Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 25 Тамыз 2017 16:46

Павлодар қаласы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі хабарландырады

Павлодар қаласындағы абаттандыру жұмыстарын жүргізу шаралары кезіндегі жүргізілген айлықтың аясында Павлодар қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) қоршаған ортаны қорғау тобының аға инспекторымен және Павлодар қаласы ІІД ЖПҚО полиция бөлімдерінің полиция учаскілік инспекторларымен, 2016 жылғы 3 ақпандағы Павлодар облысы мәслихатының № 427/48 шешімімен бекітілген жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидалары, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың ережесіне сәйкес, заңды және жеке тұлғаларға бекітілген аумағын таза ұстау қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар көптеген бірқатар кәсіпорындарға, ұйымдарға және басқа да бизнес объектілеріне 400-ден аса ескерту жазылды.

Шараларды өткізу барысында ескертуде көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін ҚРӘҚБК 386, 505 баптарына сәйкес төмендегі мысалдар сияқты 18 әкімшілік хаттама толтырылды:

1. Павлодар қаласының абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ЖК «Титенков» сатушысы, азаматша Пейль Д. П., 13.10.1993 ж. т., Қостанай облысы, Пешковка ауылының тұрғыны, ҚРӘҚБК 505 бабы, 2 тармағына сәйкес рұқсат етілмеген жерлерге жарнама парақшаларын жапсырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 68 070 теңге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

2. ҚР әкімшілік кодексінің абаттандыру ережелерін 2 бап бойынша бұзған, дәлірек айтқанда ҚРӘҚБК 505 бабының 1 тармағы бойынша қаладағы жасыл екпелерге зиян келтіргені және жойғаны үшін және ҚРӘҚБК 386 бабы жасыл екпелерді сақтау және қорғау ережесін бұзғаны үшін, Ак. Сатпаев көшесі 34 мекенжайы бойынша орналасқан «PROFF TERRA» сұлулық салонының әкімшісі Гималетдинов Р. М. жауапкершілікке тартылды. Ескерту түрінде әкімшілік тәртіптік жаза берілді.

3. Ломов көшесі бойынша машинақұрастыру зауытына жақын жердегі орман екпелерінің аумағына ваккумдық цистерналы автокөліктен лас суды төккені үшін, азамат Симон С. М. ұсталып және ҚРӘҚБК 505 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 20 АЕК (45 380 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

4. Короленко көшесінде жеке меншік сектордағы үйлердің тұрғындары контейнер алаңдарының аумағына құрылыс қоқыстарын тастаған фактілері тіркелді. Аталмыш үйдің иесі азаматша Саримова С. Т. қатысты ҚРӘҚБК 505 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту түріндегі әкімшілік тәртәптік жаза берілді.

5. Сонымен қатар, Павлодар қаласы солтүстік өнеркәсіп аймағында орналасқан асфальтбетон зауытының қоршауларының жоқтығы және сәйкес қалыпта болмауы үшін, «Дорстрой» ЖШС қатысты абаттандыру ережесіне сәйкес, ҚРӘҚБК 505 бабының 1 тармағы неізінде әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды (68 070) теңге).

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, қаладағы абаттандыру бойынша орын алған құқық бұзушылықтарды байқаған сәтте, жедел түрде Павлодар қаласының ІІД ЖПҚ 37-80-60 сенім телефонына хабарлауларыңызды сұраймыз.

  

Павлодар қаласы ІІД ЖПҚ

аға инспекторы

полиция аға лейтенанты С. К. Асылбеков

 

Оқылды 184 рет