Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 31 Тамыз 2017 12:08

Қала мектептерінің бірінде Әскери даңқ мектеп мұражайындағы жаңа экспозицияның ашылуы өтті

Павлодар қаласының № 14 жалпы орта білім беру мектебінің Әскери даңқ мұражайында «Даңқ алқабы» жаңа экспозицияның ашылуыөтті. Жәдігерлерді павлодарлық «Панфиловшылар» іздестіру жасағы әкелген еді.Мұражайдың жаңа бөлімі келушілерге Ұлы Отан соғысының тағы бір кезеңін бейнелейді. Мұражайдың экскурсия жетекшілері қонақтарды Рессейдің Калуга облысы, Мәскеу облысының Можайск ауданындағы іздестіру жасақтарының игілікті істері туралы баяндайтын жаңа жәдігерлермен таныстырды. Экспозицияда неміс барлаушысының қанжары, неміс винтовкасының сүңгі-пышағы, Ф-1 және РГД-42 гранатасының корпусы, жарылған мина жарықшақтары ұсынылды.

Алғашқы әскери дайындық оқытушысы Бақытжан Қырықүшұлы Өтепов басқарған «Панфиловшылар» іздестіру жасағы Рессей Федерациясының іздестіру жасақтарымен бірлесіп, Можайск ауданында қазба жұмыстарын жүргізді. Сол жерде 1941 жылы қазан айында полковник В. И. Полосухиннің қолбасшылығымен 32 атқыштар дивизиясы жауды Мәскеуге кіргізбей, бірнеше күн таңдаулы неміс бөлімін ұстап тұрған.

Іздестіру жұмыстары Калуга облысында да жалғастырылды. Дәл сол жерде әскери атташа және ҚР консулының қатысуымен калугалық «Память» іздестіру тобы павлодарлық іздестірушілерге Қашыр ауданының тумасы, жерлесіміз Пётр Алексеевич Мельниковтың сүйегін берді. Совет әскері солдатының сүйегі отанымызға жеткізілді және Қашыр ауданының Ынталы ауылында әскери құрметпен қайта жерленді.

Мектептің мұражайында экспозицияның ашылуына қаржылай көмек көрсеткен мектептің 1976 жылғы түлегі, кәсіпкер Дмитрий Борисович Поважный (Мәскеу қаласы).  

Оқылды 168 рет