Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 31 Тамыз 2017 10:28

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАЙДЫ

Павлодар қаласындағы абаттандыру жұмыстарын жүргізу шаралары кезіндегі жүргізілген айлықтың аясында Павлодар қаласы ІІД жергілікті полиция қызметімен 2016 жылғы 3 ақпандағы Павлодар облысы мәслихатының № 427/48 шешімімен бекітілген жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың ережесіне сәйкес, заңды және жеке тұлғаларға бекітілген аумағын таза ұстау қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар көптеген бірқатар кәсіпорындарға, ұйымдарға және басқа да бизнес объектілеріне 136 ескерту жазылды.

Шараларды өткізу барысында ескертуде көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін ҚРӘҚБК 505 бабына сәйкес төмендегі мысалдар сияқты әкімшілік хаттамалар толтырылды:

1. Павлодар қаласының абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін «Ариопресс» ЖШС өкілі 26.08.1959 жылы туылған, Камзина 62 мекенжайы бойынша тұратын азамат Д. Б. Базарбеков, ҚРӘҚБК 505 бабы, 1 тармағына сәйкес сауда дүңгіршегін тиісті қалыпқа келтірмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескерту түрінде әкімшілік тәртіптік жаза берілді.

2. Павлодар қаласының абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚРӘҚБК 505 бабы, 1 тармағына сәйкес, өзіне тиесілі Ленин көшесі 177 үйдің аумағын тиісті қалыпқа келтірмегені үшін, 27.03.1956 жылы туылған,Ленин көшесі 177 мекенжайының тұрғыны, азамат И. В. Грибас әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бұзушылық жойылды.

3. ҚРӘҚБК 505 бабы, 1 тармағына сәйкес, Павлодар қаласының абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін №19 ЖОББ иекемесінің өкілі, 23.05.1981 жылы туылған, Камзина 68 мекенжайы бойынша тұратын, азамат Н. С. Үсенов №19 ЖОББ аумағына тиесілі тазалық жұмыстарын жүргізбегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескерту түрінде әкімшілік тәртіптік жаза берілді.

 

Павлодар қаласы ІІД ЖПҚ

Оқылды 184 рет