Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 28 Тамыз 2017 17:36

Павлодар қаласына кіре беріс жолдардың бірін енді жаңа стела әсемдедейтін болады

2016 жылдың тамыз айында «Павлодар қаласы архитектура және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен Павлодар қаласының кіре беріс жолындағы стеланың ең үздік эскиздік жобасына байқау жарияланып өткізілді. Павлодар қаласы архитектура-қала құрылысы кеңесінде аталмыш стеланың эскиздік үлгілері қарастырылып, ішінен Исаков Игорь Анатольевичтың авторлық жобасы таңдалып алынды.

Автордың айтуы бойынша, Павлодар қаласына кіре беріс жолдағы стеланы қаланың ерекшелігі мен тарихын, оның дәстүрі мен мыңызын айшықтайтын көпшілікке айқын белгілер және символдарды негізге ала отырып жасаған. «Павлодар» сөзі қаланың Ертіс өзені жағасында орналасқанын айқындап, толқын пішінде орналастырылған. Металлдан жасалған шағала пішіндес элемент күн көзіне шағылысып, одан сайын әрлендіріп тұр. Шаңырақ пішінді үлкен жарты шар дәстүр мен мәдениетті жалғап қаланың барша адамның үйі екені символы ретінде бейнеленген. Айқастырылған тетікті тор металлдан жасалған. Келесі бетінің орталық бөлігінде жолдарыңыз болсын деген тілек білдірілген жазу жазылған. Түнгі уақытта стела архитектуралық жарық шамдармен жарықтандырылады.

Алғашында, кіре беріс жолдағы стеланы Павлодар ауылы маңына орналастыруға Марк Юрьевич «Ишимцев» ЖК жобалық ұйымымен жұмыс жобасы жасалған болатын, кейіннен аталмыш стеланы Ленин кенті маңына орналастыруды жөн санап жобасын жасауға шешім қабылданды.

Ленин кенті маңындағы кіре беріс жолдан берілген аумақтың жергілікті жерінің топографиялық суреті жасалды және есептері жүргізілді.

Қазіргі уақытта, шыға берісте бұрын орналасқан стеланың орнында (Ленин кенті мен Ертіс өзені арасындағы), «Сәулет-ПВ» ЖШС «Ишимцев» ЖК бірлесе отырып стеланы орнатудағы барлық жұмыстарын аяқтады. Аталмыш объект кіші архитектуралық формаға жатады. Стеланың биіктігі - 12,200 м., ені – 15,5 м. Стеланың қаптауышы травертинадан, іргетасы керамограниттан жасалды.

Оқылды 140 рет