Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A

Павлодар қаласы әкімдігінің

ресми сайты

Бейсенбі, 07 Қыркүйек 2017 12:05

Павлодар қаласында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі

Павлодар қаласының әкімдігі, «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына «Бәйтерек девелопмент» бағыты бойынша қатысуға Павлодар қаласы, Суворов көшесі ,53 және 55 мекен-жайларындағы кейіннен сатылып алынатын жалдамалы 360 пәтерге азаматтардан өтініштер қабылдайды.Соның ішінде 1 бөлмелі пәтерлер саны -144, 2 бөлмелі пәтерлер саны -144, 3 бөлмелі пәтерлер саны -72.

Кейіннен сатылып алынатын жалдамалы тұрғын жай жергілікті атқарушы органның есебінде кезекте тұрған мына санаттарға беріледі:

- көпбалалы отбасылар;

- толық емес отбасылар;

- мүгедек балалары бар немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;

- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- оралмандар;

- 1 және 2-топтардағы мүгедектер;

- мемлекеттік қызметшілер;

- әскери қызметшілер;

- бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Жалдамалы тұрғын жайды алуға үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

1) өтініш;

2) өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің жеке бастарын растайтын құжат;

3) өтініш иесінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің тіркелуі туралы мекенжай анықтамасы;

4) некеге тұру/некені бұзу куәлігі, зайыбының қайтыс болғандығы туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш иесінің некеде тұрмайтындығы жөніндегі нотариуспен куәландырылған өтініш ;

5) өтініш иесінің онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің жылжымайтын мүлігі жоқтығы/барлығы туралы анықтама;

6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама (үлес, саман және каркасты-қамыс түріндегі үйлер, жатақханада бөлме болған жағдайда) , сондай-ақ осы жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

7) басқа тұлғаларды отбасының мүшелері деп тану туралы сот шешімі;

8) соңғы алты айдағы еңбекақы туралы анықтама;

9) тұрғын жайды өз қаражаты және (немесе) қарызға алынатын қаражат есебінен сатып алуға дайындығы туралы өтініш;

10) өтініш берушінің санатқа қатысын растайтын құжаттар (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою ережелерінің8 т. сәйкес).

 

Өтініштер 2017 жылғы 07 қыркүйектен бастап 22 қыркүйек аралығында дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Павлодар қаласы, Ломов көшесі,38 мекенжайында қабылданады. Түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері - сенбі-жексенбі.

 

Оқылды 198 рет