Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 17:26

Павлодар қаласының барлық жалпы білім беретін мектептері бес күндік оқу кестесіне көшпек

Павлодар қаласындағы барлық жалпы орта білім беру мектептерінің 1-11 сыныптары бес күндік оқу режиміне көшеді деп хабарлайды  қалалық білім бөлімі. Бұл ретте, бес күндік режимде оқу мектептің оқу жұмыс жоспарының инварианттық (міндетті) бөлігі бойынша жүзеге асырылады. Вариативтік бөлігі 6 дамыту – сенбі күні жүзеге асырылады (үйірмелер, факультативтер, таңдау бойынша пәндер).

ҚР БҒМ  Алтынсарин атындағы академияның «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хаты негізінде 2017-2018 оқу жылында барлық 1-11 сыныптарға бес күндік оқу аптасына ауысуға рұқсат беріледі. Бес күндік оқу аптасы туралы шешімді әр мектептің әкімшілігі қабылдайды және оны Қамқоршылық кеңесімен немесе ата-аналар комитетімен келіседі.

Күнделікті оқу жүктемелігін әр мектеп, мектептің мүмкіндіктері мен жағдайларын негізге ала отырып, сабақ кестесін қамқорлық кеңесімен немесе ата-аналар комитетімен келісіп өздігінен анықтайды.

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына өзгерістер енгізілді. Жаңа санитарлық қағидалар барлық жалпы орта білім беру мектептеріне 1-11 сыныптарда бес күндікті енгізуге мүмкіндік береді.

2017-2018 оқу жылында сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды. Сабақты бес минутқа қысқарту жүктемелікті айтарлықтай ұлғайтпай, қосымша сабақты қосуға мүмкіндік береді.

2017 жылғы 24 сәуірде ҚР Білім және ғылым министрі № 182 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының орта білім беру мекемелерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтары» бекітілді.

Үй тапсырмасын орындау: 2 сыныпта – 50 минуттан, 3-4 сыныптарда – 70 минуттан, 5-6 сыныптарда – 90 минуттан, 7-9 сыныптарда – 110 минуттан, 10-11 сыныптарда – 130 минуттан аспауы тиіс.

Осы ұсынымдамаға сәйкес үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады. Қосарланған сабақтарды қандай оқу пәні арқылы жүргізуді әр мектептің әкімшілігі өздері анықтайды.

Мереке және демалыс күндеріне үй тапсырмасы берілмейді. Көркем әдебиетті оқуды, жобалы жұмыстарды орындауды, математиканы тереңдетін оқу үшін есептерді шешуді, бірінші сынып оқушыларына екінші жарты жылдықтан бастап оқуды қоспағанда.

Әр пәнді оқуға бөлінген оқу бағдарламалары және сағаттар саны өзгермейді, бірақ 40-минуттық сабақ арқасында 30 минут босатылады. Яғни, қосымша сабақ қойылған кезде, оқушының мектепте болу уақыты бар болғаны 10 минутқа артады. Үлгілік оқу жоспарына келісілді ең жоғары оқу жүктемелігінің нормасы жалпы орта білім беру мектептерінің 1-11 сыныптарында 24-39 сағатты құрайды.

Мысалы, 2 ауысым оқушыларының сабақтары сағат 14.10-да басталады. 3, 4 сынып оқушыларының ең жоғары жүктемелігі 29 сағатты құрайды (4 күн 6 сабақтан, бір күн бес сабақ). Ең жоғары жүктемелік күні 2 ауысымның 3, 4 сынып оқушыларында сабақтар сағат 18.55-те аяқталады.

Мектептерде сабақтардың ауысымы сынып жинақтарының толықтығын, құрамын негізге ала отырып анықталады және әр мектептің әкімшілігімен регламенттеледі.

Оқушылардың ең жоғары оқу жүктемелігі ҚР БҒМ үлгілік жоспары негізінде жасап шығарылған, мектептің оқу жұмыс жоспарымен анықталады.

Бес күндік оқу аптасы режимінде сағаттар саны 1-2 сыныптарда 4-5 сабақтан, 3-4 сыныптарда 5-6 сабақтан, 5-7 сыныптарда 6-7 сабақтан, 8-11 сыныптарда 7-8 сабақтан болады.

Оқылды 135 рет