Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Жұма, 25 Тамыз 2017 17:48

Павлодарлық 106 отбасыға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституция күнінің қарсаңына орай Павлодар қаласында «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде екі жаңа үй пайдалануға берілді. Жаңа тұрғын үйдің кілттеріне «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 106 салымшысы ие болды.

2016 жылы «Сарыарқа» ұрғын үй кешенінде «ЗЖБИ Теміртас Павлодар» ЖШС үй құрылыс комбинатының өнімдерін пайдалана отырып, «Тұрабай» ЖШС-мен Ломов көшесі 152/2 және 152/3 мекенжайлары бойынша орналасқан 2 тұрғын үйдің № 4 және № 8 құрылысы басталған болатын.

Аталмыш 9 қабатты 2 подъезды тұрғын үйлер «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынды. Жаңа пәтердің кілттерін облыс әкімі Болат Бақауов және Павлодар облысы бойынша «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалының директоры Талғат Баилов табыстады.

Еске сала кетсек, 2016 және 2017 жылдар аралығында 9 ауданда ЖАО кезегін күтушілерге Шөкин көшесі 157/2 мекенжайы бойынша 1-тұрғын үй және 4 тұрғын үй Павлов көшесі 96/6, Павлов көшесі 96/5, Шөкин көшесі 155/4 және Ломов көшесі 102/3 мекенжайлары бойынша жойылған ағаш үйлердің тұрғындарына көпқабатты тұрғын үйлер тұрғызылып пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2017 жылғы 15 шілдеде қала күні мерекесінде «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 108 салымшысы Павлов көшесі, 102/3 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа тұрғын үйдің иелері атанды.

2017 жылы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 ауданда ЖАО кезегін күтушілерге 2 тұрғын үй және жойылған ағаш үйлердің тұрғындарына арналып 2 тұрғын үй, бас-аяғы көппәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Сонымен қоса, ағымдағы жылдың соңына дейін кезегін күтушілерге Шөкин көшесі 159/3, Павлов көшесі 95/1, Павлов көшесі 93/1 мекенжайлары бойынша орналасқан 3 тұрғын үй пайдалауға берілмек.

 

Оқылды 213 рет