Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 31 Тамыз 2017 15:13

Балдәурен» - бақытты балалық шақ мекені

Міне, осымен Павлодар қаласының балалары үшін «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығындағы ең алғашқы ұмытылмас маусымдары аяқталды.

Балалардың әр қайсысы денсаулықтарын жақсартып, өз қабілеттерін шығармашылық және спорттық іс-шараларда көрсетіп, жетілдіріп, жаңа достар табуға мүмкіндік алды.

Жасөспірімдердің басты жетекшілері, тәлімгерлері балалардың демалыстары қызықты, мағыналы болып өту үшін бар күштерін салды.Шығармашылық бағдарламалар, жарқын би конкурстары, спорттық жарыстар жеткіншектердің қабілеттері шексіз, әр бала өзінше дарынды екендігін көрсетті.

Оқу-сауықтыру орталығындағы бірінші ауысымның оқушыларына шынығып, денсаулықтарын жақсартып алуларына барлық жағдайды жасады.

І ауысымның ұзақтығы – 15 күн. Орталықта Павлодар қаласы мектептерінің 5-9 сынып аралығындағы 10 жастан 15 жас аралығындағы оқушылар сауықтырылды. Күніне 5 рет дәрумен қосылған тағамдармен тамақтандыру ұйымдастырылды.

Балалардың денсаулықтарын нығайту мақсатында жылдам ойындар өткізу, балаларды мейілінше көп уақыт таза ауада серуендету міндетті шарт болды. Балалар көше тренажерларында және батуттарда спортпен шұғылданды. Алтыбақан, гамак, шезлонг балалардың сүйіктілеріне айналды. Суға түсіру үшін 2 бассейн жұмыс жасады. Стадионда ойындар өткізілді: стритбол, футбол, кіші олимпия ойындары, спорттық эстафеталар, пионербол және футболдан жарыстар ұйымдастырылды. Оқушылар шахмат турниріне, тренажер залдарындағы сабақтарға, орталықтың аумағында 20 белгіні карта бойынша іздеу «Следопыт» комндалық ойындарына қатысты. Балалармен музыка мектебі, көркем өнер мектебі және балалар техникалық мектебінің үздік оқытушылары жұмыс жасады. Күнделікті бағдарламада «Стартинейджер» ойын-сауық би кештері, психологпен коммуникативті тренингтер, еңбек десанттары, жылдам ойындар, би кештері ұйымдастырылды.

Шығармашылық шаралар жас әнші, биші, актерлердің қатысуымен таланнтар шоуымен басталды. Байқау барысы, балалардың шығармашылық мүмкіндіктері шексіз екенін көрсетті және де әр қайсысы өздігінше дарын иесі. «Биле, Балдәурен» би байқауы дарынды оқушылардың билеуден әр бағытта жаңа қырларын ашты.

17 тамыз күні «Балдәуренде» орталықтың президентін сайлауы болды. Оған көңілді, дарынды, көшбасшы, қызықты шараларды ұйымдастырушы балалар қатысты. Әр үміткер өзінің сайлау алды бағдарламаларын ұсынды, шешендік қабілеттерін көрсетіп, небір өткір жағдайларды шешуі және актерлік өнерлерін көрсетті. Әр үміткерге өзінің көрермендері қолдау көрсетті. Дауыс беру қорытындысы бойынша бірінші ауысымның президенті болып № 21 ЖОББ 7 сынып оқушысы Айкенов Мохаммет сайланды.

Ең қызықты «Балдәурен – достық аумағы» экономикалық жәрмеңкесі болды, онда балалар өздерінің жеке кәсіпорындарын ашып (сұлулық салоны, пошта, загс, тир, фитнес зал, такси және т.б.) «балдауренки» жергілікті валютасын жинады. Жиналған «балдауренки» валютасымен қай кәсіпорын балалар қалашығына көп қызмет көрсеткені анықталып, жеңімпаз 2-ші жасақтың тәлімгерлері Асхат Асқарұлы және Мария Гщина атанды.

«Алақай, Балдәурен» маусымының салтанатты жабылу рәсімінде ең белсенділік танытқан балалар алғыс хаттармен және «Балдәурен» орталығының белгілерімен марапатталды.

Оқылды 192 рет