізілді. Аталмыш марафон қалалық оқу орындарының әр түрлі мекемелерінде өтті, мәселен Инновациялық Еуразия университетінде, №16, 14 ЖОМ, № 2, 6, 21, 35, 50, 51, 96, 126 балабақшаларында. Марафонға жалпы орта білім беру мектептерінің басшылары, директор орынбасарлары, пән мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, тәрбиешілер, әдіскерлер, сынып жетекшілер, аға-тәлімгерлер, логопедтер, әлеуметтік педагог, психологтер қатысты.

74 марафонсекциясында білім мазмұнын жаңарту, оқу жетістіктерін критериалды бағалау, оқу-тәрбиелеу процессін технологизациялау, іс-тәжірибе мен жаңашылдық , білім беру сапасын басқару сұрақтары бойынша 412 баяндама тыңдалды.

Диалог алаңдарында Инновациялық Еуразия Университетінің, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессор – оқытушыларының құрамынан, Педагогикалық шеберлік орталығы республикалық филиалының жаттықтырушыларынан секция модераторлары болды.

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Педагогикалық альманах», «ИнЕУ жаршысы» жинақтарында жарияланатын, білім беру бөлімінің мадақтамаларымен марапатталған 180 үздік баяндама анықталды.

Секцияда 1200 мұғалім, 1200 мектепке дейін мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері, 325 мектептен тыс ұйымдарының педагогтары қатысты.

Оқылды 306 рет