Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2017 11:47

Павлодар қаласының барлық мектептерінде білім күні аталып өтті

5 мыңнан астам бірінші сынып оқушыларының алғашқы мектеп қоңырауы соғылды. Қала мектептерінің контингенті жаңа оқу жылына шамамен 40,0 мың адамды құрады, бұл өткен жылғы оқу жылымен салыстырғанда 2,0 мыңға жоғары.

16 мектеп-лицейінің білім күні салтанатты шарасына қала әкімі Нұржан Әшімбетов қатысты. Қала басшысы ұстаздарды, ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім жүйесінде көп реформалардың болмайтынын тек халықаралық стандарттар параметрлері болатынын атап өтті. Оқушыларға алдағы уақытта ақылды болу үшін және елінің патриоттары болу үшін көптеген келесідей жаңашылдықтарды меңгеру қажет: көптілділік, сандық технологияны, робот техника жүйесін.

«Павлодар қаласы білім бөлімі» ММ ақпараты бойынша биыл білім беру жүйесінің даму бюджеті 1,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Қалада 3 ауысымда оқытатын және авариялық мектептер жоқ. 20 мекемеде толық жөңдеу жұмыстары жүргізілді, 20 мектепте мамандандырылған робот техникасы кабинеттері ашылды, мектептерде компьютерлік парк 316 компьютермен толықты, барлық мектептерде спорттық құрал-жабдықтар жаңартылды, 4 мектептің аумағындағы жасанды жабындысы бар футболдық алаңдарға жөңдеу жұмыстары мен орнатылулар өткізілді. 2017 - 2018 оқу жылдарында 8 мектептің 8, 9сынып оқушылары тәжірибе шеңберінде химия, физика және биология пәндерін ағылшын тілін қолдануымен оқиды. Аталған жобаны іске асыру үшін мектептер ағылшын тілі оқулықтарымен жабдықталған, «көптілді» сыныптарда сабақ жүргізгені үшін мұғалімдерге оқу жүктемесін ескермегенде 35,0 мың теңге ай сайын қосымша ақы бөлінеді. 5 мыңнан астам педагог қаланың білім беру ұйымдарында өз еңбек қызметін жалғастырады, оның ішінде мектептерде 3 мыңға жуық мұғалім бар. Жаңартылған бағдарламаларды еңгізу шеңберінде 730 педагог қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Жаңа оқу жылында педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждерден 130 түлек қала мектептеріне келді, солардың ішінде 26 маман ағылшын тілінен білімдері бар. Педагогикалық кадрлармен қамту 100% құрайды.  

Оқылды 239 рет